Ағылшын тілінде жазуға үйрету үшін қойылатын талаптар



бет10/14
Дата03.12.2022
өлшемі5.64 Mb.
#466359
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
stud.kz-96640

Ойлан да, аяқта! Бұл ойын арқылы оқушылар керек сөзді есіне түсіру арқылы сөздік қорын толтырып, ол сөзді тез жаттап алады.

  • лимон қышқыл, ал қант______

(lemon is sour and sugar is______)
- егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық үстелден_____
(if a table is higher than a chair, the chair is _______)

(four is more than two, two is____ )
Ағылшын тілінде жазуға үйретуде мынадай қызықты тапсырманы таратпа материалмен өткіздім. Берілген суреттерді өзінің бөлмесіне апарып жазу керек.
4-Кесте. Look at the pictures below, then write the name of each object under the correct room.

Қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанымды, өзімнің тұлғалық қабілеттерімнің болашақ мамандығыммен үйлесімділік деңгейін анықтауда, оқу орындарымда теориялық оқу барысында алған білімімді нығайтуда және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруде, іскерлік пен дағдыларымның қалыптасуында және өзіме деген сенімнің артуында, қарым-қатынас психологиясын меңгеру, әр оқушымен жеке дара жұмыс тәжірибесінің дамуы, ата-анамен байланыстың күшеюі, оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуі, еңбекке қатынас, үлкенді сыйлау, т.б. мінез-құлықтардың қалыптасуында – педагогикалық тәжірибенің алатын орны зор, маңызы ерекше. Себебі мен —өзімнің бейімділігімді, шеберлігімді, ыңғайлылығымды, алған теориялық білімдерімді мектеп өмірімен байланыстырып отырғанда ғана жүзеге асыра аламын. Тек сонда ғана мұғалімге тән педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетуге жол ашылады. Болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық практиканың мәнін қөтерудің бірнеше себебі бар: біріншіден, жоғары оқу орны қабырғасында өткізілген теориялық дайындықтар нәтижесі педагогикалық практика кезінде қолданылады да, оның жетістігі мен кемшілігі айқын көзге түседі. Екіншіден, педагогикалық практика кезінде біз оқушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсу арқылы жеке дара ерекшеліктеріміз бен қабілеттеріміз айқындалады, мінез құлықтарымыздағы кейбір кемшіліктерді түзетуге ұмтыламыз. Үшіншіден, педагогикалық практика кезінде студенттердің өзіндік «менінің» мәні арта түседі. «Мен білемін», «үйренемін», «үйретемін», «тәрбиелеймін», «қарым-қатынас жасай аламын» деген сияқты сеніміміз нығаяды. Бұл тәжірибе барысында оқушыларды тәрбиелеуге көңіл бөле отырып, мен өз-өзімді тәрбиелеумен айналыстым, қиындықты жеңуге, сол сәтте кездескен проблемалардың шешімін табуға үйрендім, педагогикалық ойлау қабілетім дами түсті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет