Адырбекова г. М. Органикалық химияның теориялық негіздері


Лаборатория сабағында сақталатын қауіпсіздік ережесімен таныстыру



бет2/16
Дата24.04.2024
өлшемі322.5 Kb.
#499694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ОХТН зертханалық

Лаборатория сабағында сақталатын қауіпсіздік ережесімен таныстыру

Химиялық заттардың аз санымен жұмыс істеу бақытсыз жағдайлардың болмауына сабабін тигізеді, бірақ оны толық жоя алмайды. Сондықтан лабораторияда жұмыс істеуден бұрын бақытсыз жағдайлардың мүмкін болу себептерін, оларды болдырмау және жою жолдарын үйрену қажет.


Әсіресе бақытсыз жағдайлардың жиі кездесетін себептері мыналар.
Пробиркадан сұйықтықтың алынуы. Өте жиі кездесетін атылу жіңішке пробирканы ашық отта қыздырғаннан болады. Мұндай жағдайда пробирканың аузын өзіңе қаратпай ұстау керек. Әсіресе сұйықтықтың шашырандыларының көзге түсуінен сақтау қажет. Сұйықтықтың атылуы қатты қцыздырып жібергеннен де болады, сондықтан қыздырғанда пробирканы үзбей айналдырып тұру қажет. Анда-санда пробирканы абайлап сілкуге болады.
Сонымен қатар, пробирканы тікелей емес, мүмкіндігінше жанайтып ұстау керек.
Абайлап қыздырып және жанайтып ұстағаннан шашырандылар пробирканың қабырғасына ұрылып сыртқа атылмайды.
Сұйықтықтың атылуының тағы бір жиі кездесетін себебі кептірілмеген пробиркада суда ерімейтін заттарды ( май, нафталин және т.б.) қыздырғанда болады. Пробирканы судың қайнау температурасынан артық қыздырғанда, соңы қатты жарылумен, ішіндегіні ала атылады, барлығына белгілі қайнаған майға су тигендегі эффекті жүреді.
Кейде сұйықтықтың атылуы реакциялық массаны қатты қыздырғанда көпіруінен де болады. Мұндай жағдайда газдың немесе будың бөлінуі тасқынды болмауы үшін қыздыруды азайту қажет. Реакция баяулап кетсе, әрине қыздыруды күшейтіп, реакцияның бірқалыпты жүруін қадағалау қажет.
Газды шығару түтігінен сұйықтықты бөлу. Газды шығару түтігімен жұмыс істегенде есте сақтайтын жәйт, реакциялық қоспасы бар пробирканың жалынын газды шығару түтігін сұйықтықтан алып тастағанда ғана мүмкін болады. Газды шығару түтігі сұйықтыққа батырылып тұрғанда жалынды алып тастасақ реакциялық массасы бар пробирканы салқындатқанда газдың (будың) көлемі азайып, сұйық газ шығару түтігінен жоғары көтеріліп, пробиркаға түседі. Мұндай жағдайда тәжірибе рәсуа болады да, қыздырылған пробирка жарылып, студеннің қолы немесе бетін жарақат етуі мүмкін.
Газды шығару түтігінде сұйық көтеріле бастағанда пробирканы тез төмен түсіру қажет, сұйықтықтың деңгейі газды шығару түтігінен төмен болуы және реакциялық массасы бар пробирканы біржолы қыздыра беру қажет. Газдың бөлінуі қайта бастағанда және сұйық түтіктен желкелеткенде, бастапқы қалыпты жағдайына келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет