Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет89/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126
Діндер тарихы

2. Сикхизмнің пайда болуы


Ислам Үндістанға кіргеннен кейін, Ислам мен индуизм арасында келісім негіздерін іздестіре бастады. Нанактікі бұлардан көңіл аудартарлық. Ислами пікірлерден пайдаланған Нанак, алғашында дін құрамын деген ойда болған жоқ. Ол индуизмнің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары мен мәдениетін тазалау үшін, полетеизмді, пұтқа табынушылықты және каста жүйесін жоюды, Ислам мен индуизмнің арасынан орта жол тапқысы келді. Алдымен саяси болып басталған бұл әрекет, уақыт өте келе діни сипатқа ие болды. Ислам сопылығының ықпалымен Нанак Солтүстік Үндістанда уағыздар жасап және синкретист (мәмлегер) Сикх әрекетін дүниеге келтірді. Ол Исламның бір Тәңір және оның сипаттары сияқты кейбір мәселелерді ұнатқан. Соған қарай Тәңір жалғыз, мәңгі, көрінбейді, сөзбен түсіндірілмейді, Ол барлық жерде және көруші. Мұнымен қатар ол үнді философиясынан шыққан «Мая» және «Нирвана» ұғымдарын таңдаған, тәнәсух пікірін қабыл еткен, бірақ аватараларға сенуді қабыл етпейді.
Тәңірдің бірлігі, құлшылықта иләһи аттың қайта-қайта айтылуы, түрлі кастадағы адамдардың теңдігі, пұттарға табынудың жамандығы, бауырмалдық сүйіспеншіліктің маңыздылығы және жол көрсетуші ретінде гурудың қажеттілігі түрінде қорытындыланған бұл діни түсінік Нанак тарапынан барлығына сай келетін түрде ұсынылған және өмір тәртібі ретінде жүйеге келтірілген.

3. Нанактан кейінгі жағдай


Нанак өмірден өтпей тұрып, сенімді шәкірттерінен Ангадты Сикхтердің гуруы (жол көрсетуші серігі) ретінде өзіне орынбасар тағайындады. Нанактың өлімінен кейін орынбасарлары арасында Нанактың иландырған тәнәсух сенімі бойынша оның рухының «гуру» болғандарға кезекпен өтіп отырады деген пікір пайда болды. Сондықтан гурулардың барлығы Нанактың жаңа бір көрінісі ретінде қаралды. Екі ғасырға жақын уақыт ішінде жамағат шежірелі гуру тарапынан басқарылып келді. Бұл шежіре Х Гуру Говинд Сингхтың 1708 жылы өмірден өтуімен тоқтады.
Бұл гурулардың шәкірттері, алдымен нанакпантхилер (Нанактың жақтаушылары) ретінде аталып және біршама уақыттан кейін «Сикх» (Санскритше шебердің жәрдемшісі немесе шәкірт) деп аталды. Олардың ұстанған жүйелері батыс ғалымдары бойынша сикхизм ретінде аталып келген (өздері «гурмат» сөзін қолданады).
Нанактың 1539 жылы өлімінен кейін орнына екінші гуру ретінде Ангад келді. Нанактың ұлы Сри Чандқа ергендер Удасис жамағатын құрды. Бұлар сақал, сәлде сияқты мәселелерді орындамай басқалардан бөлектенсе де сикх болып қала берді. 1552 жылға дейін гурулықты жалғастырған Ангад, Нанактың өлең шумақтарын жинақтады. Пенжапта қолданылған гурмукхи қасиетті мәтін Ангадқа негізделді. Сикхтардың арасындағы бірлікті және ауызбіршілікті сақтаған ІІІ-гуру Амар Дас (Ө 1574) болды. Ол өзіне зияратқа келгендердің шәкірттермен бірге тамақтануын талап етті. Сонымен қатар дүниеге келу және үйлену әдеттерінде сикхилердің өздеріне тән рәсімдер жасауын қамтамасыз етті. Одан кейін күйеу баласы Рам Дас (Ө-1581) миссионер әрекеттерімен жақтастарын табу жолын таңдады және ІV-гуру болып аз уақыт қызмет атқарды. Жамағат және сенім тұрғысынан ең маңызды даму Рам Дастың ең кіші ұлы V-гуру Аржун кезеңінде болды. Аржун Амритсарда алтын ғибадатхананың (Харимандир) құрылысын аяқтатты. Бұл ғибадатхананың құрылысы Әкбар Шахтың берген жерінде Рам Дас кезеңінде бастаған болатын. Жанында су алқабы бар бар бұл ғибадатхана сикхтер үшін өте маңызды және орталық дәрежесінде және ол жерді зиярат етуге баратын. Және Аржун заманында сикхтердің қасиетті кітабы саналатын Ади Грантх жинақталды. Ол кітапта сикхтердің діни сенімі мен моральдық-этикалық ережелері топтастырылды. Аржун, сөзі өтімді кісі еді. Бірақ Әкбар кезеңіндегіге керісінше ұлы Жиһангир кезінде Аржун, билеушіге қарсы шыққан, ұлы Хусревтің жақтаушылары деп ұсталып, жазаландырылды. Харгобинд (Ө-1664) әкесі Аржунның 1606 жылы өмірден өтуіне байланысты VІ-гуру ретінде сикхтерге басшы болды. Оның кезеңінде бұл топ Жиһангирге кейін ұлы Шах Жиһанға қарсы әскери ұйым құрды. Бірақ жазық жерлерде оның әскери күші монғол әскерлеріне тең келмейтін. Осы себепті Гималай тауының етегіндегі Киратпуфқа шегінді. Ол және VІІ-гуру Хар Рай (Ө-1661) өз қарамағындағы сикхтердің арасында бөлек қалуға мәжбүр болды. VІІІ-гуру Хари Кишен немере ағасы Тегх Баһадурды (Ө-1675) ІХ-гуру етіп сайлаған соң өмірден өтті. Т. Баһадур халықтан көмек алып Пенжабқа аяқ тіреді. Ақырында ұсталып Делиде жазаландырылды. Оның ұлы Гобинд Х және соңғы гуру болып сикхтерді әскери тұрғыдан күшейтті.
Гобиндтің басты жүзеге асырғаны, өз жақтаушыларын «кхалса» (Халса) деген жамағатпен тіл табыстыруы. Кхалсаға кіргендер пахул деген қасиетті рәсімнен өтеді және «к» мен басталатын мына бес негізді орындайды: 1. Шаш пен сақалдардын қырықпау (кеш), 2. Тарақ тағу (кангха) және сәлдемен оларды ретке келтіру, 3. Тізенің астында байланатын қысқа шалбар кию (кач), 4. Оң білегіне болат білезік тағу (кара), 5. Қанжар ұстап жүру (кырпан).
Кхалсаға пахул рәсіміне кірген мүшелерге «сили әдебі» түсіндірілетін және олар «сингх» (ержүрек) болатын. Кхалсаға қабыл етілгендер қатаң жүйеге үйретілетін. Олар алкогольдік ішімдік қолданбайды, темекі шекпейді, Ислами жолмен сойылған ет жемейді. Гобиндтен кейін гуру шежіресі тоқтады. Ол өзінің ізбасарларына ендігі Грантхты гуру тұтыныңдар дегені үшін сикхтар қасиетті кітаптарын Гуру Грантх деп атады. Аржун кезеңінде қасиетті мәтіндер белгіленгеніне қарамастан Гобинд, Аржунның және әкесі Тегх Баһадурға қатысты өлеңдерді де қамтитын кең көлемде өзгертулер енгізді. Қазіргі таңда Гобиндке байланыстырылатын діни және философиялық жазуларды қамтитын Дасам Грантх деп аталатын мәтіннің кей бөлімдері сикх құлшылықтарында және басқа себептермен қолданылса да бұл ади грантхпен бір саналмайды. Ади Грантх басым бөлігі алғашқы, бесінші және тоғызыншы гуруға қатысты 6000 өлеңді қамтиды. Бұлардың 2000 - нан астамы Аржунға қатысты, алғашқы ретке келтірудің басым бөлігі Нанакта. Сикхтердің күнделікті құлшылықтарында басты болып саналатын таңғы дұға да Нанакқа қатысты. Ади Грантхта гурулардыкінен басқа Ферид (ХІІІ ғасыр ?), Нам Девир (1270-1350), Кабир (Кебир) (шамамен 1440-1518) секілді үнді және мұсылман әдебиеттері, айрықша бхакталар мен сафилерден алған өлеңдер де бар.
Гобиндтің ұстанған жолынан кейбір әлеуметтік проблемалар туындады. Өйткені тұрғылықты сикх басшыларының бір сыпырасы кшатрия және вайсия сияқты жоғары топтан болғандықтан индуизмнен толығымен байланыстарын үзгісі келмейтін. Осылайша жаңа жамағатта күш басымдылығы егіншілікпен айналысатын жаттарға өтті. Бұл кхалсамен байланысын жалғастырумен қатар жаңа жамағаттың бес негізгі белгілерін қабыл етпейтіндердің жағдайы екі топтың пайда болуына себеп болды: 1. кесадхарилар (шаш, сақал қысқартпайтын сикхтар), 2. сахаждхарилар (сенімінің барлық керек еткендерін орындау үшін уақыт сұрайтындар). Діни тамырлары Сри Гхандқа тірелетін удасис жамағаты да осы екінші топтың қатарында. Гурчдвара деген ғибадатханалардың билігі узақ уақыт бойы осылардың қолында болды.
Сикх әскери билігі Ранжит Сингхтің (1780-1830) кезеңінде Пенжаб ұлттық күштеріне сүйене отырып құрылған болса да бұл сикх патшалығы, британиялықтармен болған екі соғыстың нәтижесінде жеңіліп, жойылды (1849). Мұнымен қатар Ранжит Сингхтың кезеңінде сикхтердің абыройлы болуының нәтижесінде кхалсаға кірмесе де басым бөлігі үнді жұртшылығы сикхтерге қосылды. Бұлар бір немесе екі ұл баласын кесадхари ретінде жетілдірді. Кашмирде бұрын осылар басым болатын.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ария Самаж және христиан миссионерлік әрекеттерімен күрес жүргізу мақсатымен және британдық басқыншыларға қарсы сикхизмнің абыройын күшейту үшін қайта құру әрекеттері бастатылды. Кхалса жәрдем берген мектептердегі тәлім-тәрбиені дамыту үшін жасалған Сигнх Сабха ұйымы осының мысалы. Мұндай әрекеттер индуизмге кері қайтуға кедергі болғаны секілді, олардан жаңадан кіремін деушілерге мүмкіндік берді. Удасис жамағатының бақылауындағы ғибадатханалардың жартылай Үнді маңынан алынуы, Акали Далдың 1920 жылдарда құрылуынан кейін, олардың әскери саясатының арқасында қол жеткізілді. 1947 жылы Үндістан тәуелсіздігін алғанда акалилер және басқалары Пенжапта бөлек бір сикх уәлаятын сұрады. Ақырында Үнді мемлекеті мұны қабыл етті.
ХХ ғасырда сахаждхари сикхтарымен қатысты айтарлықтай даму кесадхарилар арасында бөлек бір кхалса тобының пайда болуының нәтижесінде, индуизмнің ішінде жоғала бастауы еді. Сол себепті Гобиндтің қайта құруының орынды болып, болмағандығы күн тәртібіне айналды. Гобиндтің ізбасарлары кхалсаға кіргендерге сингх (арыстан) деген лақаб ат берген. Олардың тобы сингхизмді құраған. Осылайша сикхизм мен сингхизм арасында бөлінушілік басталды. Сонымен қатар сикхизмнің дін білімі айтарлықтай өзгермеген, жалғыз Тәңір және тәнәсух сенімдері жалғасын тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет