3. Маори діні: Маори дініндегілер оңтүстік Тынық Мұхит аралында өмір сүреді. Маорилер ұлы тәңірлерін «ло» деп атайды. Олар тәңірлері лоның барлық нәрседе және барлық нәрсенің негізі екендігіне жерде және көкте өмір сүретін әрбір нәрсенің ішінде болатындығына сенеді. Олардың сенімі бойынша ло барлық тәңірлердің үлкені болып саналады. Оның атын тек дінбасылары ғана айта алады. Маорилердің құлшылығы дінбасылары үйреткен дұғалардан тұрады. Барлығы бірдей осы дұғаларды оқиды.
4. Га діні: Га дініндегілердің нақты қай жерде өмір сүретіндігі белгісіз. Га дініне сенушілер табиғатқа және адамның істеріне әсер ететін көптеген рухтар мен күштердің бар екендігіне сенеді, бірақ оларға табынбайды. Олар «Наа Нюонмо» деген бір күшке сенеді. Бұл күш аспанда өмір сүреді. Олар бұл күштің барлық нәрсені жаратқандығына сенеді. Бірақ оның қасиетті орны және дінбасылары жоқ. Га дініндегілердің басқа да тәңірлері бар. Олар үшін дайындалған қасиетті жерлері мен міндеттелген монахтары бар.
5. Намба діні: Намба дініне сенушілер Оңтүстік Тынық Мұхиттың Малекула аралында өмір сүретін алғашқы тайпаның адамдары. Тайпа ер адамның әурет жерін жабуы үшін қолданылатын жапырақша «намба» делінгендіктен намбалар деп аталып кеткен. Бұл тайпа үлкен және кіші болып 2-ге бөлінеді. Намбалар табиғаттан тыс құдіретті күштерге сенеді. Бұдан басқа ең жоғары тұратын барлық нәрсенің жаратушысы болып есептелетін «тана» деген бір ұлы күштерге сенеді. Сонымен қатар намбалар адамдарды әрқашан қорғап, қадағалап айналып жүретін жақсы және жаман рухтардың болатындығына сенеді.
Олардың түсініктері бойынша ауру, апат және өлім сияқты жағдайларға жаман рухтар себеп болады. Адамның ауруы денеге жаман рухтардың кіруінен немесе тайпа басшысына құрмет көрсетпегендіктен пайда болады дейді. Өлім жаман рухтардың ең ауыр жазасы ретінде түсініледі. Жаназа рәсімдері қатардағы қарапайым адам мен тайпа басшыларына қарай ерекшеленеді. Өлген адамның мәйіті ашық далада 100-күн сақталғаннан кейін оның сүйектері көміледі. Өлгеннен кейін адамды 100 күн бойы аза тұтады.
Намбаларда «табу» бар. Ағайын-туыстар «табу» болып есептеледі және үйленуге тыйым салынады. Сонымен қатар намбалар зина жасауға қатты тыйым салады, оларға жазалар қолданады. Бұл жаза үйленгендерге және бойдақтарға қарай артады, кемиді. Намбаларда сүндетке отырғызу маңызды болып есептелінеді. Ер балалар 10-12-жастан кейін тайпа басшысының рұқсатымен сүндеттеледі. Ер бала сүндеттелгеннен кейін ғана намба жапырақшасын жаба алады және тайпадағы атақ алу дәрежесіне қол жеткізу құқығына ие болады. Сонымен қатар намбалардың өздеріне тиісті діни мерекелері, билері мен құрбан шалу құлшылықтары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |