Бөлім сұрақтары:
1. Сикхилер өлгендерді жағып жібере ме?
2. Сикхилер тәнәсух сенімін жалғастырған ба?
3. Сикхизмнің құрушысы кім?
4. Сикхизмде Тәңір сенімі қалай? Бір Тәңірге сене ме?
5. Діндар Сикхидің күндік үш құлшылықтары қайсылар?
13. БӨЛІМ
Иран діндері арасындағы біртәңірлік сенімін қарастырар болсақ, назарымызды ерекше аударатыны – Зороастризм (Заратуштра) діні. Бұл дін оның негізін салған адамның атымен аталған. Бұл дінді алғаш таратқан заратуштра болатын. Аталмыш дінді біртәңір Ахура-Маздамен байланыстырып «маздаизм» деп те атаған. Батыста Зороастризм деп аталады.
Заратуштра сөзі (зароастра) грек тілінен келген. («зарат» – көркем, тура, «уштра» – түйелер дегенді білдіреді. Көркем әшекейленген түйелердің иесі деген мағынаны білдіреді. Халық тілінде заратуштра «сөнбес жұлдыз» деген атпен танымал). Шамамен б.з.д. 570 жылдары дүниеге келген Заратуштра иран діндеріне орасан зор әсер еткен. Біртәңірлік сенімді уағыздағандықтан оны пайғамбар деп қабылдағандар да, сондай-ақ оған дана немесе шаман ретінде қарағандар да болды. Гатхалар деп аталған қасиетті жазбаларды сол жазған деген дерек бар.
Зороастризмді ұстанушылар оны былайша пайымдайды: Заратуштра – бір пайғамбар. Оның тегі алғашқы адамға барып тіреледі. Әкесінің аты – Пурушесб, шешесінің аты – Доғдуе. Ол – текті және өте қарапайым әулеттің перзенті. Әзірбайжанда туылған. Отыз жасында оған пайғамбарлық келген. Жақтастарымен Айвитак суының жағасында оңаша тұрып, құдайға құлшылық ету үшін қылуетке (оңаша орын) кіреді. Қылуеттің 45-ші күні урду бехишт айының бір түнінде таңға жақын көкке (миғраж) самғап, рухани жоғарылаудың шегіне дейін жетеді. Вохуменах (Бехмен) деген періште келіп, кезіккен нәрсеге қол тигізбеуін ескертеді, сөйтіп оны жаннатқа апарады. Ол жерде оған періштелер құрмет көрсетеді. Заратуштра содан соң тәңір Ахура-Мазданың алдына шығып, Ізгі діннің үкімдерін, шарттарын үйренеді. Тәңір оған жұлдыздардың және галактикалардың қозғалыстарынан хабар беріп, пейіш пен тозақты көретеді, әрбір нәрсенің ілімін үйретеді. Періштелер содан соң Заратуштраның кеудесін жарып, ішіндегілерін шығарып тазалайды да орнына қайта қояды. Заратуштра «миғраж сапарынан» кейін материалдық әлемге, өзіне берілген қасиетті кітап Авестамен оралады, сөйтіп әкелген дінін уағыздай бастайды.
Заратуштра Ұлы Тәңір деп дәріптеген Ахура Маздамен тығыз байланыс орнатқандығын жариялайды. Оның пайымдауынша, әлемде күрес жүргізетін, және жақсылық пен жамандық деп, яғни алғашқысы «Спента Майню», екіншісі «Ангра Майню» деп аталатын екі басты рух бар. Ахура Мазданың осы екі рухпен байланысын бүгін онша жақсы білмесек те, Ол бәрібір жақсылықпен бірге болады. Адам баласы осы екі рухтың бірін таңдауға мәжбүр және бұл таңдауы оның тағдырына әсер ететін болады.
Заратуштра дүниеден өткеннен кейін базбір адамдар ол қарсы шығып Митра, Анахита құдайларына қайта табынып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |