Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет23/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126
Діндер тарихы

4. Исламның шарттары


«Исламның тірегі» хадисінде Хз. Мұхаммед (с.а.у.) Исламның бес шартын түсіндіреді. Былай қарағанда Исламның бұл бес шартын орындаған кісі Аллаһ алдында бейнелі құлшылық борышын өтеген болып есептеледі. Негізінде адамның істеген әрбір ісі құлдық міндеті, ғибадаты. Исламның бес шартының алғашқысы Аллаһқа және Пайғамбарына куәлік ету. Бұл иманның негізі, Исламның бастау бұлағы. Бұл шарт орындалмаған жағдайда басқаларын орындаудың ешқандай мәні жоқ. Исламның шарттарының қалған төрт түрі ғибадатты түсіндіру. Бұлар: намаз, ораза, зекет және қажылық.
Ғибадат құлшылық дегенді білдіреді. Құлшылық тек қана Аллаһ үшін жасалады. Құлшылықты орындау иманды күшейтеді. Ғибадаттар иман нұрын қорғайтын бір қалқан іспеттес. Ғибадаттың түрі мен мөлшерін Ұлы Аллаһ белгілеген. Исламның шарттарымен байланысты мәселелер Құран Кәрімнің түрлі аяттарында орын алған. Ғибадат Аллаһтың құлдан талап етер ақысы және тек қана Оның разылығы үшін жасалады. Аллаһ құзырында Оның разылығына сай келетін ғибадат шын ықыласпен және әрдайым жалғасқаны. Құлшылықтың көп болғанынан да маңыздысы оның әрдайым жалғасын табуы. Ғибадаттың уақыттары және ғибадат етушінің ниеті, ішкі-сыртқы тазалығы маңызды. Құлшылық рухтың азығы. Бұл төрт құлшылыққа ретімен тоқталамыз.

а. Намаз


Бес уақыт намаз кәмелет (балағат) жасына жеткен, ақылды әрбір әйел мен ер адамға парыз етілген дене арқылы орындалатын ғибадат. Адамның жалғыз өзі орындауына да болады. Алайда жамағатпен орындалса еселенетін сауабы бар. Күнделікті намаздан басқа аптада жұма намазы парыз (парыз айн) болып табылады. Жылына екі айт намазы уәжіб. Жаназа намазы парыз кифая (бірнеше адамның орындауымен басқаларының мойнынан түседі).
Намаз діннің тірегі, мүминнің миғражы. Намаздың ішінде Исламның шарттарын айғақтап тұратын нәрселер бар. Намаз оқыған кісі ешнәрсе жемегендіктен ораза іспеттес. Намазда әт-тәхият дұғасында «кәлима-и шәһәдат» оқылады. Намазда Қағбаға бет бұру бар, бұл болса қажылыққа беталғанға ұқсайды. Намаз оқитын адам материалдық пайдаларын қоя тұрып, намазға уақыт бөлгені үшін мұның астарынан бейне бір зекет берген адам тәрізді. Әрбір намаз өз уақытында орындалатындықтан, Ұлы Аллаһтың құзырында тұрып, Оның разылығына қол жеткізуді аңсайтындығын айғақтайтын бір ғибадат.
Ешбір дінде намаздың он екі парызы толық кездеспейді. Тек солардың бірі немесе екеуі кездесуі мүмкін. Уақыт ұғымы ешбір дінде Ислам дініндегідей белгілі және жүйелі емес. Бірде-бір дінде ниет Ислам дініндегідей шарт болмаған. Исламда құлшылықтың ықыласы ниеттен басталады. Және де ешқандай дінде құлшылықтан бұрын Ислам дініндегідей кірден әрі нәжістен тазаруға көңіл бөлгеніндей, тазалыққа деген мұқияттылық кездеспейді.
Намаздың сыртындағы парыздар намаз уақыты бойынша есептеледі. Ал ішіндегі парыздар бірінен кейін екіншісіне сатылап отырады. Осылайша намазда аяқта тұру, отырыс, рүкуғ, сәжде де бар. Сонымен қатар намазда Құран оқу, тыныштық сақтау да бар. Бұлардың барлығы ниеттен кейінгі ифтитах тәкбірден соң басталады.
Намазда құл Раббысының құзырында болғандығының байыбына барады. Бұл түсінік (ойды бір нүктеге жинақтау) оның жүрегі мен іс-әрекетін нұрландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет