2. Карма мен тәнәсух (ренкарнация)
Үнді діндеріне ортақ «карма» және «тәнәсух» (самсара) сенімдері буддизмде де бар. Карма іс, қарым-қатынас мағынасына келеді, бірақ көбінесе билеуші, осы және келешек өмірде біршама материалдық ықпалы бар заңды баяндайтын термин. Бұл термин, ежелгі ведалар кезеңінен кейінгі упанишадтар дәуірінде пайда болды. Карма осы және келешек өмірдегі әлеуметтік ерекшеліктер, жақсы-жаман тағдырдың алдыңғы өмірде істеген жақсылы-жаманды істерінің нәтижесі екендігін көрсетеді. Буддадан алдын карма осылай танылған. Карма адамның өмір сүріп жатқан каста жүйесі бойынша өзгермейтін міндеті, біршама мәжбүри тағдыр түсінігі. Будда қалаумен әрекет етуге ишарат жасаған. Әрбір нәрсе істелген әрекетке, ол түсінікке байланысты. Карма, Буддизмде түсінілуі қиын тәндік күш ретінде қарайды. Кармадан шығу арқылы өмір жауһары, негізгі біліміне жаңадан қол жеткізеді және сол жерде қимылсыз қалу арқылы әлемнің шыңына жоғарылайды. Міне осы өмір күші динамо іспеттес, адамның сезімдерін, үміттерін, жақсы көргендерін, жақсы көрмегендерін және өмір бойы істегендерін, мүмкіндік шама ретінде іштей сезіну арқылы, бір болмысқа жеткізуде жеткілікті мүмкіндікке ие. Сол себепті карма, адамның қалауымен істегенін және соның нәтижесін қамтиды. Істеген істері адамның қашып құтыла алмайтын нәтижесі. Барлық адам мұндай карманы мирас ретінде алады. Соның ізімен екінші карма жүреді. Бұл детерминизм емес. Өйткені өз кармасының ішінде әр адам жақсылық немесе жамандық жасауда ерікті. Адамның өз кармасы оны мәжбүрлемейді. Буддист пайымдауынша жаңа карма үшін маңызды болған нәрсе қимыл-әрекет емес, қалау. Карманың жемісін орындаушы осы өмірде немесе қайта туылғанда не болмаса келесі дүниеге келгенде көреді. Буддист көзқарасы бойынша ашкөздік, жек көрушілік және айламен алдайтын адамның кармасы жаман, керісінше болса жақсы болғаны.
Буддадан бұрын Үндістанда тәнәсух және карма сенімі болды ма? Будда бұл екі ұғымды адамда әрдайым бір нәпсі, рух болмайтындығын баяндайтын «анатта» атты доктринасымен қалай біріктірді? деген сұрақ буддистер үшін маңызды мәселе болып саналады. Өйткені бұл Үндістанда толықтай буддистерге тән доктрина. Буддистер рухтың орнына рухани көріністерді (сезім, қалау, сана, таным т.б.) тәнмен бір деген жол арқылы адам ұғымын түсіндіреді. Яғни адам тән мен сана ерекшеліктерінің жиынтығы. Бұлар қолайлы уақытта, туылғанда бір жерге келеді, қиыншылық уақытта, өлімде ажырайды. Буддизмде адами тұлға 5 «khanda» (топ) ішінде ойлауға болады. Бұлар тәндік, сезімдік, саналық, қалау және ақли бөліктер. Бұл 5 топ өмірдің түрлі кезеңдерінде өзгеше бейне және қасиет көрсетеді. Рухты қабыл етпеу және «анатта» доктринасы буддистерді қанағаттандырмағандықтан «пудгалавадиндер» деп аталатын ағымын, тұлғалық рухқа жаңадан кіргізуге мәжбүр болды, бірақ басқалары бұған қарсы шыққан.
Кармаға қатысты және мемлекетімізде көп тараған буддист діні және философиялық ұғымы тәнәсух (самсара: қайтадан туылу, қайта-қайта келу). Өйткені буддист қиыншылық доктринасын жалғыз бір рет өмір сүру деп қарамайды. Тәнәсух асоңы жоқ қайтадан туылу шежіресі және ішінде азап, бейнет шеңбері бар. Тәнәсух тек қана адам бейнесінде емес, ең кішкентай шыбыннан адамға дейінгі барлық тіршілік дәрежелерін қамтитын қайтадан өмірге келу. Алайда тек қана қайтадан адам болып келгенде ғана тәнәсухтан құтылып Нирванаға қол жеткізуге болады. Айта кететін нәрсе «буддизмде тәнәсухпен қайтадан өмірге келген нәрсе не?» деген сұрақтың орнына, рухты қабыл етпейтін буддистердің қолданып жүрген ұғымын түсіну қиын.
Достарыңызбен бөлісу: |