Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


Алғашқы қауымдық діндердің ерекшеліктері



бет123/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
Діндер тарихы

3. Алғашқы қауымдық діндердің ерекшеліктері


1) Алғашқы қауым діндері бір тайпаға ғана тән болды, жалпы сол тайпаның атымен аталды (Га, Маори, Айну, Динка діндері сияқты).
2) Бұл діндер жергілікті болып табылады. Аталмыш діндер әлемдік сипатқа ие болған емес.
3) Бұл діндердің қасиетті кітаптары, жазба әдебиеттері жоқ.
4) Алғашқы қауым діндерінде жалпы алғанда ұлы тәңірге деген сенім бірден көзге түседі. Әр тайпа оған өз тілінде және өзіне тән сипатта ат береді. Бұл ұлы тәңірлік болмыстың сипаттары өзге тәңірлер мен әруақтардан едәуір өзгеше болып келеді.
5) Алғашқы қауымдық қоғамда әр адам діннің заңды мүшесі. Басқа дінді таңдау құқы жоқ.
6) Алғашқы қауымдық қоғамда ненің қасиетті, ненің қасиетті еместігі бір-бірінен айқын ажыратылған. Манаға ие болған нәрсе киелі де қасиетті әрі табуға жатады.
7) Алғашқы қауым адамдары магияны және онымен айналысатын сиқыршыларды аса қадір тұтып, құрметтейді.
8) Алғашқы қауым діндерінде діннің негізін кім салғандығы белгісіз.
9) Алғашқы қауымдық діндерде әруақтың әр түрлі күйде өмір сүретіндігі айтылады, бірақ ол дүние (ақырет) туралы түсініктері бұлыңғырлау, онша айқын емес.

4. Қазіргі таңда өмір сүріп жатқан алғашқы тайпалық діндер


Қазіргі кезде дүние жүзі халқының 5%-ын құрайтын алғашқы қауым діндерін ұстанатын адамдар жалпы төрт континентте де өмір сүреді. Бұл қауымдардың кейібірі үлкен тобыр болып өмір сүрсе, кейбірі жүзден аспайтын шағын топ болып тіршілік етеді. Алғашқы қауым діндері жалпы алғанда тайпалардың атымен аталды: динка, маори, айну, га және пигме діндерін алғашқы қауым діндеріне мысал ретінде беруге болады.
1. Динка діні: Динка дініне сенушілер оңтүстік Суданда өмір сүреді. Динкалар «джок» күш қуат деген мағына беретін адамдардан жоғары тұратын тылсым күштерге сенеді. Бұл күш қуаттарды сонымен бірге «нхиалик» яғни көктегілер деп атайды. Оларға дұға етіп, сыйлықтар ұсынады. Олардың өздеріне жақын екендіктеріне сенеді. Сонымен қатар олар бұл күш-қуаттарды жаратушы деп танып өздеріне күш-қуат, денсаулық беретініне, жаңбыр жаудыратынына сенеді. Дұғалар әрдайым қайталайтын сөйлемдерден тұрады.
2. Айну діні: Айну дініндегі адамдар Жапонияның солтүстік аралдарында өмір сүреді. Олар аспанның ең жоғарғы қабатында деп қабылдайтын «Кандо-Коро-Камно» деген бір ұлы тәңірге сенеді. Олар бұл тәңірдің өте ұзақта екендігіне сенеді. Сондай-ақ бұл тәңірден басқа көптеген тәңір мен рухтарға құрмет көрсетеді. Олар рухтардың кейбіреулерінің жақсы, ал кейбіреулерінің жаман болатындықтарына сенеді. Сонымен бірге ақыретке және ұлы Тәңірдің алдында есеп беретіндіктеріне сенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет