в. Зекет
Зекет, дүние-мүлік арқылы орындалатын ғибадат, ауқаттылардың атқаруы тиіс болған парыз. Зекет кедейдің байдың малындағы ақысы. Зекет көбею және тазару мағынасына келеді. Зекет берген адам байлығын тазалаған болып саналады. Осылайша тазарып азайған байлық, ақиқатында көбейіп, берекет кіреді.
Зекет түрлері (алтын, күміс, ақша, сауда заттары, ұсақ және ірі қара малдар) мен ерекшеліктеріне байланысты (бір жыл өтуі және көбейіп отыруы) белгіленген малдардың белгілі мөлшерде лайықты болған кісілерге таратылуы.
Дүниеде «Бірі жейді, бірі қарап тұрады, қиямет осыдан болады» дегеніндей ауқатты адамдар өздерінің қамын күйттесе, кедей-кепшіктер оларды қызғанып жүйені өзгерту үшін көтеріліске шықса, жүгенсіздік пен тоталитарлық режимнің орнауына жол ашады. Негізінде зекеттің берілуінің нәтижесінде орта тап пайда болады да олар көбейіп қоғамның тепе-теңдігі осылай сақталады.
Ислам дінінде ахлақ, иман мен ғибадаттан кейінгі негізгі іргетас. Пайғамбарымыз (с.а.у.)-нан «Дін дегеніміз не» ? деп сұралғанда «әдемі мінез» деп жауап берген.
Ислам ахлағының негізгі қайнары иләһи уахи. Міне сол себепті ол басқа ахлақ түрлерінен ерекшеленеді. Ислам ахлағында адамның әрекеттері ниетіне байланысты. Бір хадисте «Амалдар ниеттерге байланысты» делінген. Шындығында мүминнің ниеті маңызды.
Ислам этикалық қайнарын Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-нан алады. Адамдарға ең көркем үлгі болған Пайғамбарымыздың ахлағы Құраннан бастау алады. Ол көркем мінездерді толықтыру үшін жіберілген. Ол ең көркем мінез-құлыққа ие. Оны Ұлы Жаратушымыз тәрбиелеген.
Исламғы мінез-құлық қорқыныш пен үміт арасындағы (бәйнәл хауфи уа-р рәжә) жолды ұстанады. Аллаһқа деген махаббат және қорқыныш мүминнің әрбір іс-әрекетінің негізінен орын алса ол көркем мінезге қол жеткізеді. Даналықтың негізі Аллаһтан қорқудан басталады. Бұл үрей; махаббат, құрмет пен бас иіюге негізделген қорқыныш болмақ. Тақуалық болса, осылардың нәтижесінен пайда болған мәртебе. Ұлы Аллаһтың құзырында Одан ең көп қорқатын тақуа жандар ғана құрметке лайық болады.
Мұсылманның таухид (Аллаһты бар және бір деп қабылдау) сенімінің көрінісі мінез-құлқына ықпал етуі тиіс. Аллаһтан басқаға құлшылық етпейді, табынбайды, Одан басқадан сұрамайды. Тек қана Аллаһтан қорқады.
Қоғамдық өмірде жақсылықтарға шақырып, жамандықтардан бойын аулақ ұстау насихатталса баршаға ортақ этикалық өмір сүру үлгісі қалыптасады. Сондықтан да Ислам ахлағында қоғамның тепе-теңдігін сақтап, тұлға мен қоғамда алаңсыз өмір сүруге, адамдарды бақытты өмірге жетелейтін негізгі ұстанымдар бар.
Қорытындылай келе Хз. Мұхаммед (с.а.у.), сахабалар, әулиелердің өнегелі өмірлері Исламның жайылуына қаншалықты жол ашқан болса, солардың жолын ұстанған мұсылмандар да тек тілдерімен ғана емес, іс-әрекеттерімен өмірге енгізіп Исламды осылай түсіндіріп, жеткізулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: |