Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет90/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126
Діндер тарихы

4. Сикхтердің наным-сенімдері, діни

рәсімдері мен құлшылықтары


Сикхтер бір Тәңірге және Ади-Грантх атты қасиетті кітапқа, бір адамның іс-әрекеттерінің келесі өміріндегі жағдайына (Карма) әсер ететіндігіне және рух көшіне (танасух, ренкарнация) сенеді. Сикхтердің құлшылығы оңай әрі қарапайым. Әлеуметтік және діни орталығы – Амритсардағы Алтын ғибадатхана (Хариман). Алтын ғибадатхананың қауызында құлшылық мақсатымен шомылады. Ғибадатханға символ ретінде Ади-Грантх және бір қылыш қойылған. Діни құлшылықтары қарапайым дұғалардан, дәрет алудан және Амритсарға қажылыққа барудан тұрады.
Діндар сикхтың күнделікті құлшылығы үш діни үкімге қарай орындалады.
Ади Грантхты және Нанаққа тән үзінділерді жатқа оқу.
Отбасылық парыз ретінде күн сайын таңертең жиналып, Ади-Грантхтың кез-келген жерін оқу.
Ғибадатханаға (гурдвара) құлшылық ниетімен бару.
Сикхизмнің сенім және құлшылық түрлерінде мазхаптар арасында кейбір айырмашылықтар бар. Индуистерден бүтіндей бөлек, өзге бір қауым болып табылатын сикхтар туылу және үйлену діни рәсімдерінде индуизмнің рәсімдеріне мүлдем иек артпайды, брахманға мұқтаж емес және ведаларға жүгінбейді. Каста жүйесіне қарамай-ақ үйлене береді. Үйлену кезінде Ади-Грантхтан мәтіндер оқиды.
Сикхтар индуизмдегі секілді өліктерін өртейді, бірақ артында жесір қалған әйелдерін қоса жағып жіберуге тыйым салады. Жесір әйелдер мен әйелі өлген еркектердің үйленулеріне рұқсат етілген. Сиырға аса құрмет көрсетеді, солай бол тұрса да олар ет жейді. Олар индуистерден осы жағынан бөлінеді. Сикхтер темекі шекпейді және арақ-шарап дегенді татып алмайды. Олар қырынатындар және қырынбайтындар болып екіге бөлінеді. Нанаққа мойынсұнғандар сақал-шашын қырып тастайды, ал кхалсаға жататындар сақал қойып, шаштарын ұзын етіп өсіреді. Өлім жазасы мүлдем жоқ деуге болады. Адамдарға қарсы жасалған қылмыстың жазасы ақшамен өтеледі.
Сикхтар тәлім-тәрбиеге аса мән береді. Балаларын ерте кезден өмірдің түрлі қиыншылықтарына үйрете бастайды. Олар Үндістанның ең жақсы шабандоздары және әскерлері. Сондықтан бүгінгі таңда Үндістанның қорғаныс және қауіпсіздік қызметтерінің басым көпшілігін осы сикхтар атқарады. Әскерлікпен қатар егіншілікке де аса мән береді. Олар бірқатар фабрикалардың қожайыны болып табылады. Үнділердің әлемге әйгілі сапалы маталарын және қару-жарақтарын осылар өндіреді.
Бүгінде Үндістанда 10 000-ға жуық сикх бар. Санының аздығына қарамастан, әскерлік, тасымалдау, саясат, спорт және экономика салаларында беделді орны бар. Индуистермен сенім алшақтығы болғандықтан араларында жиі-жиі пікірталастар болып тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет