Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет88/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126
Діндер тарихы

4. Діни рәсімдері мен құлшылықтары


Джайнистердің ғибадатханалары өте сәулетті. Джайнистер қауымын басқару монах пен монах әйелдердің қолында. Бастапқыда кезбе дәруіш боп өмір сүрген монахтар кейініректе монастырға орналасты. Олар қасиетті жазбаларды оқи отырып, жан мен тәнді тәрбиелеп уақыттарын өткізеді. Монахтар секілді халық та күнделікті белгілі құлшылықтарын орындайды. Құлшылық кезінде тиртанкалармен байланысты мадақтау жырларынан үзінді оқиды, терең ойға беріледі, тәубе етеді, белгілі бір іс-әрекеттерді орындайды, жан-жануарларға зәбір көрсетпеуге тырысады. Сол себепті олар өсімдіктермен көректенеді, мас қылатын ішімдіктерді аузына алмайды. Барлық жануарларды емдейтін емханалар бар. Діндар джайнистер аштан өлуді ең абыройлы іс деп санайды.
Көкте көптеген тәңірлердің бар екендігіне, бірақ олардың да рух көшіне ұшырайтындығына, адамзатты құтқаруда жәрдем бере алмайтындығына сенеді. Джайнистік ғибадатханалардағы мүсіндер қасиетті саналады. Алдында тұрып, мадақ айтылады. Оларға жеміс-жидектер ұсынылады. Алдарына шырақтар мен хош иісті заттар түтетіледі. Пұттар жуылып, тазаланады, майланады, гүлдермен әшекейленеді. Тиртанкалар өмір сүреді делінген қасиетті орындарға зиярат етіледі. Адамдар арман-тілектерін айтып оларға және тәңірге дұға оқиды. Кейбір джаинистер үнділердің тәңірлеріне де дұға етеді. Ғибадатханаларындағы құлшылықтар, монахтар тарапынан емес, халық тарапынан басқарылады. Индуизмнің дін адамы болған брахмандар жалақы алу арқылы джаинист ғибадатханаларында жұмыс істетеді.

Бөлім сұрақтары:
1. Джайнизмде Тәңір сенімі бар ма?
2. Джайнистерде бес ахлақи принциптер нелер?
3. Джайнистер ішіп-жеп отырғанда не нәрсеге мұқият болады?
4. Джайнистерде жәннәт және жәһәннәм сенімі бар ма?
5. Джайнистерде қиямет сенімі бар ма?
6. Джайнистердің монахтары неліктен ақ киім киеді?
7. Джайнизмнің құрушысы кім?

12. БӨЛІМ

СИКХИЗМ ҰЛТТЫҚ ДІНІ



1. Нанақтың өмірі


Сикхизм – Үндістандағы ұзақ тарихи даму процестің нәтижесінде Ислам мен индуизмнің арасынан XVI ғасырда пайда болған дін. Оның негізін қалаған Нанак болды (1469-1539). Қазіргі кезде үнділердің діни және саяси өмірінде маңызды орын алатын бұл дінді ұстанушылар 8-9 миллион адам шамасында. Сикхизм Үндістанға тән ұлттық дін болумен қатар, әлемнің өзге өңірлерінде де оның өз мүшелері бар.
Орта ғасырларда Үндістанның діни, саяси және әлеуметтік жағдайы үнділер арасындағы әр түрлі келеңсіздіктерге жол ашқан еді. Жүздеген жылдар бойы жалғасып келген біртәңірлі сенім төңірегіндегі даму процестері Исламның Үнді түбегіне енуімен одан әрі үдей түсті. Индуизмдегі абсолюттік болмыс пен оның жалғыз екендігі туралы идея политейзм батпағына белшесінен батқаннан кейін Исламның Аллаһ туралы сеніміндегі айқындық пен шынайылық үнділерді өзіне баурап алған еді. Мұнымен қатар хақ пен әділет қағидасына сүйенген, касталық жүйені жоққа шығарған, адамдар арасындағы теңдікті ту еткен, тақуалықтан басқаны үстемдік деп танымаған, патша мен құл арасында ешқандай да айырмашылық жоқтығын айтқан Исламның әлемдік сипатқа ие екендігі үнділердің саналарында төңкеріс жасаған еді. Бір бөлігі Ислам дінін қабылдап, енді бір бөлігі өз мәдениеттерінен қол үзбей, индуизм мен Исламды татуластырғысы келді. Діни реформаға келсек, XV ғасырдың екінші жартысында өзін мойындатқан алғашқы атақты тұлға – Кабир еді (1435-1518 ж.ж.). Кабир Индуизмнің кейбір маңызды ұғымдары мен ой-пікірлерін қорғаумен қатар, ол біртәңірлі сенімін де жаюға тырысты. Кабирден кейін, негізінде мұсылман болған патша Әкбар (1542-1605 ж.ж.) дін дегеннен гөрі, философиялық бір монотейзммен астасып кеткен, христриандық пен иудейлікті де қоса Үндістандағы барлық діндерді біріктіріп, арасынан ортақ дін ойлап шығармақ болды. Шындап келгенде Кабирдың жолын ұстанған әрі оның сенімін бір жүйеге келтіріп, қазіргі Сикхизмнің шығуына үлес қосқан адам Нанақ болатын. Нанақ б.з. 1469-жылы қазіргі Нанкана Саһип деп аталған Нахордың оңтүстік жағында 60 шақырым жердегі Талванди қыстағында туылған. Нанактың балалық шағы мен жастық шағы осы Талвандида өтті. Ол бұл қыстақтан кетпей тұрып, үйленіп екі балалы болған еді. Кедейлігіне қарамастан ол жоғары дәрежелі кастаға жататын жанұяның және үнділер көп шоғырланған ортаның баласы еді.
Нанак жас кезінде Талванди қыстағынан (Нанкана Сахиб) кетіп, Сұлтанпұр қаласына барады. Ол жерде мұсылман бір басшыға қызметке кіріп, көп жыл қызмет етеді. Бос уақыттарында орманға кетіп, терең ойға берілетін. Деректерге қарағанда, дәруіштікпен ел кезіп жүргенде Жаратушы оған, қорқыныш пен дұшпандықтан ұзақ тұратын, тумаған, ұлы Тәңірдің бар екендігі жөнінде уағыздау ісін тапсырды. Осыдан кейін Нанак 1500-жылы қызметін әрі Сұлтанпұрды да тастап, жалғыз әрі шынайы Тәңір жөніндегі ой пікірлерін таратуға тырысты. Осындай уағыздарымен әйгілі болған Нанак қасиетті орындарға зиярат жасады, әр түрлі дінді ұстанатын адамдармен талас-тартысқа түсті. Осы уақытта, бір бай оның беделін сыйлап, Рави өзені жағалауындағы Картапұр қыстағына орналастырды. Нанак өмірінің соңғы он жылын осы жерде өткізеді. Картапур қыстағында өзінің жаңа сенімін уағыздай бастайды. 1539 жылы 70 жасында дүниеден өтеді. Артына екі ұл және көптеген сикх (шәкірт) қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет