1. Құран Кәрім бойынша Таурат
Хз. Мұсаға уахи келгендігі қабыл етіліп, Құран Кәрімде Таурат сөзі 18 жерде кездеседі. Ағлә сүресінің 19 – аятында да Хз. Мұсаға берілген парақтар туралы сөз қозғалады. Аллаһ тарапынан келген төрт үлкен кітаптың алғашқысы болған Тауратта, тура жол, нұр және Аллаһтың үкімдері бар екенінен хабар берген Құран Кәрім, Хз. Иса және Хз. Мұхаммедтің оны растаушы ретінде келетіндігіне ишарат етеді (99). Құран Кәрім бұл мәселеге былай түсінік береді: «(Мұхаммед с.а.у.) Аллаһ (Т) саған, алдындағыны растаушы Құранды шындық бойынша түсірді. Және Таурат, Інжілді түсірді» (100). Мұнымен қатар Құран, еврейлердің Таурат үкімдерін іске асырмайтындығы, Таураттың үкімдерін, берілген мәліметтерді жасырғандықтары, өзгерткендіктері, (бұрмалағандықтары), қате жорамалдағандықтары, біле тұра бұл істерге жеке басының қамы үшін, ақиқатты жалғанға айырбастағандықтарын білдіруде (101). Осы себепті Құран, Таурат, Інжіл секілді киелі кітаптардың негізгі түпнұсқасын қабыл етіп, растайды (102).
Жоғарыда айтылғандар Мәида сүресінің 44-аятында былай түсіндіріледі: «Күдіксіз Тәуратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар, Яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Алланың Кітабын қорғауға міндеттендірілген сопылармен ғалымдар да, онымен үкім етер еді. Олар оған куәгер еді. Ендеше адамдардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар және аяттарымды аз бір ақшаға сатпаңдар!».
Құран Таураттың яхудилерге халал мен харамнан хабар берілгенін, жаңалап жаңаламайтындығын түсіндіргендігін білдірген (103). Сонымен қоса Таурат пен Інжілде де Аллаһтың жолында жүріп жан бергендердің жәннатпен сүйіншіленгенін, иман иелерінің құлшылықтарын орындағандарының белгісі ретінде жүздерінде сәжде іздерінің бар екендігін білдіреді (104). Құран Таурат пен Інжілдегі Хз. Мұхаммедтің сүйіншіленуін былай деп баяндайды: «Олар, сондай жандарындағы Тауратта және Інжілде жазулы жіберілген, сауатсыз пайғамбарға ергендер» (105). Осы мәселе басқа бір аятта былай келеді: «Сол уақытта Мәриям ұлы Иса (а.с.): «Әй Израйыл ұрпақтары! Шын мәнінде мен, сендерге Аллаһтың Елшісімін, алдымдағы Тауратты растаушы және менен кейін келетін «Ахмед» атты пайғамбарменен сүйіншілеймін» деген еді...» (106). Құранда Тауратты міндетіне алып, үкімдері мен бұйрықтарын орындамаған Яхудилерді өткір тілмен бетіне басып жатыр (107). Аллаһ Тауратты адамдарға жол көрсетуші етіп жіберді (108). Ол, Хз. Мұсаға Кітапты (Таурат) жақсылық жасағандарға нығметін толықтастыру, әрбір нәрсені нақты түсіндіру, тура жолды көрсету және мейірім үшін жіберген (109). Таурат тура жолға бастаушы. Аллаһ Исрайыл ұлдарын, ақыл иелері үшін бір үгіт және тура жолды көрсетуші Кітапқа (Таурат) мұрагер қылды (110).
Достарыңызбен бөлісу: |