Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет24/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   126
Діндер тарихы

ә. Ораза


Жыл сайын Рамазан айында бір ай бойы ораза ұстау, әрбір мұсылманның парызы. Оразаның уақыты таң сәріден күн батқанға дейін. Ораза тұтқан адам ораза кезінде ішіп-жемейді, рухани өмірмен үйлеспейтін жыныстық ләззаттардан сақтанады.
Ораза Аллаһ разылығы үшін дене арқылы жасалатын басты ғибадаттардың бірі. Біршама денсаулығымызға пайдасы болса да ораза, діни міндетті орындау үшін атқарылады. Ораза жігерімізді шыңдай түспек. Ораза уақытында адал нәрседен бас тарта алған мұсылман, оразадан басқа уақытта харамға қол созбауды үйренеді. Рамазан құлшылық айы. Көптеген адам рамазан айынан кейін құлшылықтарын әрдайым орындап әрі жүйелі өмірге бойы үйренеді.
Аллаһ тарапынан келген кітаптардың ішінде ораза жайлы Ислам діні көп мәлімет берген. Исламдағы ораза белгілі бір топқа қатысты емес. Күндіз-түні емес, тек күндіз ғана. Бұл диета да емес. Уақыттары нақты белгілі. Науқасқа, жолаушыға, қарт адамдарға шарттарға сай жеңілдіктер бар. Кейбір діндерде ораза жоқ. Ал кейбірінде өз маңызын жоғалтқан, диетаға ұқсас немесе шектен тыс қиындатып жіберген. Хз. Мұса мен Хз. Исаның 40 күн ораза ұстағандығы белгілі. Алайда қазіргі таңда иудейлер мен христиандар арасындағы орындалғанының сол күндегілермен айтарлықтай байланысы жоқ. Пасхадан бұрын христиандардың атқарып жүрген 40 күндік ораза (диета) уақыты ораза болу қасиетін жоғалтқандай, міндетті емес.

б. Қажылық


Ауқатты әрі денсаулығы бар мұсылманның өмірінде бір рет атқаратын дүние-мүлік және дене арқылы орындалатын ғибадаты. Барлық мұсылмандардың құбыласы Қағбаны тауаф ету, Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) түйе үстінде қоштасу құтпасын айтқан жері Арафатта тұру қажылықтың екі маңызды парызы. Сонымен қатар қажылыққа барғандар Мәдинадағы пайғамбар мешітін (Мәсжидун Нәбәуиді) зиярат етеді. Қажылықта Исламның шыққан кезеңі, түрлі кезеңдерде бастарынан өткізген естеліктері еріксіз еске оралады.
Қажылыққа барғандар кебінге ұқсас «Ихрам» киіп, Ұлы Аллаһқа «Ләббәйк» әміріңе құлдық Раббым мені ажал құшып, кебінмен келмей тұрып ихраммен құзырыңа келдім дегендей рухани бір күйге енеді. Ол туыс, дос-жарандарын Аллаһқа құлшылық, Оның разылығына қол жеткізу мақсатында артқа тастап, ихрам шарттарының ішінде Аллаһтың сүйікті құлдарының өміріне енгендей.
Сонымен қатар қажылық дүниенің төрт бұрышынан келген мұсылмандар үшін бір кеңес, бір бас қосу іспеттес. Қабыл болған қажылық (Хажжы Мәбрур) күнәларды жояды деген сенім бар. Алайда бұл саудагерлік, туристік бір түсінікпен емес тек қана Аллаһ разылығы үшін жасалған жағдайда ғана. Барлық діндерде қасиетті болып саналатын жерлер бар. «Қажы» болу үшін сол жерлерді зиярат етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет