Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет95/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126
Діндер тарихы

Бөлім сұрақтары:
1. Зороастризмде ақырет сенімі бар ма?
2. Зороастризмнің құрушысы кім?
3. Зороастризм қай кезеңде пайда болды?
4. Зороастризмнің діни кітабы Гаталар қанша бөлімнен тұрады?
5. Авеста дегеніміз не?
6. Зороастризмде Мәһди сенімі бар ма?
7. Исламның келуімен Зороастризм толығымен жойылды ма?
8. Үндістан Зороастрилері кімдер?


14. БӨЛІМ

САБИЙЛІК ҰЛТТЫҚ ДІНІ

1. Жалпы мағлұмат


Құран Кәрімдегі үш аятта сабиилер жайлы сөз болады. Сол аяттардың екеуінде сабиилер иман келтіргендермен, иудейлермен, христиандармен қатар айтылса, өзге аяттарда мүминдер, иудейлер, христиандар, мәжусилер және серік қосушылармен бірге айтылады. Бұлардың екеуі де бір-біріне жақын мағынаға келеді. Бақара сүресінің 62 аяты мынадай: «Расында сондай иман келтіргендер, яһудилер, христиандар және сабиилер болып, кім Аллаһқа, ахирет күніне сенсе, Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды» (209). Құранда аты аталған сабиилерді «әһли кітап» өкілдерінің қатарына жатқызады (210).
Құранда тек қана үш аятта аты аталған, бұдан басқа жерде сенім және ғибадаттарының тарихи дамулары жайында Құранда немесе хадистерде бір мәлімет жоқ. Сабиилердің кім болғандықтарын, ұстанған діндерінің нені қамтитындығын ортаға қою қазіргі күн үшін, діндер тарихы пәні үшін де маңызды. Сондықтан сабиилердің діни сенімі ретінде танылған сабиилік жайында мәлімет беріледі. Жасалған зерттеулер сабиилікті ұстанушылар аз да болса өмір сүріп жатқан дін екендігін ортаға қойды.
Сабийлер қазіргі кезде Ирактағы Евфрат пен Тигр өзенінің біріккен жерінде, Ираның Иракқа шекаралас аймақтарында, Карун өзенінің аңғарында өмір сүреді. Сондай-ақ Бағдат пен Басра сияқты қалаларда да бытыраңқы өмір сүріп жатқан сабийлерді кездестіруге болады. Қазіргі таңда сабийлердің саны мейілінше азайып кеткен. Шамамен 20000-дай деп есептелінеді (211).
Құранда ишарат жасалған сабиилерге Исламнан бұрын арабтардың әр түрлі түсінік пен мағына бергендіктері белгілі болды. Кейбір хадистерде арабтардың Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ға және сахабаларына «сабии» дегендіктері тіркелген. Бұл атаулар «сабии» сөзіне берілген мағына «қайту», «ортаға шығу», «өзгеру», «иілу» мағыналарымен байланыстырылған. Аталарының ұстанған дінін тастап таухид сеніміне негізделген дінді қорғағандығы үшін Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ға «қайту», «иілу» және «өзгеру» мағынасында сабит (тұрақты) дегендіктері тіркелген (212).
Құранда және хадистерде сабиилердің кездесуі, Құран уахи етіліп жатқанда діни бір қауым ретінде сабиилердің болғандығын көрсетеді. Шынын айтқанда һижри алғашқы ғасырларда сабиилер, мұсылмандардың қол астына кірген және оларға зыммилік статусы берілген. Бұл статус халифа Мәмун кезеңінде (170-218Һ./ 786-833 М.) болған және бұл жайында түрлі риуаяттар кездеседі.
Сабийлердің тілі – маден тілі. Бұл тілде сабаа – «шомылдыру рәсімінен өту» (бой дәретін алу) деген мағынаны білдіреді. Сондықтан да сабии сөзі «кері қайту» емес бұл «бой дәретін алу» мағынасына келетін сабаа сөзімен қатысты екендігі алға тартылады.
Сабийлік б.з.д. 2000 жылдары пайда болған деген болжам бар. Қалай пайда болғандығы, оның негізін кім қалағандығы немесе оны кім таратқандығы онша айқын емес. Сондықтан сабийлік мейлінше күрделі, шиеленіскен діни құрылым болып табылады. Оның негізін салды дейтіндей пайғамбары да жоқ. Бір-біріне қарама-қайшы сияқты көрінген бірқатар сюжеттер біріктіріліп, кітап жазылған. Мұның себебі ретінде қасиетті кітаптарындағы мәліметтер көрсетіледі. Қазіргі кезде Евфрат, Тигр және Қарун өзендерінің аңғарындағы қалалар мен ауылдарда тұратын сабийлер көрші-қолаңдарынан бөлек, оқшау өмір сүреді. Бұл жағдай олар туралы түрлі пікір-көзқарастардың шығуына жол ашуда.
Сабииліктің ең алғаш қай жерде және қашан пайда болғанына байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Бұлардан сабии әдебиеттеріндегі көзқарастар, сенімдеріне сүйенгендіктен, қазіргі тұрғыдан маңызды. Өйткені, басты нәрсе қалай иман еткендігі. Бұл әдебиеттер бойынша сабиилік діндердің алғашқы түрі және Хз. Адаммен бірге пайда болған. Сабииліктің қасиетті кітабы Гинзада; Хз. Адам үшін үйленудің ретке келтірілгендігі, оның тәрбие етілгендігі және өзіне бір әйел берілгендігі және жанұясының көп тарағандығы кездеседі.
Сабийлікте діннің құрушысы, бір пайғамбар туралы айтылмайды. Сабийлердің сенімінде сабийлік «жарық елшісі» арқылы алғашқы адамға үйретілген, міне содан кейін ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, қазірге дейін жеткен. Бірақ Хз. Жақия сабийлікте өте маңызды тұлға болып табылады және оны «туралық пайғамбары», «тәңір елшісі» деп атады. Сабийлер Хз. Жақияны тәңірдің әмір-бұйрықтарын халыққа жеткізген елші, кейбір құлшылықтарды орындап, үйретуші ұстаз, зұлым күштерді жеңу үшін жарық жолын қуғандарға қасиетті жазбаларды жеткізуші ретінде қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет