1-Кесте. «Spring is green» əнін толықтыру: [http://lingualeo.com/]
_______is green, spring is_______
_______is bright. Summer is _______
_______is yellow autumn, is_______
_______ is white. Winter is_______
2-Кесте. Ойыншықты сипатта
Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады. Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнеше болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні сипаттап беруді сұрайды. Бұл ойындар арқылы оқушының есіне сақтау дағдысы, лексикалық қоры көбейеді.
Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті - білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді.
Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси,шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады. Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары – телефон, телевизор, магнитофон, мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта қол жеткізген табыстарымызды сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуді қажет етеді.
Белгілі ғалым Н. Д.Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды.
Мотивация факторлары мыналар:
- Оқу мазмұнының әртүрлілігі;
- Оқушы мен оқытушы байланысының жанды интенсивті болуы;
- Оқытушы тұлғасы;
Қазақ әдебиетінің классигі, Ұлы Абай атамыз: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана өз мақсатына жетеді. [4, 65]
Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек.
Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
1 Әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.
2 Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері оның қажеттіліктеріменбайланысты болуы керек.
3 Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.
4 Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру керек;
5 Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу керек;
6 Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану қажет.
Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттылығын арттырудың негізгі жолы. Бұл мәселе ағылшын тілі пәніне де тікелей байланысты. Осы саладағы пәннің негізгі мақсаты мектеп оқушыларын шетел тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу. Осы жолда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, іскерлігі үлкен көрініс табады.
Жазуға үйретудің мақсаты – оқушылардың жазба жұмыс дағдысын игеруді көздейтін, ауызша жұмыстардың мазмұны мен нысанын түсініп жаза білу бағытында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Мұғалім сабақтың әр минутын тиімді және дұрыс пайдаланғанда ғана көздеген нәтижеге жетеді. Бұл нәтижеге жету үшін мұғалім тіл дамыту жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыра білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |