Агроэкология негізіне кіріспе



бет23/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Агроэкология лек. (1)

ТҮЙНЕКЖЕМІСТЕР. КАРТОП

Бір өлшем алаңнан жиналатын қоректік заттардың көлемі бойынша картоп өсірілетін дақылдардың арасында алдыңғы орында орналасады. Оның түйнегінің құрамында 25% құрғақ болады, оның ішінде 12-22% крахмал, 1,4-3% ақуыз және 0,8-1% күлді заттар бар. Көмірсулардан., ақуыздан, кальций, фосфор, темір натрий,хлор, калий тұздарынан, сондай-ақ микроэлементтерден басқа, түйнекте адамға қажет дәрімендердің бәрі дерлік және көптеген органикалық қышқылдар бар.

Адам ағзасының ақуыздарын құрастыруға қажет 20 амин қышқылдарының 14-і картоп ақсылында болады. Егер тауық жұмыртқасының биологиялық қоректілік құндылығын100% десек, бидай ақуызынікі 63-65% болса, картоп ақуызынікі 84-86%, картоптың техникалық дақыл ретіндегі маңызы да зор. Ол крахмал сірке, декстрин өнеркәсібінің шикізаты болып саналады, глюкоза, спирт өндіруге қолданылады. Малға түйнегі, пәлегі және өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары беріледі. Отамалы дақыл ретінде жаздық бидайға, жүгеріге, қызылшаға, арпаға тарыға, т.б. жақсы алғы дақыл болып саналады.

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР

Жалпы сипаттамасы. Тұқымынан өсімдік майы өндірілетін бірқатар екпе дақылдар майлы дақылдарға жатады: күбағыс, мақсары, майлы зығыр, перилла, ляллеманция, майкене, жер жаңғағы, күнжіт, қыша, рапс,арыш, талшықтызығыр, кенепшөп сияқты тоқыма дақылдары мен майбұршақ сияқты дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдарынан да өндіріледі, ал кейбір майлы дақылдарды мал азығы ретінде де өсіреді. Өсімдік майлары тағамға кеңінен қолданылады, сыр сабын,тері, тігін өнеркәсіптерінде, т.б. пайдаланылады. Тұқымдарынан май өндіргеннен кейінгі қалдығы күнжарасы малды азықтандыруға жарамды. Жекеленген майлы өсімдіктердің (майкене, майлы зығыр) сабақтарынан қағаз, қалың маталар өндіріледі. Өсімдік майлары кебетін (зығыр, перилла,арыш), жартылай кебетін (күнбағыс, май-бұршақ, мақсары, күнжіт, рапс, қыша) және кеппейтін (жер жаңғағы, майкене) болып ажыратылады. Қазақстанда өндірістік маңызы бар майлы дақылдарға күнбағыс, майлы зығыр, рапс, арыш қыша, мақсары және майбұршақ жатады. Олардың егіс көлемі 63 мыңнан (1985)483,3 мың/ға (1996ж.) дейін жетті, алайда тұқымдарының орташа өнімі әлі төмен деңгейде (2,9ц/ға) қалуда.

Күнбағыс. Қазақстанда майлы дақылдардың ішінде егіс көлемі бойынша барынша кең тарағаны (70%)-күнбағыс. 1996 жылы 330 мың га жерде өсіріледі, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 160 мың га, Павлодар облысында 88 мың га болады. Оның жартылай кебетін майы табиғи түрінде де, өңделген түріндн де (майонез, маргарин) азы-түлікке кеңінен қолданылады, олиф, сабын, т.б. өнеркәсіп бұйымдарын жасауда пайдаланылады. Күнбағыстың күржарысы-өте құнды мал азығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет