Ағылшын тілінде жазуға үйрету үшін қойылатын талаптар



бет9/14
Дата03.12.2022
өлшемі5.64 Mb.
#466359
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
stud.kz-96640

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»
Ахмет Байтұрсынов
Педагогикалық практиканың негізгі міндеті - жас педагог студенттерді болашаққа даярлап, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты сезіндіре білу және жас мамандар даярлау болып табылады.
Педагогикалық тәжірибе мен үшін маңызды оқу үрдісінің бөлімі болып саналады. Педагогикалық практика кезінде біз барлық педагогикалық пәндерден алған білімдерімізді жалпы білім беру мектебінде іс жүзінде қолдану арқылы машықтанамыз. Ресей жазушысы В.Афанасьев: «Теория мен практиканың айырмашылығы – тәжірибеде. Теория деген не? Өткен ұрпақтардың жинаған іс-тәжірибесі. Практика деген не? Өзіміз жинақтайтын іс-тәжірибе. Теорияны да, тәжірибені де ескерген жөн. Теориямен нығайтылмаған тәжірибе ешқашанда тиімді болмайды, қандай тақырыпта сөз қозғалса да» - деп айтқан. [9, 62]
Мен педагогикалық іс-тәжірибемді И.Тайманов атындағы орта мектепте өткен болатынмын. Іс-тәжірибеде алдыма қойған мақсатым – жалпы мәдениеттілік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік білімімді тереңдету, теориялық білім негізінде педагогикалық дағды мен құзыреттілікті қалыптастыру. Мектеп оқытушыларының қызметтік міндеттері мен құқықтарымен, мектептің ішкі ережелерінің құжаттарымен таныстым, сабақ даярлаудағы оқу жоспары мен бағдарламаларды меңгердім, оларды құрудағы принциптермен таныстым. Іс - тәжірибе өту барысында мұғалімдермен қарым - қатынас орнатуды, балалармен жұмыс жасауды меңгердім. Әдістемелік жұмыстар бойынша, оқу жоспарларына сәйкес оқушыларға білім беру бағдарламасының негізінде сабақ жоспарларын құрдым, сабақ жүргізуге арналған оқу әдістемелік материалдарын даярладым, оқушылардың білімін тексеруге арналған материалдар даярладым: тест, емтихан сұрақтары, таратпа материалдары және т.б. педагогикалық бақылау түрлері. Өзімді еркін сезініп, балалардың көңілін табу үшін АКТ-ны, дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы әр түрлі ойындар, қызықты тапсырмалар ұйымдастыруды үйрендім, балалармен тез тіл табысып, кері байланыс жасадым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым.
Іс-тәжірибе кезінде мектептің іс-қағаздарымен таныса отырып, онда атқарылатын жұмыстар легін толық меңгеруге тырыстым. Еңбегім еш кетпеді десем де болады, себебі мұғалімдердің көмегімен онда атқарылатын жұмыстардың жай-жапсарын ұғына білдім. Жұмыс барысында колледжде меңгерген педагогикалық-теориялық білімімді шыңдап, бірнеше тәрбие сағат, ашық сабақтар өткізіп, күнтізбелік тақырыптар бойынша сабақтарымды өткіздім. Өзіме тапсырылған жұмыстарды мұқият және жауапкершілікпен орындауға тырыстым. Тәжірибе барысында мынадай ойын түрлерін ағылшын тілінде жазуға үйретуде, балалардың назарын аударып, ойлау қабілетін дамытуда пайдаландым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет