Иудаизмнің тарихы қасиетті кітаптарынан бастау алады. Қасиетті кітапта әлемнің және алғашқы адамның жаратылуынан пайғамбар Малакиге дейінгі болған оқиғаларды сонымен қатар олардың киелі тарихын қамтиды.
Семит нәсіліне жататын Ибранилер Келданилердің Ут қаласынан шығып Харранға келеді (42). Тәңір (Иегова) Абрамға (Хз. Ибраһим) Харран өлкесінен Кенан аймағына көшуін әмір етті. Ол әйелі Хз. Сараны, бауырының ұлы Лұтты (Хз. Лұт) және Харранда тапқан-таянғандарын алып Кенан аймағына барды. Ол жерде Кенандықтар өмір сүріп жатқан болатын. Тәңір Абрамға көрініп осы аймақты ұрпағына беретіндігін білдірді. Абрам көрінген Раббы үшін құрбан шалды. Аймақты қуаңшылық жайлаған соң Абрам Мысырға көшті. Мысырға жақындағанда Абрам әйелі Сараға:«Сен өте әдемі әйелсің. Мысырлықтар сені көргенде менің әйелім деп мені өлтіреді, сені босатады. Менің аман қалуым үшін сен: «Мен оның қарындасымын», - деп айт деді. Осылайша олар Мысырға келген уақытта Мысыр қолбасшылары Сараны көріп оның әдемілігін Перғауынға жеткізді. Сараны сарайға алдыртады. Хз. Сараға байланысты Абрамға жақсы мәміле жасады, оның қойлары, сиырлары болды. Абрам әйелі Сара үшін Перғауынның сарайында жанжал шығарды. Перғауын Абрамды шақырып алып: «Маған неліктен бұлай жасадың? Оның әйелің екендігін маған неге айтпадың? Неге маған оны қарындасым дедің, сондықтан мен оны әйелдікке алдым? Енді әйеліңді ал да кет», - деді. Перғауын адамдарына бұйрық берді. Сөйтіп олар Абрамды, әйелін және дүние-мүліктерімен қоса жіберді (43).
Абрам және жанындағылар Мысырдан осылай шықты. Олар өте бай еді. Шопандардың арасындағы келіспеушіліктен кейін Абрам мен Лұт бір-бірінен бөлініп, Лұт шығысқа қарай кетті. Абрам болса сол Кенан аймағында қалды. Осылайша Абрам қалған жерінде мерейі үстем болып барлығы оның билігін қабылдап, сол кезде тұтқынға түскен бауыры (бауырының ұлы ретінде білдірілген. Қараңыз Тәкуин ХІІ: 5, Қайшы жері. Тәкуин ХІV: 14-16) Лұтты құтқарып қасына қосып алды (44).
Осы оқиғалардан кейін Раббысы түсінде Абрамға көрініп, оған жәрдем ететіндігін білдірді. Абрам оған ұрпағымды жалғастыр деп жалбарынды. Тәңір оған ұрпақ беретіндігін уәде етті. Әйелі Сараның ұсынысымен күңі Хажармен үйленіп, одан Исмайыл дүниеге келеді. Бұл уақытта Абрам сексен алты жаста еді (45). Тоқсан тоғыз жасқа келгенде Тәңір оған көрініп ұрпағын көбейтетіндігін білдірді. Бұны естіген Абрам етпетінен құлап түсті. Аллаһ оған былай тіл қатты: «Менің уәдем сенімен бірге, сен бірнеше ұлттың әкесі боласың. Бұдан былай атың Абрам (Ұлы әке мағынасында) деп шақырылмайсың, ендігі атың Ибраһим (елдің әкесі мағынасында) болады. Өйткені сені бірнеше ұлттың әкесі қылдым. Сені табысты етіп, үрім-бұтағыңды көбейтемін. Сенен кейінгі ұрпағыңның Аллаһы болу үшін сенімен және сенен кейінгі ұрпағыңмен менің арамда антымды, нәсілдерің бойынша мәңгілік ант қылып бекітемін. Саған жат жер болып саналатын барлық Кенан аймағын саған және сенен кейінгі ұрпағыңа мәңгілік меншік етіп беремін және олардың Аллаһы боламын (46).
Аллаһ Ибраһимнен және үрім-бұтағынан келетіндерден ант ретінде әрбір ер баланы сүннетке отырғызылуын талап етті. Сонымен Аллаһ Ибраһимге әйелі Сараның бұдан кейін Сара (ханшайым мағынасында) деп шақырылуын, одан бір ұлы болып оның аты Ысхақ болатындығын білдірді. Осылайша Сара Хажарды қызғанбайтын болды.
Ибраһим уәде бойынша өзі тоқсан тоғыз жасында, Исмайыл он үш жасында бір күнде екеуі де сүндетке отырды. Сара да Ысхақты босанды. Ал Ысхақ болса сегіз жасында сүннетке отырғызылды. Ұлы есейген уақытта Ибраһим ел-жұртты шақырып ас берді. Сол уақытта Исмайылдың күлгенін Сара көріп оны қуып шығуын Ибраһимнен өтінді. Әрине бұл Ибраһимге қатты тиді. Алайда Аллаһ Ибраһимге Сараның айтқанын істеуді, өйткені нәсілінің Ысхақтың атымен шақырылатынын айтты. Хажар Исмайылды алып шөлге кетті (47).
Бір күні Аллаһ Ибраһимды сынау үшін, оның жалғыз ұлы Ысхақты құрбандыққа шалуын әмір етті (48). Ибраһим бұйрықты орындау үшін орын дайындап, қолына пышақ алғанында Раббының періштесі аспаннан оған үн қатып, баланы бауыздамауын, өйткені сынақтан өткендігін білдірді. Содан Ибраһим басын көтергенде бұтаның арасында дайын тұрған қошқарды көріп соны құрбандыққа шалды. Бұл оқиғадан кейін Раб Ибраһимнің сөзін орындағандықтан ұрпағының дұшпандарына билік жүргізетіндігін және нәсілінен одан тарайтын барлық халықты берекелі қылатындығын білдірді (49).
Ибраһим жүз жетпіс бес жасында өмірден өтті. «Ұлдары Ысхақ пен Исмайыл оны Мамремен қарама-қарсысындағы Макпела үңгіріне, Ибраһимнің Хет ұлдарынан сатып алған Хитти Тсохардың ұлы Эфронның егістігіне жерледі. Сара да сол жерге жерленді. Міне осылайша Ибраһимнің өлімінен кейін ұлы Ысхақты берекелі қылды» (50).
Ысхақтың ұлы болмағандықтан Аллаһқа жалбарынды. Сөйтіп Ысхақтың Эсав және Жақып атты екі ұлы болды. Бір күні өлкесін қуаңшылық жайлағандықтан Ысхақ Палестинаның патшасы Абимәләктің аймағы Герараға кіреді. Ол жерде әйелін қарындасым деп таныстырады. Бұл жайдан хабардар болған Абимәләк себебін сұрады. Менен тартып алып өзіме зияндарың тиер деген үрей болғандықтан осылай қылғандығын айтты (51). Абимәләк мұны естіген соң оны қорғады. Сөйтіп олар біршама жағдайларын жақсартып алды. Алайда Палестиналықтар оларды қызғанып өлкелерінен шығарады. Ысхақ қартайып көзі көрмейтін шаққа жеткенде жақсы көретін ұлы Эсавтың орнына Жақып айла жасап өзін құтты қылдырды. Эсав бұдан хабардар болғанда ашуланып Жақыпты өлтіретіндігін айтты. Жақып Харранға жолға шықты. Кешке келіп қоған жерінде түс көреді. Түсінде жерден жеті қабат көкке тікелей баспалдақ бар. Бұл баспалдақтан Аллаһтың періштелері мініп, түсіп жатыр. Ұшы көкке жетеді. Раббысы оған былай деді: «Әкең Ибраһимның Аллаһы және Ысхақтың Аллаһы Раббың Менмін. Мына жатқан жеріңді саған және сенің үрім-бұтағыңа беремін. Сенің үрім-бұтағың жердің тозаңы сияқты болады. Батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке тарайды. Жердегі барлық тайпалар сенімен және ұрпағыңмен берекелі болады (52).
Жақып оянғанда, бұл жер Аллаһтың үйі ал мынау аспанның есігі деп ол жерге «Бәйт-әл» (Аллаһтың үйі) деген ат қойып жолын ары қарай жалғастырып Харранға барады. Ол жерде нағашысы Лабанмен бірге жұмыс істейді. Лабанның екі қызы және екі күңі бар болатын. Солардан он ұл, бір қыз дүниеге келеді. Оларды алып Кенанға әкесінің қасына келеді.
Жақып ұлдарының ішінде Жүсіпті ерекше жақсы көретін. Сондықтан да басқа бауырлары оны қызғанатын. Бір күні Жүсіп түс көріп оны бауырларына әңгімелеп береді. Түсінде бауырларымен бірге егіс алқабында бидай баулап жүргендерін көреді. Өзінің бауы тік тұрғанын бауырларының бауы оның бауының айналасында иіліп тұрғанын көреді. Бұл түстен Жүсіптің өздеріне басшы болатындығын түйіндеген бауырлары оған деген қызғаныш пен көре алмаушылықтары арта түсті. Жүсіп тағы бір түсінде күн, ай және он бір жұлдыздың өзіне сәжде етіп жатқандығын көреді. Бұл түсін әкесі мен бауырларына айтқанда әкесі оған жекіп: «Шындығында, мен, анаң және бауырларың жерге дейін иілу үшін саған барамыз ба?», - деді. Бауырлары қызғанып, бұл сөз әкесінің жанына батты. Жақып Жүсіпті мал бағып жүрген балаларының қасына жіберген кезде, бауырлары оның көйлегін шешіп алып өзін құдыққа тастап жібереді. Кейін құдықтан шығарып алып оны Мысырға кетіп бара жатқан саудагерлерге жиырма күміске сатып жібереді. Әкелеріне бауырын бір аң жеп кеткендігін айтып оның қанға малынған көйлегін көрсетеді.
Жүсіпті Мысырда Перғауынның қызметкері Потифар сатып алады. Потифардың әйелі оған ғашық болып қалды. Жүсіп оған қарамаған соң оны түрмеге қаматты (53). Жүсіп түрмеде Перғауынның көрген түсін жорып, түрмеден шыққан соң Перғауынның қасында жоғары қызметке орналасады (54). Уақыт өте Палестинадағы әкесі мен бауырларын Мысырға алдырды. Осылайша Исрайылұлдары Мысырға орналасты (55). Мысырда молшылықта өмір сүріп жатқан Яхудилер қиыншылыққа тап болып, құлдыққа түсті. Оларды бұл қиыншылықтан құтқарып «Арз-ы Мәуғуд» ке (уәде етілген топырақ Палестина) алып келген Моше (Хз. Мұса) болды (Б.э.д. -1250).
Мұса Перғауынның әскерлері Қызыл теңізге батып кеткеннен кейін Яхудилерді Синайға әкелді. Синай тауында Хз. Мұсаға Таурат пен он әмір берілді. Яхудилер Синай шөлінде қырық жыл өмір сүрді. Мұсадан кейін оларды Иесу Палестинаға апарады (56). Палестинада әкімдер мен патшалардан кейін Дәуіт патша (Хз. Дәуіт б.э.д. 1013-973) Құдысты алып, Яхудилердің ең бақытты шағы басталды (57). Ұлы патша Шломо (Хз. Сүлеймен б.э.д. 973-933) әкесі тарапынан дайындалған жерге қасиетті ғибадатхананы салдырады. Сол уақытқа дейін бір шатырда сақталып келген, ішінде он әмір жазылған тақтайлар ант сандығы ғибадатхананың бір бөлмесіне қойылды (58).
Хз. Сүлейменнің өлімінен кейін патшалық оңтүстікте Яхуда, солтүстікте Исрайыл болып екіге бөлінді (59). Он тайпа Исрайылдың, екеуі Яхуда патшалығының қол астында болды. Бірінші Исрайыл патшалығы Ассириялықтар тарапынан, кейін Яхуда патшалығы Вавилондықтар тарапынан б.э.д. 586 құлатылды. Ғибадатхана қиратылып, Яхудилер Вавилонға жер айдалды. Қуғын-сүргінде Яхуди халқы Езрада бірігіп б.э.д. 538 жылы Құдысқа барып, б.э.д. 520 жылы қайта қалпына келтірілді.
Яхуди киелі кітабы алғашқы пайғамбарлар мен кейінгі пайғамбарларға да тоқталады. Вавилон сүргінінде Ишайа, Еремия сияқты пағамбарлар келген. Илия масихтің алдындағы пайғамбар Малаки. Малаки қасиетті кітаптағы соңғы пайғамбар.
Яхуди тарихында Құдыс Ескендірден кейін Агид және Селефкилердің қолына өтті. Ғибадатхана б.э.д. 168 жылы талан-таражға түсті. Маққабилар билік басына келсе де б.э.д. 63 жылы басталған Рим езгісі кезеңінде, б.э. 70 жылдарында Римдік қолбасшы Титустың Құдысты және ғибадатхананың өртеліп, қиратылуымен аяқталды. Яхудилер дүниенің барлық жеріне таралды. Ғибадатханадан қалғаны батыс дуалы (Жылау дуалы) жүздеген жылдар бойы ұлттық діни сезімдерін қорғап келді. Мәсіх сенімін беретін үміт, оларда бұл сезімнің әрдайым сақталуын қамтамасыз етті.
Достарыңызбен бөлісу: |