Дайындалған заттардың, яғни өнімдердің суреттері ұсынылады.
Батырмасын басқан кезде, Мәшһүр Жүсіптің шығармалары айтылатын жүріс арбасы, тамақтану үстелі, ойыншық көлік.
II.3. Шығармалардың баланың жеке тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетіндігін зерттеу. Жүргізілген зерттеу нәтижесі
Зерттеудің жаңалығы. Мәшһүр Жүсіп шығармаларын ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуде қолдануды ұсыну. Батырмасын басқан кезде Мәшһүр Жүсіп әндері айтылатын ерте жастағы балаларға арналған жүріс арбасының, бала тамақтанатын үстелдің дайындалып жасалуы.
Зерттеудің нәтижесі және қорытындысы. Зерттеуге 2 жастағы Айсұлтан есімді кішкентай бала алынды. Батырмасын басқан кезде Мәшһүр Жүсіптің әндері айтылатын жүріс арбасын Айсұлтан 2 жасынан бастап пайдаланды. Айсұлтанның ата -анасы қазақ, орыс тілінде аралас сөйлесе де, Айсұлтанның тілі өте анық, таза ана тілінде шықты. Қазақ тілінде өлең, жыр, бата, тақпақтар жаттауға жоғары қызығушылығы байқалды. Зерттеуге алынған Айсұлтанда мынадай нәтижелер болды: Айсұлтанның көптік ортада еш қымтырылмай сөз сөйлеуі, айналасына мейірімділігі, жанашырлығы, ненің дұрыс, бұрыстығын ажырата алуы, өте жоғары есте сақтау қабілеті, 4 жасында барлық әріп пен санды үйреніп, өзге де тілдерді меңгеруі тәрізді нәтижелері болды. Орыс, ағылшын тілін меңгере бастаса да сөйлеуде қазақ тілін қолданады. Сөйтіп ата-анасы Айсұлтанды орыс балабақшасынан алып, қазақ балабақшасына ауыстырды. Бұл менің зерттеу жұмысымның ең басты жеңісі, ең басты жетістігі деп білемін. Яғни бір қазақ баласы орыс балабақшасынан қазақ балабақшасына ауысты. Әрине, ол кейін қазақ мектебіне барады. Кішкентайынан осындай қасиеттері, жетістіктері байқалған бала ол елі үшін, өз Отаны үшін қызмет ететін болады. Себебі ол қанша тілді меңгерсе де оның жаны қазақ, жүрегі қазақ, тұла бойы «Мен қазақпын» деп сайрап тұр. Себебі оған кішкентайынан домбырадағы ән арқылы оның санасына оның қазақ екендігі құйылған.
Достарыңызбен бөлісу: |