Забур
Забур – арабша «кітап», ивритше «хат» деген мағынаны білдіреді. Исламда Хз. Дәуіт пайғамбарға түсірілген қасиетті кітаптың аты. Ивритше «сефер техилим» (жырлар кітабы) деп аталады. Батыста Забурдың кітап ретінде жалғыз ғана аты аталып қана қоймайды; Жетпістер аудармасында (Septuagint) әр түрлі баптарды Мезмур (грекше: Псалмос) деп атағандықтан, оның түгелдейін Мезмур (Псалмс) деп атау кеңінен таралды. Мезмурлардың бір ғана бөлімі Хз. Дәуітке байланыстырады.
Мезмурда Таураттағыдай діни қағидалар, құлшылық шарттары, қоғамның басқарылуы жөнінде анау айтқандай ерекшелік жоқ. Тек жақсылықты, туралықты, адамгершілікті және моральдық-этикалық принциптерді құрайтын уағыздар бар. Иудейлердің ғибадатханаларында және күнделікті тұрмыс-тіршіліктерінде мезмурлардың маңызды орны бар (Сол секілді христиандарда да маңызды болып саналады). Шайтанға еру қауіпі туындағанда, тығырыққа тірелгенде, жасқанған уақытта, жан-дүниесі күйзелгенде, жалғыздық, абыржу, ауру мен қиыншылық туындағанда Мезмурлар оқылады.
Иудейлер синагогадағы үйлену рәсімдерінде, Шабат күні үйде және ғибадатханалардағы діни рәсімдерде, өлгендердің жерленуі кезінде Мезмурлардан бір бөліктері оқылады. Мезмурлардың белгілі бір әуенмен айтылуы әдетке айналған. Құлшылық кезінде олар жүздерін Иерусалиге қарай бұрады. Ғибадатхана қабырғасында мезмурлар жазылған тақтайшалар ілінеді. Бұл тақтайшаларды «Мизрах тақтайшасы» деп атады.
Дәстүр бойынша Мезмурлармен байланыстырылған Дәуіт (б.з.д. 1013-973) иудейлер үшін ең қадірлі тұлға болып табылады. Өйткені Дәуіт пайғамбар Иерусалимді алып, онда зәулім сарай салдырды, Ғибадатхананың құрылысын жоспарлады және құдіретті патшалық құрып, иудейлердің алтын дәуірін бастап берді. Яхудилер бойынша патша Дәуіт (Хз. Дәуіт), Саулден (Шаул) кейінгі ивриттердің екінші патшасы. Қырық жыл патша болған. Дәуіттің өмірі, патшалық кезеңі мен мінезіне қатысты мәліметтер, иудей Киелі Кітабының І мен ІІ Самуел, І Патшалар және І Сандар атты кітаптарында орын алған. Бұл кітаптарда Дәуіттің яхудилер арасындағы ықпалын, беделін, мемлекеттік адам болғандығын, қолбасшылығын мадақтаумен қатар, оның мінезінің жақсы және жаман жақтары бар. Дәуіт Бетлехемдік яхуди отбасынан шыққан, шопан болған, әдемі дауысты, ақын әрі қаһарман адам. Саулдің бір соғыста өлтірілуіне байланысты, отыз жасында Хебронда мәсіх етіліп (майланып) патша болған. Содан кейін барлық Исрайылдың патшасы болып сайланған. Дәуіт Құдысты алып Исрайылдың астанасы қылды, ғибадатхананы салуды ойласа да мұны салдыру ұлы Сүлеймен патшаға (Хз. Сүлеймен) нәсіп болған.
Иудейлер Дәуітті күшті қолбасшы, мақтаулы патша, яхудилерді осынау кең байтақ жерге ие еткен тұлға ретінде көреді. Сонымен қатар, Дәуіт қол астындағы әскербасының әйелін ұнатып қалып, ақырында күйеуін соғыста айла жасап алдыңғы шепте соғысып өлуіне себепкер болған адам (98).
Достарыңызбен бөлісу: |