Адырбекова г. М. Органикалық химияның теориялық негіздері



бет11/16
Дата24.04.2024
өлшемі322.5 Kb.
#499694
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ОХТН зертханалық

11.Жұмыс. Көмірсулар
Көмірсуларға ортақ, реакция (Молиш реакциясы). Үш пробиркаға 1—2 мл су құйып, бірінші пробиркаға бірнеше туйір қант, екіншісіне бірнеше түйір крахмал, үшіншісіне сүзгі қағаздың кішкентай 2-3 мм бөлігін салып, үшеуіне де 2-3 тамшыдан ά-нафтол тамызады. Қоспа суда нашар еритін нафтол әсерінен лайланады. Қоспалардың үстіне пипеткамен 1 мл концентрациялы күкірт қышқылын тамызады. Пробиркаларда – нафтол мен су қоспасы арасында қызыл-күлгін түсті сақина түзіледі де, шайқаса, қоспа қызып, толық боялады. Қоспаға су қосып сұйылтса, боялған заттар ірімтіктеліп бөлінеді.
Егер алынған заттар углевод болмаса, қоспада қышқыл әсерінен күлгін түсті сақина түзілмейді. Мұнда углеводтармен ά-нафтол арасында күрделі реакциялар жүреді
Көмірсулардың концентрациялы қышқылдар әсерінен ыдырауы. Үш пробирка алып, біреуіне 2-3 мл қызылша қантының, екіншісіне глюкозаның, үшіншісіне фруктозаның ерітінділерін құяды. Бірінші пробиркаға сондай мөлшерде күкірт қышқылын қосып, араластырмай қойып қояды. Қоспалары күкірт қышқылы ауыр сұйық болғандықтан, алдымен қант ерітіндісінің астына өтеді де біртіндеп қара-қоңыр сақина түзеді. Егер қоспа суық болса, сақина түзбеуі мүмкін, ондай жағдайда аралас­тырмай, аздап қыздыру керек. Екінші, үшінші пробиркаларға 2 мл концентрациялы тұз қышқылын қосып 20-30 сек кайнатып, екеуіндегі пайда болған өзгерістерді байқайды. Углеводтар қышқыл әсерінен ыдырау процесіне ұшырайды.
Көп атомды спирттерді тотықтырып қантты заттар (триоза) алу. Пробиркаға 5 тамшы глицерин мен 5 мл 10 проценттік сода ерітіндісін құйып, оның үстіне сары түске боялғанша араластырып, бром суын тамызады да, қоспаны түссізденгенше қыздырады. Ертіндіге глицероздың пайда болғанын анықтау үшін, қоспадан бір пробиркаға 2-3 мл бөліп алып, оған күміс оксидінің аммиактары ерітіндісін қосады да, қоспаны су жылытқышта аздап қыздырады. Сол кезде пробиркада күміс айна немесе қара түсті Ag таңбаға түседі. Ол триозадағы альдегид тобына тән қасиет:








Күміс оксидінің тотықсыздануы. Таза екі пробирка алып, екеуіне де 3 мл күміс оксиднің аммиактары ерітіндісін құйып, біреуіне 3 проценттік глюкоза, екіншісіне 3 проценттік фруктоза ерітіндісінен 2 мл қосады да, 70о-80° су жылытқышта 4-5 мин ұстағанда, күміс тотықсызданып, жеке күйінде пробирка қабырғасына қонады немесе қара түсті тұнба түзеді:




Мыс (II) гидроксидінің тотықсыздануы. Пробиркаға 3 мл 3 проценттік глюкоза, 2 мл 30 проценттік натрий гидроксиді ерітіндісін құйып, оның үстіне 0,5 мл СuSО4 ерітіндісін қосады да, қоспаны аздап қыздырады. Нәтижесінде глюкоза глюкон қышқылына дейін тотығып мыс (1) оксидінің қызғылт тұнбасы түзіледі:






Фелииг сұйықтығымен реакция. Пробиркаға 2-3 мл фелинг сұйығымен 0,5 мл 1 проценттік глюкоза ерітіндісін құйып, қоспаны қайнағанша қыздырады, реакция нәтижесінде мыс (1) гидрсксидінің қызыл түсті тұнбасы түзіледі.
Кальций глюконатының түзілу. 30 мл суға 5 г глюкозаны ерітіп, оған 10 мл бром суын қосып, үй температурасында бром толық ерігенше араластырып, пайда болған ерітіндіні Вюрц колбасына құйып (тартпа шкафта), су жылытқышта ашық-қоңыр түсі түссізденгенше қыздырады. Қыздырғаннан кейінгі ерітіндіге 50 мл су қосып, сұйылтады да, құрамындағы бромсутек қышқылынан айыру үшін фарфор стақанға құйып, қорғасын карбонатының, негіздік тұзынан аздап қосып, араластырады. (Қоспа толық нейтралданғанша). Қоспаны қорғасын тұзының тұнбасынан сүзіп бөлгеннен соң ерітіндіге 3 г кальций карбонатын қосып 10 мин қайнатады. Қоспаны қайта сүзеді де, алдымен жалында, содан кейін су жылытқышта 10 мл қалғанша буландырады. Қалған ерітіндідегі пайда болған кальций глюконатының кристалдануын тездету үшін бірнеше тамшы этил спиртін тамызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет