Ағылшын тілінде жазуға үйрету үшін қойылатын талаптар



бет8/14
Дата03.12.2022
өлшемі5.64 Mb.
#466359
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
stud.kz-96640

III. ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам


шығармашыл əрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті
өмірдің өзі дəлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен
ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты
– шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу
негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Бүгінгі заман талабына сай жаңадан құрылған ұлттық өнеге берер, болашақ қазақ мектебінің қандай болмағы мұғалімдерге үлкен міндет артады, шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай ізденуін қажет етеді.
Менің алдымдағы басты мақсатым – шығармашылығы жоғары тұлға, білікті маман, білімді педагог болып қалыптастыу. Осы мақсатыма жету үшін озық тəжірибелі педагогтардың іс – тəжірибесі, педагогикалық технологияларын басшылыққа алатын боламын.
Жеке тұлға тəрбиелеу үшін мұғалім педагогика, психология, математика ғылымдарының негізін барынша жетік білуімен қатар оқытудың жаңа əдістерін жете меңгеріп, оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы қажет. Мұғалім үшін «Ойсыз, оқусыз, ой-толғауынсыз өткізген əрбір күн –
зая кеткен күн» болмақ.
Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын
тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген əдістер пайда болды. Сондықтан, əр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық істəжірибелерді пайдалана білуі тиіс.
Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығушылығын, білімге құштарлығын ояту,
танымдық белсенділігін арттыру əрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балалардың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке
айналдыру, бір жылғы мəселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен
шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде
өз ойын ауызша жəне жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек?
Оқушыны ынталандыру үшін қандай əдіс-тəсілдерді, технологияларды
қолданған жөн? Қазақ əдебиетінің классигі, ұлы Абай атамыз: «Шəкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы жəне қызығушылығы зор болу керек», — деген. Расында да, тек ғана жігерлі, əр нəрсені үнемі білгісі
келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына
жетеді.
Тəжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа туындайтын сияқты.
Америкалық ұстаз Линданың «Оқытудың бұрынғы əдіс - тəсілдері –бүгінгі
əдістеріміздің ата –анасы» дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру –
бүгінгі күннің өзекті мəселесі. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Сонымен қатар, кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез əрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сəтін ұйымдастырған кезде «happy song», «Bingo» «If you happy», «Hello how are you» т.с.с.сияқты əндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп ,қызығушылықтары оянар еді деп ойлаймын.Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша əндер жаттайды.
Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тəжірибелік мақсат қойылады, оған
оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге,
көргендерін, естігендерін əңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс əрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.
Тілдің негізгі элементі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің
құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан,
жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер
жиынтығы. Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің
жетілуімен тығыз байланысты.
Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады:

және өндірістік еңбегімен таныстыру);

  • үлкендермен қарым-қатынас әңгіме өткізу, көздесу ұйымдастыру;

  • арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;

  • сыныпта және сыныптан тыс оқу (әңгіме мазмұнын талқылау және

талдау) барысында т.б. жағдайларда;
Қорыта келгенде шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру.
Көркем жазуға үйрету жүйесі оқушылардың жас ерекшелігіне, даярлығына сабақтың мазмұны мен мақсатына қарай əр түрлі əдісті қамтиды. Оқушылардың оқулықтағы жаттығуларды орындауын тексеріп, ондағы сұрақ – тапсырмаларды еркін оқып түсіну қандай қажет болса, оған байланысты жазба жұмыстарын жедел орындауға соншалықты қажет екенін естен шығармау керек. Сондай-ақ, жеке оқушымен дербес жұмыс жүргізу, əрбір оқушының жазуындағы жеке кемшіліктерді түзеуге көп көңіл бөлінеді.
Соңғы жылдары қоғамымыздың прогрессивті дамуына байланысты шет тіліне үлкен қызығушылық байқала бастады. Ағылшын тілін қызыға оқудың көп себептері бар. Соның бірі – әлемді шарлау, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін білу болып табылады. Ал шет тілін білмесек бұл арманымызды іске асыру мүмкін емес. Балалар тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет