Агроэкология негізіне кіріспе


АРАМШӨПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕС



бет11/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Агроэкология лек. (1)

АРАМШӨПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕС

Арамшөптер туралы түсінік, олардың зияны. Арамшөптер деп мәдени өсімдіктердің егістіктерінде өсетін,, олардың өнімінің мөлшерін төмендетіп, сапасын нашарлататын өсімдіктерді айтады. Мәдени дақылдарың егісінде басқа мәдени дақылдар кездессе, оны ластаушы өсімдіктер деп атайды. Мәдени өсімдіктерге қарағанда арамшөптер тез дамып, ылғалды және қоректік заттарды әлдақайда көп жұмсайды. Жоғары қабатта өсетін арамшөптер мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, олардың жапырағында жүретін фотосинтез үрдісін баяулатады, ауылшаруашылық машиналардың жұмысын нашарлатып, олардың сынып қалуына себеп болады. Арамшөптердің тұқымдары астық дәндерінің ылғалдылығын көтеріп, олардың қызуына және бүлініп кетуіне жағдай туғызады. Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының тіршілік ететін және олардың тарайтын орны болып табылады. Кейбір арамшөптердің жемістері мен тұқымдары өнімнің сапасын төмендетеді. Ащы жусан астыққа жағымсыз иіс берсе, қыздырма үйбидайдық, қара меідуана араласқан дән улы болады. Көптеген арамшөптердің гүл тозаңдары адамдардың аллергия ауруларын қоздырады.

Арамшөптерді жіктеу және олардың кең тараған түрлері. Қазақстанда 300-ге жуық арамшөп түрлері кездеседі. Арамшөптерді жіктеу негізінде бірнеше белгілері алынған: өсімдіктердің қоректену әдісі, тіршілік ұзақтылығы, көбею тәсілі. Қоректену тәсілі бойынша тоғышар, жартылай тоғышар және емес арамшөптерді ажыратыды.

Тіршілігінің ұзақтығы бойынша 2 топқп бөлінеді: біржылдықтар, көпжылдықтар. Біржылдықтар тіршілік үрдісі 1 жылдан 2 жылға дейін созылады. Олардың өскендерінің пайда болуы және өсіп даму кезеңдерінің ұзақтығына қарай бқлар эфемерлер, жаздық ерте, жаздық кеш бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет