Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


ә. Құлшылық және діни рәсімдер а. Құлшылық



бет58/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126
Діндер тарихы

ә. Құлшылық және діни рәсімдер

а. Құлшылық


Христиан дінінде құлшылық шіркеуде поптың басқаруымен көпшілік болып орындалады. Мұнымен қатар, жекелей де дұға оқып, ораза ұстау деген бар. Шіркеудің символы «айқыш» (Крест). Христиандар әр түрлі себептермен айқышқа сиынады. Құлшылыққа көпшілікті қоңыраулатып шақырады. Құлшылықтар күндік, апталық және жылдық болып бөлінеді.
1. Күндік құлшылық: Құлшылық әуел баста күніне жеті мәрте орындалып жүрген-ді. Кейінгі кезеңдерде тек таңертең және кешке орындалатын болып жүр. Шіркеу көпшілік болып орындалатын құлшылықтарды жеке құлшылықтардан жоғары санайтындықтан, көпшілік қауым зәру болмаса да, таңертеңгі, кешкі құлшылықты поптың қарауында шіркеуде өткізеді. Құлшылық уақыттары климаттарға және өмірдің кейбір шарттарына қарай өзгеріп отырады. Осындай құлшылықтар кезінде христиан қасиетті кітабынан үзінділер оқылады. Одан басқа діни әндер айтылады.
2. Апталық құлшылық: Жексенбі күні таңертеңгілік және кешкілік екі мезгіл орындалады. Жексенбі күні орындалған құлшылықтың христиандар үшін маңызы зор. Әрбір христиан ол күні шіркеуге таза болып баруға тырысады. Жексенбілік құлшылыққа қатысу католиктерде міндеттелсе, өзге ағымдарда жылына бір рет жексенбі күні барса, жеткілікті болып саналады. Мұны шіркеуге бағынышты екендігінің белгісі ретінде қабылдайды. Өйткені әрбір христиан шіркеумен тығыз байланысты.
Христиан дінінде жексенбі күнінің маңыздылығы осы күні Хз Исаның қайта тірілуімен байланыстырылады. Жексенбі күні нан мен шарап діни рәсімін (евхаристия) жүзеге асыру арқылы Исаның рухани денесіне енуге болады деген сенім бар. Бұл құлшылық міндетті түрде шіркеуде поптың алдында орындалады. Жексенбі құлшылығында христиан дінінің қасиетті кітаптарынан үзінділер, дұғалар оқылады, діни әндер, уағыздар айтылады.
3. Жылдық құлшылық (ноел (Аяз ата, яғни Жаңа жыл), епифани, пасха мейрамы, крест мейрамы, Мәриям ана күні): Мейрам және еске алу күндері болып саналады. Шіркеудің жылы қалыпты жылдан бөлектеу. Кейбір мейрамдардың болатын күні нақты белгілі, кейбіреулері жыл сайын жаңадан белгіленіп тұрады. Мәселен рождество нақты белгіленген, ал Пасха мейрамы жыл сайын өзгеріп отырады, көбінесе 22 наурыз бен 19 сәуір аралығында жексенбі күні тойланады және әр жылы жаңадан белгіленіп отырады. Шіркеу жылында жалпы төрт кезең бар:
1. Адвентистік дәуірі: Исаның туған күніне дайындық ретінде төрт апталық тәубеге келу кезеңі
2. Ноел кезеңі: Исаның туған күні.
3. Үлкен пасхалық оразаға дайындық.
4. Пасха кезеңі.
Жылдық құлшылықтарға бірнеше мысал:
Ноел: Исаның туылуын еске алу үшін жасалынатын мейрам. Христиандықтың алғашқы үш ғасырында мұндай дәстүр жоқ болатын. Бұл ІV ғасырда бастау алған. Исаның туылған күнін құттықтау батыста 25 желтоқсанда, шығыс пен Армения шіркеулерінде 6 қаңтарда. Рождество 24 желтоқсан ақшамы христиандардың шіркеуде діни рәсімдер мен үйлерінде жасаған қасиетті түн көңіл көтерумен басталады. 25 желтоқсан күні таңертең шіркеуде ойын-сауықтар өткізіледі. Екінші мейрам 26 желтоқсан күні жалпы қонақтар күтіледі, сый-сияпаттар беріліп, ауруханалар және ешкімі жоқ балаларды зиярат етеді.
Алғаш рет рождество 336 Римде аталынып өтті. Шындығында Исаның туылған жылы мен күні нақты белгісіз. Христиандар римдіктердің Ираннан алған Митра дініндегі өлмейтін Күн Тәңірінің туылған күні мейрамын Иса үшін қолдана бастады. Бұл пұтқа табынушы Рим мейрамы 21-23 желтоқсан күндерінде тойланатын. Құрметті Николай мен Ноел Әке арасында бір байланыс болмағаны сияқты, миләди күнтізбе жыл бастауы болған жаңа жыл мен Ноел мейрамының бір-бірімен қатысы жоқ. Аяз Ата рождество түнінде балаларға сыйлықтар тарататынына сенілетін аңыздағы адам, шынайы тұлға емес. Қазіргі таңда рождество кешіне қатысты шыршаны безендіріп, аталып өтіп жатқан ойын-сауық діни емес фольклорлық мәнге ие. Христиандықта рождество белгілі уақыттың жыл айналымы емес, адамзатқа «нұр» шашатын Тәңірдің ұлының жер бетінде Тәңірдің тәнге енуінің бір бейнеде көрінуі.
Ноелге қатысты және оның жалғасы ретінде аталып өтетін христиан мейрамы Епифани (Epiphanie). Бұл сөз «көріну», «белгілі болу» мағынасына келеді. Тектілерге, шопандарға бала Исаның көрінуі. Бастапқыда бұл мейрам рождествомен байланыстырылған. Кейіннен аталып өтілетін күні мен түрлерінде шіркеулер арасында айырмашылықтар болған. Батыста рождество 25 желтоқсанда, Епифани 6 қаңтарда, шығыс шіркеулерінде, Грегориян Армения шіркеулерінде рождество мен Епифани бастапқыда болғанындай 6 қаңтарда аталып өтіледі. Алғашқыда бұл мейрам Исаның Бетлеһемде (Бәйт Ләһим), Иордания өзенінде шомылу кезінде Кана деген жерде бір тойда көрінуі, «Тәңір екендігін жариялауын» еске алу үшін аталып өтілетін. Уақыт өте келе Исаның баптизм жасағанын еске алу үшін тойланатын мейрам болды. Бұл Исаның туылуын, сүндеттелуін және Тәңірлігін де еске түсіруде.
Негізінде христиандықтан бұрынғы уақыттарда ежелгі сенім-нанымдар мен мәдениеттерге қатысты және оларды бейнелейтін өлетін әрі тірілетін Тәңір мейрамдары христиандыққа да енген. Христиандық сипатқа ие болды.
Пасха: Ивритше көшу мағынасына келетін «pesah», Грекше «paskhalia»-дан шыққан. Христиандықтың алғашқы кезеңдерінде иудей пасха мейрамымен қатар келетін бір мейрам. Ол уақыттарда христиандар Хз. Исаның базар күні тірілуін әр жексенбіде атап өтетін. Шіркеулер пайда бола бастаған уақытта шіркеулерде арнайы пасха күні белгіленіп қабыл етілді. Пасха ең үлкен христиан мейрамдарының бірі. Пасха шығыс шіркеулері үшін өте маңызды. Адамды мәңгілік өлімнен құтқаратынына сенілетін Исаның қайтадан тірілу оқиғасы шіркеудің және әрбір адамның өмірінің орталығы болып саналады. Ортадокс пен католиктердің пасхаларының арасында уақыт жөнінен ерекшелік бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет