Адырбекова г. М. Органикалық химияның теориялық негіздері


Жұмыс. Органикалық қосылыстарды бөлу және тазарту



бет14/16
Дата24.04.2024
өлшемі322.5 Kb.
#499694
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ОХТН зертханалық

13.Жұмыс. Органикалық қосылыстарды бөлу және тазарту
Жай айдау. Жай жолмен айдау негізінен құрамында тез ұшпайтын араласқан заттардан тұратын қоспаны тазарту үшін, немесе оларың қайнау температуралары бір-ірден айырмашылығы 900 тан кем болмаған жағдайда қолданады. Сұйықтықтың бетіндегі бу қысымының атмосферелық қысыммен теңдескендегі көрсететін температураны айтамыз. Егер сұйықтықтың үстіндегі бу қысымын белгілі бір жағдай туғызып төмендетсек, онда айдайтын заттың қайнау температурасы төмендейді. Керісінше қысымды жоғарылатсақ, қайнау температурасы жоғарылайды.
Жай жолмен айдау үшін қолданылатын прибордың құраьына мына құрал-жабдықтар енеді. Рюрца колбасы/ айдау колбасы/, электр плитасы, термометр, мұздатқыш, аллонж, қабылдағыш колба.
Қайнау температурасы төмен /1500 дейін/ сұйықтықты айдау үшін рюрца колбасының бүйіріндегі түтігі жоғары орналасқан болса жөн және оған Либих мұздатқышын қолданады. Ал жоғары температуралы сұйықтықты 1500-тан жоғары айдау үшін бүйірдегі түтігі төмен орналасқан Рюрца колбасы және ауамен салқындайтын мұздатқыш қолданады, себебі сумен салқындайтын мұздатқыш мұндай жағдайда жарылып кетуі мүмкін. Айдау приборын былай жинаймыз. Алдмен электр плиткасын үстелге қойып, сол плитқаның үстіне белгілі қашықтықта/қашықтық айдайтын заттың қайнау температурасына байланысты /Вюрца колбасын лапкамен қыстырып лабараториялақ штативке бекітеміз. Содан кейін, колбаның бүйіріндегі түтігінің деңгейімен еңкейген бұрышына сәйкес келтіріп мұздатқышты бөлек бекітеміз. Мұздатқышты бекіткен лапканы сйл босатып бір қолымызбен Вюрца колбасының бүйіріндегі түтігінің ұшын ұстап екінші қолымызбен мұздатқыштың қолба жақтағы басын ұста екеуін жалғаймыз. Колбаның мойнына термометр қондырамыз, термометрдің сынап бағанасы бүйірдегі түтіктің 0,5 см төмен тұруы керек . Сосын мұздатқышқа алонж жалғаймыз. Егер айдайтын заттың ылғал тартқыш қасиеті болса, ауадағы ылғалдан қорғау үшін, аллошждың бүйіріндегі түтігіне хлорды кальций түтігін жалғаймыз. Қабылдағыш ретінде конус бейнелі колбалар қолданылады. Сұйықтықтың біркелкі қайнап, аса қызып кетпес үшін, айдауды жүргізер алдында сұйықтыққа қайнатқыш тасын яғни форфор ыдыстың ұсақ сынығының 3-4 түйірін , болмаса ұсақ шыны капилляр түтіктерін саламыз. Есіңізде болсын, қыйнатқыш тасын қайнау басталғанда салуға болмайды; ол бу түзілуін үұдетіп, сұйықтық шашырап кетуі мүмкін. Рюрца колбасы айдайтын сұйықтықтың көлеміне қарай алынады: сұйықтық колбаның ½ әрі кеткенде 2/3 көлемін алу керек. Айдалатын заттың қайнау температурасына байланысты ір түрлі қыздырғыш приборы пайдаланылады. Қыздыру күші шамамен алғанда 2 секунд 1 тамшы қабылдағыш колбаға тамып тұруын қамтамасыз ету керек. Егер араласы жоқ таза затты айдасақ. Айдау біткенге дейін термометрдің көрсетуі тұрақты болады. Айдауды колбаның түбінде 2-3мл сұйықтық қалғанда тоқтотады, әйтпесе жарылып кетуі мүмкін. Айдауды колбаның түбінде сұйықтық қалмай, құрғағанға дейінжүргізуге болмайды.


Фракциялық айдау. Егер араласқан сұйықтықтардың қайнау темперетурасы бір-біріне жақын болса, яғни қайнау температураларының бір-бірінен айырмашылығы аз болса, оларды бір-біріне бөлу, немесе тазарту үшін фракциялық айдау қолданылады. Егер жей еуданда араласқан сұйықтықтар буға айналған бойда мұздатқышқа өтып салқындатылса, фракциялық айдауда түзілген будың бәрі мұздатқышқа өтпейді, біразы қайтіп аудау колбасына құйылады.Себебі, бастапқы қыйнағанда буға бір емес бірнеше сұйықтық бірден айналуы мүмкін, сондықтан, температурасы жоғарырақ бу мұздатқышқа өтеді, сол төмен темперетуралысы айдау колбасына қайта олалады, сөйтіп сатылы айналады. Айдалған заттың тазалығы араласқан сұйықтықтың табиғатына, айдау қондырғасындағы дефлегматордың құрылысына байланысты.
Фракциялық айдауға қолданылатын қондырғының құрамына түбі дөңгелек колба, дефлекматор, Вюрца колбасы, термометр, мұздатқыш, аллонж, қабылдағыш колба және қыздырғыш енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет