Иудейлердің киелі кітап шығармалар жинағы Танах (жазбаша діни әдебиет) және Талмут (ауыздан-ауызға жеткен діни әдебиет) болып екіге бөлінеді. Иудейердің Танах деген киелі кітаптарын христиандар Көне Өсиет деп атайды. Танах үш бөлімнен тұрады: Тора (Таурат), Невиим және Кетувим. Танах атауы негізінде жоғарыдағы үш бөлім кітаптың ивритше басты әріптерінің құралуынан пайда болған сөз. (Кейде Тора киелі кітап барлығын білдіреді және Танахпен бір мағына ретінде де қолданылады) Танахты құрайтын кітаптардың саны жөнінде иудейлер мен христиандар арасында ғана емес, сонымен бірге христиандардың өз араларында талас-тартыс бар. Иудейлер мен протестанттықтар бойынша апокриф (сахих (дұрыс, нақты) емес) болып есептелетін кейбір кітаптар, католиктер мен ортадокстар бойынша каноник (сахих) болып есептеледі. иудейлер мен протестанттарда, христиандар тарапынан Көне Өсиет деп аталатын иудейлердің қасиетті кітабы – Танахтың 39 кітаптан құралғанын айтса, иудейлер Танахты өзге кейбір кітаптарды біріктіріп 24 кітап деп есептейді. Иудейлердің есебі бойынша Тора – 5, Пайғамбарлар – 8, Кітаптар – 11. Бұлардың жиынтығы 5+8+11 болады.
Таурат (Тора)
Тора-Таурат заң, шариғат, әмір, сабақ, жол көрсетуші деген мағыналарды білдіреді. Иудейлердің қасиетті кітабының бірінші бөлімін арабша Таурат, ивритше Тора дейді. Бұл алғашқы бөлім бес кітаптан тұрады. Бес кітаптың ивритше атауы «хумаш», арабша атауы «әсфаруль-хамса» (сифр – кітап, көпше түрі әсфар), грек тілінде «Pentateukhos» (penta – бес, teukhos – кітап), батыс тілдерінде пентаток (Pentateuch-Pentateugue секілді) болып қолданылады. Бес кітаптың Аллаһтың 7704 сөзбен Хз. Мұсаға берілген діни қағидаларды құрайтындығы қабыл етіледі.
Қазіргі таңдағы ғалымдардың Ешу кітабының да Бес Кітаппен бір әдебиеттен келгендігін қабыл етуде, оны Бес Кітапқа қосып барлығын Хексаток ( Hexateuch – Алты кітап) деп атайды. Кейбіреуі Тәснияны Тораның Бес Кітабының тысында деп есептейді. Бағалауы бойынша Тора 4 кітаптан құралады. Олар қазіргі Бес Кітаптың мәтіндерін үш басты қайнардан немесе салт-дәстүрден келді деп есептейді: 1. Яхвист, 2. Элохист, 3. Монах мәтіндері. Айта кететін нәрсе бұлардан бөлек басқа да бастау қосылады. Тора мәтіндеріндегі қарама-қайшылықтар мен үйлеспейтіндігі, бір-бірімен байланысы жоқ қайталанып келулері зерттеушілердің назарын аударды. Осылайша алдымен Тәңірінің аты Яхве, кейіннен Элохим ретінде баяндаған екі бөлек қайнары белгіленген. Ең ескі бастауы ретінде шамаланған Яхвист мәтіндер, б.э.д.-1000 жылдары басым көпшілігі теологиялық мәселелерге тоқталған Элохист мәтіндер б.э.д.-800 жылдар шамасында жазылған. Бұдан бір ғасырдан кейін белгісіз біреу осы екі, бәлкім одан да көп деректен келген мәтіндерді бір араға жинақтаған. Хз. Мұсаның б.э.д. ХІІІ жүз жылдықтар шамасында өмір сүргендігіне назар аударсақ Тора мәтіндерінің дамуының б.э.д. 1000-400 жылдар шамасында болғандығын қазіргі таңда дәлелдеуі, қайшылықтардың себебі болып саналады.
Тора жазбаша және ауызша болып екіге бөлінеді. Жазбаша Тора иудейлер бойынша Яхвенің Сина тауында Мұсаға уахи болып келген кітабы. Ауызша Тора болса, жазбаша Тораның түсіндірмесі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан яхудилер бойынша ол болмаса Жазбаша Тораның түсінілуі мүмкін еместігі қабыл етілген Талмұт. жазбаша Тораға Хз. Мұсадан кейін келген пайғамбарлардың да сөздері қосылған, осылайша христиандарда Көне Өсиет, иудейлерде Танах деп аталатын киелі кітап шамамен б.э. ІІ - ғасырда Явнеде (Jamnia) жиналған бір мәжіліс тарапынан соңғы рет жазылды. Құран Кәрімде Исрайылұлдарына берілген Таурат пен яхудилердің киелі кітабы болған Танах екендігі белгілі. Яхуди киелі кітабы Танахтың Торадан басқа Невиим (пайғамбарлар) және Кетувим (кітаптар) деген бөлімдері бар. Жалпы жіктеу бойынша Тора – 5, Невиим – 21, Кетувим – 13 кітап, осының бәрін қосқанда Танахтың 39 кітабын құрайды (96).
Достарыңызбен бөлісу: |