Агротехнология кафедрасы



бет7/9
Дата16.05.2023
өлшемі399.5 Kb.
#473780
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ответы жидектану сессия готова

Итбүлдірген (Қызылжидек Vaccіnum vіtіs-іdeae) – қаражидек туысына жататын шала бұтаҚазақстанда КөкшетаудаАлтайда аралас орманда, қылқан жапырақты ағаштардың арасында өседі. Биіктігі 2,5 – 25 см. Сопақша келген, етженді мәңгі жасыл жапырақтарының ұзындығы 5 – 27 мм, ені 3 – 12 мм. Гүлі солғын қызғылт, шашақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Ашық түсті қызыл жемісі жеуге жарамды келеді. Итбүлдірген. жемісінің құрамында 8 – 12% қант және органикалық қышқылдар, глюкозидтер, вакцилин, т.б. заттар бар. Жемісі жақсы сақталады, тосап, маринад дайындалады, кондитер өнеркәсібінде пайдаланады. Жапырағында 5 – 7% арбутинглюкозидфлавонолилік заттар болады. Жапырақтарын суға қайнатып, ревматизмге қарсы және несеп айдауға қолданады. Гүлінен ара бал жинайды.[1]
Бүйрек аурулары, ревматизм, подагра, туберкулез ауруларын қарсы қосымша емі ретінде қолданылады.
Жемісінін шырынын гипертонияда, невроз, және жүкті әйелдердің аемиясына қарсы ем болып табылады.
Итбүлдірген жапырағы (лат. Folium Vitis idaeae) медицинада дәрі етінде пайдаланады.Итбүлдірген құғақ жапырағының құрамында арбутин, фенолгликозидтер, урсол қышқылы бар.


Биологиясы:Тамырсабағы жіп тәрізді, тамырсабағымен тамырларынан жоғарға қарай 15-20см сабағы көтеріледі.
Жапырақтары кезек оналасқан, қысқа сабақты, жұмыртқа пішінді, тегіс, жылтыр, ұзындығы 2-3 см, ені 1,5 см.
Гүлдері майда, қос жынысты, ақшылқызыл түсті, 10-20 данадаң өсімдіктің жоғарғы жағында гүлшоғырына жиналған. Көктемнің соңында - жаз басында гүлдейді.
Жемісі майда, етжең, түсі қызыл, қар астында көктемге дейін сақталады.

« » 2019 ж. № Хаттама


Кафедра меңгеруші__________ Абеуов С.К.


С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Агротехнология кафедрасы
Пән: Жидектану
№ 15-Емтихан билеті



  1. Қара бүлдірген биологиялық ерекшеліктері

Қара бүлдірген раушангүлділер тұқымдасына жататын, биіктігі 0,5–4 метр, көпжылдық жерасты бөлігі және құрамына негізгі тамыр, қосалқы тамырлар, ал жерүсті бөлігі біржылдық және екіжылдық өркендері болатын бұталы өсімдік.
Бұтақтары тікенекті жіне тікенексіз, мамықтанумен және мамықтанусыз,балауыз жұғынымен және жұғынсыз болуы мүмкін. Гүлдері ақ, ірі, өзін-өзі тозаңдандыратын гүл шоғырға жинақталған. Маусымның екінші он күндігінен гүлденуін бастайды, гүлденудің кеш басталуына байланысты кеш келетін көктемнің суығынан зақымданбайды. Тамыз-қырқүйек айларында жеміс береді.
Бұтақтары екі жылдық даму циклге ие: бірінші жылы өркен өседі, ал екінші жылы жеміс береді және өледі.
Қара бүлдірген таңқурайға туыс, 200 астам түрі Солтүстік Америкада және Еуразияда таралған. Көптеген жабайы түрлері мәдени түрлерден биохимиялық көрсеткіштері бойынша кем түспейтін, еліміздегі болашағы зор дақыл.
Қара бүлдірген мен таңқурай арасында төмендегідей генетикалық айырмашылық бар: жасушасының ядросында хромасомалар саны әртүрлілігі. Таңқурай – диплоид (2n=14), ал қара бүлдірген – полиплоид, кейбір кездері додекаплоидты санына жетуі мүмкін. Еуропалық мәдени сорттардың көбісі тетраплоид, сондықтан да қара бүлдіргеннің таңқурайға қарағанда өнімділігі жоғары.



  1. Кәдімгі қара жидек таралуы

Қара жидек «Қара шілтер» (ағылшын тілінен аударғанда - «қара шілтер») - адокс отбасынан шыққан керемет әдемі, тез өсетін бұта. Бұта бүкіл әлемде таралған, оны жапырақты және қылқан жапырақты плантацияларда кездестіруге болады. Ол өте тез өседі, үлкен бұталарды жасайды. Бұл өз түрінің ең сұранысқа ие түрі. Оның отаны - Кіші Азия, Кавказ және Еуропа.
Бұта биіктігі 2,5 м және ені 1,3 м жетуі мүмкін. Қажет болса, сіз кішкентай ағаштың немесе бұтаның пішінін сақтай аласыз. Оның үйеңкі тәрізді қара күлгін түсті жұқа, әсем жапырақтары бар. Гүлшатырлар қолшатырларға ұқсайды, диаметрі 20 см, қызғылт немесе сүтті түсті. Гүлдену үшінші жылы мамырда басталады және жаз бойы созылады.
Қаражидек – аршагүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі 10-50 см аралығында болады. Құнарлы және жарығы мол жерлерде жақсы өседі. Тік сабақты, жапырақтары жұмыртқа пішіндес сопақтау, жиектері аратісті. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Гүлдері жасыл-күлгін түсті, қысқа гүлсағақта орналасқан. Хош иісті. Гүлдерінің хош иісі жеміс-жидектерді тозаңдандыратын жәндіктерді, әсіресе, араларды өзіне тартады, сондықтан қаражидекті бал өсімдігі деуге болады. Жемісі шар тәріздес домалақ, диаметрі 5-8 мм, қара және көкшіл қара түсті болып келеді.



  1. Қара қарақатты жатқызып отырғызу

Қарақат бұталары құмырада да, жалаң тамырымен де сатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет