2. Нан мен шарап діни рәсімі (Euharistie, Evharistiya, Ökarist): Бұл діни жоралғы, евхаристия – айқышқа керілмей тұрып, Исаның шәкірттерімен ең соңғы кешкі асын еске түсіру рәсімі. Інжілдердің дерегіне сүйенсек соңғы кешкі асында Хз. Иса нанды турап, бөлді; бұл – менің етім деп шәкірттеріне берді. Содан кейін кесе толы шарапты беріп тұрып, бұл менің қаным деп ішкізді. Павел бұл оқиғаға жаңа сипат берді. Шіркеу мұны діни құлшылық рәсіміне айналдырды. Басында жылына бір рет орындалып келген болса, кейіннен апта сайын орындалатын болды. Ертедегі христиандар евхаристияны құрбандықтың бір түріне жатқызған. Қазіргі таңда шіркеулерде жасалып жүрген евхаристия құлшылық рәсімінде берілген нан мен шарап құрбандық ретінде қабылданады.
Евхаристия жексенбі күні шіркеуде жасалатын діни рәсім. Бұл рәсімде шіркеулер арасында өлке мен мәдениеттен туындаған кейбір ерекшеліктерден басқа жалпы бірдей нәрселер орындалады.
3. Қуаттандыру (Confirmation-конфирмация): Шомылдыру рәсімінен өткен баланың тұла бойын қасиетті маймен майлау. Ол шомылдыру рәсімінің бекітілуі болып табылады. Бұл рәсім шығыс шіркеулерінде шомылдыру рәсімінен кейін артынша, ал батыс шіркеулерінде біраз кейіндеу орындалады. Шомылдыру мен қуаттандырудың арасында өзара байланыс болғандықтан Шіркеу бұларды бірінің артынан бірін орындауды ұйғарды.
Майланған бала шіркеудің арнайы дайындалған жеріне апарылады. Ол жерде оған конфирмация наны жегізіледі. Жей алмайтын жаста болса ерніне тигізеді және осылайша ол бала шіркеудің бір мүшесі болады.
4. Күнәні мойындау (Penitence): Күнәға байланысты жоғалтқан шомылдыру игілігіне қайта оралу үшін жасалған діни рәсім. Күнә істеген адам күнәларын мойындайды. Шіркеу атынан кешіру құқына ие діндар поп күнәһар пендені кешіреді. Қаншалықты күнәһар болғанымен, егер пенде күнәсін мойындап, тәубе етсе, бүкіл күнәлары кешіріледі. Қолдан кеткен игіліктерін жаңадан қайтарып алады. Кейбір жағдайларда шіркеу әкейі күнәһар адамға жаза да тағайындауы мүмкін.
5. Соңғы май жағу рәсімі (Extrime-Onction): Қасиетті майдың жағылуы, әрі шипа, әрі күнәлардың кешірілуі, әрі қиналмай жантәсілім ету үшін науқастарға май жағатын діни рәсім.
Достарыңызбен бөлісу: |