Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


Исламның ерекшеліктері және басқа діндерден айырмашылығы



бет26/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126
Діндер тарихы

6. Исламның ерекшеліктері және басқа діндерден айырмашылығы


Алдымен Ислам мен басқа діндерді салыстырып, одан кейін Исламның ерекшеліктерін және басқа діндерден айырмашылығына тоқталамыз.

а. Ислам және басқа діндер


Құран Кәрім бойынша Ислам «хақ дін» (32) және «тұп-тура дін» (33). Аллаһтың құзырында шынайы әрі қабыл болатын дін Ислам екендігі (198) бұл дінді Оның разы болып, таңдағандығы баяндалады (34). Хз. Мұхаммед (с.а.у.) «Аллаһтың елшісі және пайғамбарлар тізбегінің соңғысы» (35). Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның «менен кейін пайғамбар келмейді» дегендігі риуаят етіледі. Келтірілген аят пен хадисте Хз. Мұхамммед (с.а.у.)-ның соңғы пайғамбар екендігі анық баяндалады. Айрықша тағы бір аятта Ұлы Аллаһ Құранды Өзінің түсіргендігін және Оны қорғайтындығына уәде етуде (Хижр-9). Бұдан бұрынғы ешқандай кітапқа мұндай кепілдік бермеген. Оның үстіне Хз. Мұхаммед (с.а.у.) Құранды 23 жылдық бір уақытта жаздырған, жаттатқан әрі тексерткен. Осылайша негізгі түпнұсқа мәтіні сақталып, қазіргі таңға дейін жеткен және Қасиетті кітап ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.
Айтылып өткен нәрселер Исламның басқа діндерден ерекшелігінің белгісі. Бұл бөлімде Құранның ақыл мен білімнің алдында өз өміршеңдігін сақтай алған жалғыз ғана кітап екендігін айта кету керек.
Ислам әлемдік дін. Үндеуі бүкіл адамзатқа арналған. Бір аятта бұл мәселе былай баяндалады: «Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп қана жібердік» (Сәбә-28). Және христиандық пен буддизм Ислам сияқты әлемдік діндер қатарына жатады. Басқа діндер белгілі бір ұлтқа келген. Бұлардан иудаизм діні негізінде әлемдік дін болатын, уақыт өте келе ұлттық дінге айналды.
Ислам бір тәңірлік дін. Бұл дінде үштік, екілік, ортақ қосу жоқ. Ұлы Аллаһтың сипаттары жанды-жансыз жаратылғандарға берілмейді. Табиғатты құрайтын элементтер, табиғат күштері қасиетті болып саналмайды. Аллаһтан басқасына құлшылық жасалмайды. Ұлы Аллаһтың өзіне тән сипаттары, көркем есімдері (Әсма-ул Хуснәә) бар. Дегенмен христиандық пен индуизмде үштік сенімі бар. Бұдан басқа Индуизм көптәңірлік дін (екеуінде де бір тәңірлік сенімі бола тұра). Буддизмде тәңірлік түсінік кейіннен пайда болды (бұл дінде дұға жоқ). Даоизм болса кейіннен басқа діндердің тәңірлер сенімін алған. Иудей дінінде қаншалықты бір тәңірлік сенімі сақталғанымен Тәңірге демалу, күресу сынды қисынсыз сипаттар таққан.
Хз. Иса, Будда, Конфуцийлерге тәңірлік сипат берген. Расында индуизмде тәңірлердің адам бейнесіне енетіндігі (аватара) қабыл етіледі. Иудаизмде кейбір пайғамбарлар қисынсыз оқиғалармен байланыстырылады. (Хз. Яқубтың Аллаһпен күресуі, Хз. Дәуіт (а.с.)-ның бір әскербасының әйеліне көзі тігуі) Ислам дінінде Хз. Мұхаммед (с.а.у.) да адам. Оған уахи келеді. Ол Аллаһтың құлы әрі елшісі. Оның міндеттеріне сай ерекшеліктері бар.
Ислам Аллаһ пен пайғамбар арасындағы өлшемді сақтай білген. Бұл өлшемді пайғамбар аттап өте алмайды (Мәселен: Исламда қиямет күнінің иесі тек қана Аллаһ болса, христиандықта бұл билік Хз. Исаға берілген). Сонымен қатар христиандықтағы шіркеу және буддизмдегі сангха сияқты монахтық топ, монахтық өмір, иерархия, дәнекерлік, миссионерлік жоқ. Ұлы Аллаһ пен құлдың арасына кумир, пұт, пайғамбар, монах, періште сияқты ешқайсысы түсе алмайды. Адам ерікті, азат. Тікелей Аллаһқа дұға етіледі, тек қана Одан сұралады. Оның үстіне Фатиха сүресінде «(Уа Аллаһ) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!» сөзі осы нәрсені меңзейді.
Исламда күнә жасаған жағдайда тәубе етіп, кешірілуі үшін тек қана Аллаһқа жалбарынады. Аллаһтан басқа ешкімге күнәны жариялау деген нәрсе жоқ. Алайда христиандық пен буддизмде бұлай емес. Бұл діндерде монахтардың белгілі орны сакраменттер олар болмаса жасалмайды.
Тарихи даму барысында Ислам өзінің негізгі болмысын сақтай білді. Алайда басқа діндер үшін бұлай айта алмаймыз. Индуизм түрлі діндердің мүшелерін алып, осылардың жиынтығына айналды. Белгілі құрушысы, сенім жүйесі, ғибадаты болмаған. Даоизм де дәл сол секілді. Христиандық бастапқы уақыттарда Павелдің жорамалдарымен өзгеше құрылымға еніп, тараған жерлеріндегі діни салт-дәстүрлер оған ықпал етті. Бұл мәселеде Ислам құндылықтарының өзгермеуі қасиетті кітабының түп негізін сақтап қалуына байланысты. (Басқа діндерде қасиетті кітаптары кейіннен жазылғандықтан түп негізін толық сақтай алмаған).
Исламдағы сенім негіздері, діни ұғымдар, қарапайым, қуатты, анық, нақты, түсінілуі, түсіндірілуі, қабыл етілуі оңай, ақыл-ойды тығырыққа тіремейді. Алайда мәселен инкарнация (сол денеге кіру), негізгі күнә, ренкарнация сияқты ұғымдар адамды тығырыққа тірейді. Исламның тарихи дамуында қасиетті кітап пен діни ұғымдардың нақтылығынан консилдерді (Рухани басшылар мен діндарлардың) кездестіре алмайсыз. Бірақ әлемдік деңгейдегі Исламмен қатар екі үлкен дінде (христиандық пен иудаизм) жиындарға қажеттілік туындады.
Маңызды нәрселердің бірі Исламда адам дүниеге күнәсыз келетіндігіне сенеді. Исламда христиандықтағы негізгі күнә, үнді діндеріндегі ренкарнация түсінігі жоқ. Әрбір дүниеге келген сәби Ислам жаратылысымен пәк, күнәсіз болып туылады. Зүмәр сүресінің 7, Фатыр сүресінің 18 аяттарында айтып өткеніндей ешкімге басқа біреудің күнәсы жүктелмейді. Жауапкершілік, күнә мен тән әрбір тұлғаға қатысты. (Туылғаннан бастап күнәһәр болу жоқ, бір дене бір рух үшін, өзінен бұрынғы біреулердің немесе өмірлердің күнәсы туылғаннан бастап болады деген христиан мен үнді діндерінің ұқсас доктриналарын Ислам қабыл етпейді).
Исламда шамадан тыс, қиын келетін тақуалық бұйрықтар жоқ, жеңілдік бар. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) «Дін жеңілдік», «жеңілдетіңіздер, қиындатпаңыздар, сүйіншілеңіздер, жиіркендірмеңіздер» дей келе Исламның осы ерекшелігін атап көрсеткен. Жайнизмде жүріп бара жатқанда кішкентай жәндіктерді басып кетпеу үшін алдымен жер сыпырылады. Жайнизмнің бір тармағында дүние-мүлік деп киім киілмейді, Исламда мұндай шектен шығу жоқ. Үйленбеу немесе ажыраспау (Кейбір христиан тармағында болғаны секілді) сияқты қатаң шарттар кездеспейді.
Исламда дүние мен ақырет тепе-теңдігі сақталған. Мәселен иудаизмде ақырет жағдайы нақты берілмеген. Түсінік дүниеге ауған. Христиандықта керісінше ақыретке баса назар аударылады. Исламда дүние ақыреттің егістігі. Бір аятта айтылғанындай адам дүниедегі несібесін де ұмытпауы тиіс. Исламда еңбек етілмейтін күн жоқ. Еңбек ету, табыс табу, маңдай терімен ризық табу керек. Зекет пен қажылық құлшылықтарын жасау дүние-мүлікке байланысты.
Исламда ғибадат пен мінез-құлыққа қатысты мәселелер жақсы қолға алынған. Исламда әрдайым талап ететін құлшылық та (иман), өмірінде бір рет атқаруы тиіс болған құлшылық та (қажылық) бар. Сонымен қатар жылына (бір рет зекет, бір ай ораза), аптада (жұма намазы), күніне (бес уақыт намаз) талап етілітіндері бар. Алайда буддизмде дұға, индуизмде жамағатпен құлшылық болмағаны сияқты, христиандықта діни рәсімдер поптардың бақылауымен шіркеулерде атқарылады. Иудаизмде құрбан шалу Құдыстағы құлап-қалған құлшылық қылатын жерге қатысты болғандықтан, орындалмайды. Исламда құлшылық жамағатпен де, жалғыз басына да, мешітте де басқа жерлерде де жасала береді.
Ислам тек қана тақуалыққа, сопылыққа, этикаға, философияға, салт-дәстүрге сүйеніп барлығын жинақтаймын деп асыл мақсатын жоғалтып алған діндердің қатарына кірмейді. Бұл дін тепе-теңдік, ақыл, білім, ой, үйрену, еңбек ету, тұлға және қоғамға қажетті деңгейде орын берген.
Исламның жоғарыда атап көрсеткеніміздей өз құндылықтарына тоқталдық, сонымен бірге басқа діндермен ортақ тұстары да бар. Бұл мәселеде біртәңірлік ұғымы. Ислам бұл Ұлы Тәңір түсінігінің еш мінсіз жолын ұстанған. Ислам басқа иләһи діндердің кітабы мен пайғамбарларын мойындайды. Құран Кәрімде тек қана 25 пайғамбардың аты аталған (белгісіз болған үшеуімен 28). Алайда өмірде көптеген пайғамбарлар пайғамбарлық міндетті атқарған. Әрбір қоғамда Ұлы Жаратушы сенімінің болуы осының бір дәлелі.
Ислам уахи, ақырет, тағдыр, періште, шайтан, халал, харам, нәпсіні тәрбиелеу, жақсылық, адамгершілік сияқты біршама ұқсас жерлері бар. Бірақ Исламда бұл бұйрықтар белгілі өлшеммен, шектен шықпай орта жолды ұстанған. Мысал ретінде тазалыққа тоқталайық.
Тазалық ішкі және сыртқы тазалық болып екіге бөлінеді
Сыртқы тазалық: 1) Дене (Исламда лас болып саналатын нәрселерден денені тазарту, жуыну, тіс тазалығы, денеден тазартылуы тиіс болған тырнақ және сол секілді нәрселердің тазалануы, сүннетке отырғызу, дәрет, ғұсыл т.с.с.); 2) Киім (лас болған нәрселердің тазартылуы немесе кірден тазарту); 3) Қоршаған ортаның және азық-түліктің тазалығы (өзімізді қауіп-қатерге тастамауымызды бұйырған аятқа назар аударсақ судың, ауаның, үйдің, қаланың, иманның ең төменгі дәрежесінің жолда жатқан тасты бір шетке шығару екендігін айтқан хадистен жол тазалығын) сияқты материалдық тазалықты қамтиды.
Ішкі тазалық кең ауқымды: 1) Жүрек тазалығы (жүрекпен қабыл еткен соң шынайы иманмен күмәндардан арылу, жаман ойлардан жүректі тазалау, тәубе ету арқылы күнәлардан тазару); 2) Жақсы мінез-құлық (жаман мінезден арылып, жақсы мінез-құлыққа бет бұру); 3) Ой, ниет, қарым-қатынасты реттеу (жақсы қарым-қатынас, ықыластылық); 4) Ар-ождан тазалығы (әрдайым өзін кінәлы сезінбеу, біреудің ақысын жемеу); 5) Үкім жағынан тазалық (дәрет, ғұсыл, Исламның бес шартын орындау арқылы күнәлардан ұзақ болу) секілді біршама өзіндік ерекшелігі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет