Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет33/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126
Діндер тарихы

ә. Он бұйрық.


Хз. Мұсаға Синай тауында аян етілген он бұйрық Таураттың екі бөлімінде айтылады. Олар төмендегідей:
Сені Мысыр жерінен, құлдық мекенінен шығарған Тәңір – Менмін.
Менен басқа тәңірің жоқ. Кеңістікте, жер бетінде және жер астында, теңіз тұңғиықтарында тіршілік еткен жаратылыстардың бейнесін жасамайтын боласың, оларға ешқандай сипатта табынбайтын боласың.
Құдайдың есімін құр ауызыңа ала бермейсің.
Сенбі күнін әрдайым есіңе алып, оны қасиетті санайтын бол. Аптаның алты күнінде жұмыс істеп, жетінші күні демаласың. Сенбі – Құдайдың арнайы жалпы демалыс күні. Ол күні сен де, ұлың да, қызың да, қызметкерің де, тіпті жануарың да, қысқасы ешбіреуің жұмыс істемейсіңдер.
Ата-анаңа құрмет көрсетесің.
Ештеңені өлтірмейтін бол.
Зина жасамайсың (некесіз жыныстық қатынас).
Ұрлық жасамайсың.
Жалған куәгер болмайсың.
Ешкімнің үй-жайына, әйеліне, қызметшісіне, өгізіне, есегіне, қысқасы саған тиісті емес нәрселерге көз алартпайсың.
Бұл он бұйрық Иудейлердің негізгі прициптерін қамтиды. Хз. Мұса Синай тауынан түскенде екі тақтаға жазылған Құдайдың сөзін әкеледі.

б. Құран бойынша Хз. Мұса


Хз. Мұса – Ұлы Аллаһтың исрайл ұлдарына жіберген, әрі кітап берілген ұлық пайғамбарлардың бірі.
Исрайл ұлдары Мысырда көбейе бастағанынан қорыққан Перғауын қатты уайымдайды. Ақырында мұның алдын алу үшін дүние-мүліктерін тартып алып, оларды құлдыққа салды және жаңадан туылған нәрестелердің өлтірілуін бұйырды (85). Хз. Мұса туылғанда анасы оны біршама уақыт жасырын сақтады. Ақырында көп ұстай алмайтынын біліп, Аллаһтың үндеуімен оны сандыққа салып, суға ағызып жіберді. Көп ұзамай Перғауынның адамдары оны тауып алады. Бірақ әйелінің өтінішіне орай нәресте өлімнен аман қалды. Шешесі оны емізіп жүрді. Хз. Мұса ер жетіп, есейген шағында Аллаһ тарапынан оған ілім-білім, хикмет берілді (86).
Хз. Мұса халқының хабарынсыз бір күні қалаға келеді. Қалада екі адамның төбелесіп жатқанын көреді. Біреуі өз жұртынан болса, екіншісі дұшпан жақтан еді. Өз жағының адам одан жәрдем сұрайды. Сөйтіп Мұса көмектесем деп жүріп, дұшпанды ұрып өлтіріп қояды. Бейшараны құтқармақ ниеті бар еді. Дегенмен бұл жағдай оны қатты уайымға салды. Аллаһтан кешірім сұрады. Оқиға жан-жаққа әшкере болып қалады. Өзін өлтіруге үкім шығарылғанын естіген Мұса Мысырдан қашып Мадянға жол тартады (87). Ол жерде Хз. Шұғайып пайғамбардың қызымен отау құрады. Қайынатасымен келісілген мерзім аяқталғанда отбасымен бірге жолға шығады. Синай тауына жеткенде түнде жолынан адасып қалады. Бір кезде сол жерден нұрдай жарқыраған жарық көреді. Бір жағынан жылынып, бір жағы жолын тауып алу үшін от жанып жатқан жерге бет алады. Сол кезде «Күмәнсіз, Мен – сенің Раббыңмын. Аяғыңдағыңды шеш, себебі сен қасиетті мекен болған Тувадасын» деген сөзді естиді. Ол жерде Мұсаға Аллаһтан басқа тәңір жоқтығын, оған құлшылық қылуын, намазды тұп-тура оқуын ескертеді. Оған аса таяғы арқылы мұғжиза көрсету кереметі беріліп, Перғауынға жіберіледі. Бауыры Харун оған жәрдемші болды (88).
Хз. Мұса мен Хз. Харун пайғамбарлар Аллаһтың әмірін Перғауынға жеткізді, исрайлұлдарын еркіне жіберуді талап етті. Парғауын оның бұл ұсынысын қабыл етпей қойды. Қайта Мұсаның пайғамбарлығына таң қалды. Перғауын мен Хз. Мұса екеуі Аллаһ тағаланың «әлемдердің раббысы» екендігі жөнінде тартысты (89).
Перғауын Хз. Мұсадан пайғамбарлығына дәлел ретінде мұғжиза көрсетуін талап етеді. Хз. Мұса аса таяғын жерге тастап еді, ол айдаһарға айналып шыға келді. Бұдан кейін Хз. Мұсаны Перғауын мен оның адамдарын елден шығармақ болып, оған сиқыршы деген айып тағылды. Перғауынның барлық сиқыршылары бар өнерлерін көрсету үшін алаңға жиналды. Бірақ Хз. Мұсаның аса таяғы олардың тартқан жіптері мен таяқтарын жұтып жіберді. Бұл жағдайдан соң бүкіл сиқыршы бас иіп, «Әлемдердің раббысы Аллаһқа, Мұса мен Харунның тәңіріне иман келтірдік» деді. Перғауын барлығының қол-аяқтарын шаптырам деп қорқытып еді, ешқайсысы айтқандарынан бас тартпады (90).
Перғауын Хз. Мұсаны мысырлықтардың дінін өзгертіп жібереді деп қорқып, оны өлтірмекке бекінді. Алайда Перғауынның жанұясындағы иман келтірген біреуі бұған қарсы болды. Соңында Аллаһ тағаладан Мұсаға қауымыңды Мысырдан шығарып әкет деген бұйрық келді. Сөйтіп Мұса өз жұртын Мысырдан әкетті. Мұны дер кезінде аңғарған Перғауын мен оның адамдары исрайлдіктердің артынан қуа жөнелді. Мұсаның қасындағылар ұсталып қаламыз ба деп қатты уайымдай бастады. Ұлы Аллаһ Мұсаға аса таяғын теңізге лақтыруын әмір етті. Хз. Мұса әмір етілгендей істеп еді, теңіз екіге қақ айырылды. Хз. Мұсаның адамдары барлығы сол жерден өтіп қарсы жағаға дін аман жетті. Ал оларды қуалап келе жатқан Перғауын қасындағы адамдарымен қоса теңіз түбіне батып кетті (91).
Хз. Мұса мен исрайыл ұлдары Перғауынның зұлымдығынан бір жола құтылып, ары қарай жүріп кетті. Исрайыл ұлдары пұтқа табынушы бір қауымды көргенде Хз. Мұсадан өздеріне де осындай тәңірлер жасап беруін өтінді. Хз. Мұса оларға: «Сендерді әлемде үстем етіп жаратқан Аллаһтан басқа тәңір іздейін бе енді сендерге?» деді. Оларға Перғауынның зұлымдығын және Аллаһтың көрсеткен жәрдемін ескертті. Синайға жеткенінде азық-түліктен қиыншылық көре бастады. Аллаһ оларға су, құдірет тәттісін және бөдене етін сыйлады.
Хз. Мұсаға Ұлы Аллаһ Тұр-Синаға шығуын, ол жерде отыз күн бойы ораза тұтып құлшылық етуін әмір етті. Хз. Мұса осы мерзімді аяқтағанда оған тағы да он күн ораза тұтып, құлшылықтарын толықтыру әмір етілді. Хз. Мұса осыдан кейін Аллаһтың дидарын көргісі келді. Ұлы Аллаһ мұның мүмкін еместігін; тауға бір қарауын, назарын салғанда тау шыдай алса, онда өзін көре алатынын айтты. Хз. Мұса тауға бір қарағанда Хақ Тағала назарын салады. Сол кезде ғаламат көрініс пайда болды. Мұны көрген Мұса есінен танып қалады. Есін жиып, өз-өзіне келгенде Аллаһ тағалаға тәубе етті. Ұлы Аллаһ оған бағынуға тиісті барлық қағидаларды қамтитын жазба-тақталарды берді. Хз. Мұса осы жазбаларды қауымына әкелгенде олардың алтын бұзауға табынып жатқанын көрді. Әуелгіде берген сөздерінен танып кеткендіктері үшін Мұса оларға қатты ашуланды. Оларды тәубе етуге шақырды. Қауымы істеген күнәларына тәубе етті. Ұлы Аллаһ олардың тәубесін қабыл алды (92).
Хз. Мұса әкелген жазбаларындағы үкімдерді қауымына жариялады және оларды бейбіт келісімге шақырды, бірақ олар қатты қарсылық көрсетті. Сол кезде Аллаһ тағала Тұр-Сина тауын олардың басына төндіріп қорқытты; олардан намаз оқып, зекет беріп, пайғамбарға бағынатындықтары жөнінде сөз алды. Бірақ исрайылұлдары бастарына қиыншылық төніп тұрғанда амалдың жоғынан уәде беріп, қауіп бұлты сейілгенде бәз-баяғы қалпына қайта түсетін және бұны әдетке айналдырды (93)
Палестинаға жақындай бастағанда Хз. Мұса уәде етілген топыраққа оралу үшін сол жердегі жергілікті халықтармен күресу керектігін айтады. Бірақ исрайлұлдары оны жалғыз тастап кетеді. Бұған күйінген Хз. Мұса тәңірге дұға етіп, өзі мен пасық күнәһарлардың арасын ажыратуды тіледі. Сонда Аллаһ тағала «Енді оларға, ол жер шынайы түрде қырық жыл арам қылынды. Олар сол жерде абыржып жүреді. Онда бұзақы елге қайғырма» (94) деп бұйырады.
Осыдан кейін исрайлұлдары шөлде жолдарынан адасып қалады. Бірқатары қырылады, қалғандары сандалып, жылдар бойы шөл даланы кезіп кетеді. Аллаһқа қарсы келулері, аяттарын мойындамаулары және жөн-жосықсыз пайғамбарларын өлтірулері себепті Тәңірдің кәріне ұшарады (95).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет