Ағылшын тілінде жазуға үйрету үшін қойылатын талаптар


Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері



бет7/14
Дата03.12.2022
өлшемі5.64 Mb.
#466359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
stud.kz-96640

2.3 Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.
Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, жаңа сөз бірліктерін енгізуде міндетті түрде суреттермен көрсету, сөздерді қайталау, жатқа айту сияқты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың есте сақтауы артып отырады. АКТ құралдарын пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артады, сабақта белсенділік танытады.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдану керек. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз шығармашылықсыз, толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дегендей, әр сабақ барысында әр түрлі ойын элементерін пайдаланамын. Оқытудың бастапқы этапында ерекше рөлді балаларда пәнге деген қызығушылықты қалыптастыруда бұл мәселелердің шешімін әртүрлі ағылшын тіліндегі ойындар арқылы табуға тырысу қажет. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Ойын әдісін қолдану оқушыға ерекше әсер ету үшін оны дұрыс жоспарлау керек. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршағанын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздену дағдысының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын - практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, пысықтауды көздейді. [14, 10-13]
Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:

  • Әліпбиді дұрыс меңгерту;

  • Орфографияны дұрыс оқыту;

  • Оқу дағдысын қалыптастыру;

  • Лексиканы меңгерту;

  • Грамматикалық құрылымды меңгерту;

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «доппен ойыны» — балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін айтып, яғни жалғастыру керек. «Сөз құра» — суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы санды дұрыс оқымайды мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек, «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп « What colour is it ?” балалар It’s red деп жауап береді . Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады. [12, 230]
Ағылшын тілін оқытуда ерекше орынды драматизациялық ойындарға беруге болады. Драматизациялық ойындарды жүзеге асыруда ағылшын фольклорының танымал ертегілері, мультфильмдері, тақпақтар таптырмас құрал болып табылады. Мысалы: «The three little pigs», «Little mouse», «Old Macdonald» және т.б. Бұл қойылымдар балаларға бұрыннан белгілі лексикадан, сөз тіркестерінен құралады. Әлемдік тәжірибе көрініс ойындардың дайындалмаған сөйлеу қабілетінің дамуына тигізетін әсерінің зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл көрініс-қойылымдар оқушының тілдік компетенттілігінің жоғарылауына септігін тигізеді, тілді тезірек «сезінуге» көмектеседі, ағылшын мәдениетімен танысуға өз үлесін қосады.
Шетел тілін тыңдап түсіну қабілеттерін дамыту үшін радиобағдарламалар, подкаст тыңдатып, көркем, деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады. Түсініп тыңдау жұмысы кезінде естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Онда шағын мәтін немесе сөйлемдер оқылып, тыңдалған мәтінді қайталап тыңдау арқылы екі-үш сөйлемнен мәтіннің мазмұнын айту, сипаттама беру, сөйлемдер құрастыра білу сынды жұмыстарды жан-жақты жүргізген тұста істің нәтижелі болатынына көз жеткізе аламыз. Олар өз пікірін айту үшін мәтінді жоспар жазбаларын пайдалануына болады. Шетел тілінде тыңдағанын, естігенін білу біліктілігі басқа шет тілін игерушілермен сөйлесуде тілдік қарым-қатынас жасауға қажетті жағдайлар тудырадыү
Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі.
Бастауыш сыныптың оқушылары тез шаршап кетеді, сондықтан сергіту сәттерін қолданып отыру, оқушыларға қозғалуға, жүруге мүмкіндік беру, әр тапсырманы 6-7 минутта орындап, тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет.
Ағылшын тілін үйрету барысында ең басты мақсат көбірек грамматикаға көңіл бөлу керек. Оқушылар грамматиканы дүрыс білсе, ағылшын тілінде сөйлемдерді де дүрыс қүра алады. Оқушыларға бірден барлық грамматикалық қүбылыстарды меңгеру мүмкін емес. Соңғы кезде сөйлеуде грамматикалық қүбылыстардың еріктен тыс еске сақтау процесіне көп мэн беріліп келеді. Негізінен 2 процеске көңіл бөлгеніміз жөн: Еске сақтау, Меңгеру.
Мектеп программасында грамматикалық материалдар лексикалық материалдармен тығыз байланысты. Грамматикалық тапсырмаларды беру мүғалімнің өз әдіс - тәсіліне байланысты. Мүғалім оқушыға қандай тапсырма арқылы тез үғындыра алады. Ол тест, ойын, карточка т.б болуы мүмкін. Жалпы грамматиканы төменгі сыныптан бастаған жөн. Мен көбіне тест тапсырмасына көп көңіл бөлемін. «The ABC test» Ағылшын әліпбиіндегі әріпті түгел жазып, дауысты дыбыстардың астын сыз. Мына адамдардың есімдерін ағылшын тілінде жаз. Мыс: Абай, Мұхтар, Тоқтар, Әлия т.сс
Грамматиканы үйретуде топпен жүмыс жүргізуде тиімді. Грамматиканы түсіндіргеннен кейін оқушыларға сөйлем қүратасыз немесе сөйлемді өзіңіз қүрап карточка арқылы бересіз, оқушылар өздері топталып отырып қүрайды, қанша сөйлем қүрағаның тексересіз.
Тіл бейнелігінің бірден-бір көрсеткіші мақал-мәтелдер. Мақал мәтелдерден халықтың ой санасы, дүниеге көз қарасы, ақыл өнегесі мол көрініс табады. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдығымен ерекшеленеді. Шетел тілінде сөйлеуді меңгеріп қана қоймай, шет тілде әдемі, шебер, көркем сойлей білуіміз керек. Ол үшін алдымен ана тіліндегі мақал-мәтелді жақсы білу қажет. Себебі қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің ағылшын тіліндегі баламасын ауызекі сөйлеуде қолдану керек. Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерде қазақ тіліндегідей оң бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ырғақтылық байқалады. Мысалы:
East or West, home is best. Өз үйім өлең төсегім.
Қазіргі елімізде оқыту мазмұны жаңартылуы, жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылықпен жұмыс, ізденіс оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын талап етеді. Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің эйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» - деген. Шығармашылық қабілетті дамыту тұлғалық дамытушылық оқытудың мақсаты. Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интелектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық мінез құлық ерекшеліктерінде көздейді. Оған жігерлілік жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен табандылық, іздену, өзіне деген сенімділік жатады. Мектептерде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда сыныптан тыс шаралар, рефераттар, жеке тапсырмалар орын алады. Шығармашылық тапсырма беруде мен оқушыларға реферат, жеке тапсырмалармен қоса тақпақ, өлең шумақтармен, кроссворд құрау, сөзжұмбақ шешу сияқты оқушылардың өз бетімен ізденісіне көбірек көңіл бөлемін. Мысалы: өлең шумақтарын берген кезде өлеңді қазақшаға ұйқастырып аудару, немесе басқа ақын шығармаларынан ұқсас аударма табу. Мұндай ізденіс түрі оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырумен қоса ауызша сөйлеу іскерлігін дамытуға және пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. 12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің ірге тасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алушыға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. [1, 25]
Сабақ мұғалімнің шығармашылық ізденісінің туындысы. Үздіксіз іздену - бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі.
Ағылшын тілін үйрету барысында көбінесе әндерді, рөлдік ойындарды жиі қолдану — тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құрап үйренуге, оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында, рөлдерге бөліп оқығанда оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI – ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым – қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Шетел тілінің қызметі – оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан – жақты дамыту. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым – қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады.
Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады емес пе? Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс – бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез–келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады.
Ұстаздардың студентке берілетін ғылым негіздерін, олардың болашақ іс-әрекеттерінің негізі берік, әрі тірегі мықты болатындай етіп оқыту – ұстаздар қауымына жүктелген зор жауапкершілік, үлкен міндет. Ал нәтижелі білім беру үшін әр баланың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу керек. Ол үшін баланың талабын, белсенділігін, бейімділігін, ой-санасының дам дәрежесін, мінез ерекшеліктерін дәл анықтау қажет.
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.
Ағылшын тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды,оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым – қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым–қатынас жасауға мүмкіндік туады.
Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға - мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат - рухани жан дүниесі бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.
Қазақтың қаһарманы Б.Момышұлы: «Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің қорын игерумен бірге, басқа тілдердің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал» дегендей қазіргі кезде ағылшын тілін ерте жастан меңгертудің маңызы зор. [13, 126]
Жаңа заман талабы білікті азамат, білімі жоғары, шет мемлекеттердің білім стандартына бәсеке бола алатын маман даярлап шығаруды талап етуде, сондықтан елімізде шет тілін меңгеру жоғары деңгецде қарқындап отыр. Ендеше, Елбасының қолға алған алғашқы саясатының бірі – үштұғырлы тіл мәселесіне орай шет тілінің даму аясы ерекше көрініс тапты. Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру елімізідің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Шет тілін меңгеру – заман талабы. Елбасы өз сөзінде «Ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл», - деген еді. Жаһандану дәуірінде көштен қалмай, үзеңгілес келе жатқан еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени жаңарулар мектептегі пән ретіндегі оқытылып отырған ағылшын тілінің өрісін кеңейтті. Жылдан жылға ағылшын тіліне ықыласы артқан адамдар саны көбеюде, шет тілін жаппай меңгеру кезек күттірмес мәселеге айналды. Осыған орай елбасымыз «Қазақстанның жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді меңгеруі керек: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеуі шарт» - деген болатын.
Яғни, мен өзімді болашақ ұстаз ретінде үштұғырлы тіл саясатын берік ұстанған, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беруді басты міндетім деп білемін. Әр пәннің өз қиындығы бар, шет тілінің оқылуы мен жазылуы әртүрлі болғандықтан фонетикалық аспектілерге тоқталмай өту мүмкін емес. Жалпы шет тілін оқытудың мақсаты – шет тілін іс жүзінде меңгеру, оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану. Білімділік мақсаты – шет тілінде сөйлеуге үйрету, байланыста бола алу, ортақ тіл табысып, түсіну арқылы қарым-қатынасты нығайтуга ұмтылу болып табылады. Ал тәрбиелік мақсатына келетін болсақ – өзге елдің мәдениетімен танысу арқылы өз пікірі қалыптасып, ой-өрісі дамиды. Негізінен, нағыз шет тілі мұғалімі тілді меңгертуде лексикаға көп ден қойғаны дұрыс деп есептеймін. Лексика – қарым-қатынасты ұлғайтуда ең негізгі бағыт-бағдар беретін тілді меңгерудегі ең маңыздысы. Өйткені тілдік, яғни сөздік қоры бар оқушы грамматикалық қателігі болса да қарым-қатынасқа түсе алады. Әрине, грамматика қажет емс деп кесіп айтудан аулақпын, бірақ, тілдің қарым-қатынас құралы сөздіктің жақсы қалыптасуынан дегім келеді.
Ағылшын тілін үйретуде түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылады, сөздерді мағыналық заттан суреттер арқылы, түрлі макеттер мен заттар арқылы, тіпті ойыншықтар пайдалану арқылы түсіндіруге болады. Мүмкіндігінше, визуалды мысалдар келтірген жөн. Тіпті, мысалдарды өмірден алып, өз ортасымен байланыстырсақ, білім алушының қызығушылығы артады. Демек, шет тілін оқытуда тілдік материалдармен танысу ғана емес, оның оқыту жолын, қолданылуын көрсетіп, айтуға, жазуға, оқуға пайдалану дағдысын қалыптастыруымз керек. Ал сапалы білім беру жолында еліміздің білім беру саласында аз қызмет атқарылып жатқан жоқ, тіл мәселесін бір жүйеге келтірген соң, мемлекетіміз білімді педагогтар даярлауға бет бұрды.
Қорыта айтатын болсақ, біз көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет