II.2. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының баланың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі.
«Үйді қорғау есіктен, Елді қорғау бесіктен» демекші, ұлттық құндылықты дәріптеуді бесіктен бастап, яғни оның бір жолы – ерте жастан бастап балалар қолданатын бұйымдарды пайдалану.
2023 жылдың мамыр айында Өзбекстанда бокстан әлем чемпионаты болды. Төрт қазақ боксёрі чемпион болды. Әнұран ойнаған кезде, Әнұран тоқтап қалып, көрермен болып барған қазақтар Әнұранды айтып берді. Көзге жас келді. Жыладым... Көк туымыз желбіреді. Қазақ болып туылғаныма мақтандым.
Осы оқиғадан кейін менде мазасыз ойлар пайда болды. Ол қандай ойлар? Ойландыратыны менің жанымда жүрген ұл–қыздардың, айналамның орыс тілінде сөйлейтіні.
Қазір бала бойында Отансүйгіштік, патриоттық сезімді қалыптастыру дегенді жиі айтамыз. Ал іс жүзінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуді қалайша қалыптастырамыз?!
«Ағылшынша армандап, орысша ойлап, орысша сөйлеп» жүрген ұрпаққа Мәшһүр Жүсіп қазынасын, яғни осы уақытқа дейін өзектілігін жоғалтпаған, құнды, баға жетпес шығармаларын, қанатты сөздерін пайдалануды, бойларына сіңіруді ұсынғым келеді. Өйткені Мәшһүр Жүсіпті тану - қазақты тану.
Қазақшасы кем Елорданың қарадомалақ баларының орысша сайрап тұратыны айтылы - айтыла жауыр болған тақырыптардың бірі. Бірақ жауыр болған тақырып деп, болашақ ұрпақтың өзге тілде сайрау індетін жылы жаба қоюға болмайтын мәселелердің бірі деп білемін. Қазір Мәңгілік ел туралы айтамыз. Егер ұлттың тілі болмаса, қалай Мәңгілік ел іргетасы қаланады?!
Егер үйде әжесінің әлдиімен, ертегісін тыңдап ұйықтаса, мұндай өз тілін білмеу індеті болмас па еді деп те ойлайсың, бірақ олардың басым көпшілігінің әжелері алыста. Олар амал жоқ, шетелдік мультфильмдерді көріп, «Карусельдің» әлдиімен ұйықтайды.
Ініміз дүниеге келгенде жүріс арбасын (ходуньки) іздеп музыкасын қосқанда, әрине қытай тілінде әндеткен. Себебі қытай елінен шыққан. Ал менің ұсынысым балалар ерте жастан бастап отыратын жүріс арбасына және тамақтануға арналған үстелге Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын орнату, яғни жүріс арбасының және тамақтану үстелінің батырмасын басқан кезде, Мәшһүр Жүсіптің шығармаларының айтылуы. Ол қандай шығармалар?!
Достарыңызбен бөлісу: |