-ып (-іп , -п) жұрнағы (алыпты, көріпті сөйлепті);
-ған екен (-ген екен, -қан екен, -кен екен) форманты (ашылған екен, кешіккен екен, сасқан екен);
-а + ды екен (-е+ ді екен) форманты (ақылдасады
екен, кеңесіп жүреді екен; «
Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп сөйлеушініц бұрын істелмекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгі-сіз етіп көрсететін ф ор^зіарды айтамыз. Неғайбыл өт-кен шақ формалары төмендегі көрсеткіштер арқылы жасалады:
-мақ еді (-мек еді, -бақ еді, -пақ еді, -пек еді) форманты (алмақ еді, бермек еді, жазбақ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді).
Әр шақтың сыр-снпаттарын алды-алдына қарағанда, шаққа катысы бар етістік формаларының ж алаң түрле-рі де, күрделі түрлері де түгел қамтылып, олардың жалпы және жалқы сипаттары кадағалануға тиісті. Ш ақ категориясын жасауға катысатын формалардын ішінен әсіресе етістік негіздері, есімше, көсемше, арай, рай ка-
тегориялары жайында айтылған қағидалар есте болға-ны жөн.
Осы шақ
Өткен ш ақ пен осы шактың жігін ажырату үшін де сейлеу кезі, демек, сөйлеушінін тындаушыға сейлеп [^тырған сәті (мезеті) шек, өлшеу етіп алынады. Олай болса, осы шак формасы сейлесіп отырған (диалог) Уақыт бойығіда болатын я болып жататын амал-әрекетті сУР«ттейді. Ал сөйлеу үстінде істеліп жататын әрекет, әдетте, азды-ғөпті бұрын басталған процесс болғаны-
ен’ кейбір сәттерде ол процесс әр түрлі кедергі-кідіріс-е>тоқырауға ұшырағанымен, біржола тоқтап қалмай.
328 329
үздік-создык. жүріп жататын процесс болатындықтан, осы шақ ұғымы да мезгіл-мерзім жағынан үзіліңкілі, созылыңқылы, тынбаіі жүріп жататын амал-әрекетті білдіреді.
Қазақ тілінде осы шак категориясының арнаулы мор-фологиялық көрсеткіштері жоқ. Бірақ етістік жүйесін-де оның қилы-қилы мағыналарын білдіруге икемделіп, замандар бойы сол кызметтерді атқару нәтижесінде әбден ориығып, қалыптаскан грамматикалық амал-тә-сілдер бар.
оғарыда айтылған жалпы грамматикалық (катего-рнялық) сипатынан туатын мағыналық ерекшеліктеріне және оларды білдіретін амал-тәсілдердің қызметтеріне карай, осы шак категориясы мынадай үш түрге бөліне-неді: Ж алпы осы шақ, нақ осы шақ және неғайбыл осы шақ.
Жалпы осы шақ. Осы шақтың бұл түрі етістік не-гізіне кесемшенін. -а (-е, -й) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Өйткені бұл форма, контекстегі қызметіне карай, сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті де (байқайсың ба, күн қызып келеді) үнемі істелетін кәсі-би және басқа күнбе-күнгі әрекетті де (ол совхозда ту-рады, сонда агроном болып істейді), адамзатқа, ғалам-затка тән үйреншікті, дағдылы жалпы кимыл, қозға-j лыс, амал, әрекет, істі де (ит уреді, қус ұшады; сиыр мөңірейді; шөп өседі; жел еседі; бала күледі; әнші ән салады; муғалім бала оқытады, шэкірттер сабақ тың-
дайды) білдіре береді.
Бұл форма тек жалпы осы шақ мағыиасында ғана емес, жалпы іс-әрекетті тыңдаушыньщ көз алдында бұ-рын болғандай, казір болып жаткандай және келешекте шүбәсыз болатындай етіп суреттеп көрсету үшін жұмса-ла береді. Сол себептен бұл форма, әдетте, ауыспалы шақ формасы деп те аталады. Мысалы: «Бір күні Алдар Көсе Ш ығайбайдікіне келеді; Қөсені көреді де, Шығекең алдындағы асын етегінің астына жасыра қояды; Алдар: «бәлем, саған бір көрсетейін» дейді де, көріскен болып, Шығекеңді олай-булай жулқылайды, аунатады, зықы-сын шығарады. Сейтіп, Шығекең басымен әуре болады, асы далада қалады»... дегендердегі етістіктер үшінші жақта түрып, өткен шақ мәнін білдіріп түр. Сондай-аК, «Адам көзімен көреді, аяғымен жүреді; басымен ойлай-ды, ңолымен жумыс істейді» дегендерде, жоғарыда айт-қандай, осы шақ реңкінде жұмсалып түр. Осындай,
осы шак. мағынасын бұл форма ауызба-ауыз сөйлесетін (диалог) жағдайда I. II. III ж ак түрлерінде тұрып та атқара алады. Ал «Ол ертең ерте келеді, ксшкісін еке-уіміз театрға барсімыз» дегеннен әріше, келер шақ ма-ғынасы түсініледі.
Нақ осы шақ. Осы шактыд бұл түрі көсемшенің еткен шақ (-ып, -іп, -п) және осы шақ (-а, -е, -й) түрін-дегі етістік формасына жатыр, жүр, түр, отыр деген жай-күй етістіктерінін біреуі тіркесу аркылы жасалады. Мы-салы: аитып отырмын; көріп турмыз; оқып жүр; келе ясатыр т. б.
алпы осы шак пен нак. осы діақ лтағыналарының айырмашылыктарын мына мысалдан да анғаруға бола-ды: мен келемін дегеннен келу процесі тек жалпы атал-ғаны анғарылса, мен келіп турмын; мен келігі жүрмін; мен келіп жатырмын; мен келіп отырмын дегендерден келу әрекеті жалпы түрде емес, ситуация нақтыланып аталатыны көрінеді. Бірақ бүл 4 етістік тек нақ осы шақ мәнін ғана білдіріп қонмайды. Олар нак осы шақ ма-ғынасын тек тікелей (баска дәнекерлерсіз) жіктеліп түрғанда ғана білдіреді (мен журмін; сіз турсыз; біз отырмыз; сендер өсіп келе жатырсыңдар). Өйткені күй-жай етістіктері қатысатын тіркестердің бәрі бірдей нак
осы ш ақ қызметін аткара бермейді. Олар есімше, кө-S:eMme, рай, шак формаларында созылыңкы, шұбаланкы амал-әрекетті, процестерді білдіре отырып, сөйлемнің езге де мүшелері ретінде кызмет аткара береді. Мыса-лы: Асығып жүріп кітабымды ұмитып кетіппін; Біз ол кезде мектепте оқып жүрген шәкірттер едік; Біз оларға дәйім барып турдық. Демек, бұл төрт етістік амал-әре-кеттің белгілі бір қалыпта (түрған, отырған, жүрген, жатқан) үзак, үздік-создық, өзгеріссіз дәйім болатынын білдіретіндіктен, өткен шақта да, келер шакта да, рай түрлерінде^де, субстантивтеніп те жұмсала береді.
Неғайбыл осы шақ. Осы шактың бұл түрі екі түрлі аналиіикалық формант аркылы жасалады. Оның бірін-шісі — көсемшенің келер шақ (-ғалы, -гелі...) формасын-Дағы етістікке (барғалы, келгелі) жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктерінің бірі тіркеседі де, соңғы көмекшіге жіктік Жалғау тікелей жалғанып жасалады. (Мысалы: барғалы °тырмын; жүргелі отырмысың? аттанғалы жатырмыз; квргелі турмыз; оқуға түскелі жүрсіңдер ме?); екіншісі ■чын деп (-йін аеп) форманты жалғанған етістікке сол ‘төрт (жатыр, жүр, түр, огыр) етістіктін бірі тіркеседі
330 331
де, оған жіктік ж алғау тікелей косылу арқылы жасала-ды (мысалы: барайын деп отырмын; жүрейін деп түр.. мын: жөнелейін деп жатырсың ба? Институтқа түсейің деп жүрмін).
Бул форма келешекте істелмекші болған амал тура-пы ойды сөнлеп отырған кезде (осы шақта) жүзеге асы-рылатындай етіп көрсетеді. Бірақ бұл форма да, қажеті-не карай, есімше, көсемше, рай, шақ қосымшаларың қабылдап, осы шақтан баска да қызмет атқарады (кетіп қалайық деп отыр едік; жүріп кеткелі отырғанда, олар келе қалды; сәті түсейін деп тұрған іс екен; жумысты бітіріп тастайын деп отырып қалыппын т. б .).
Достарыңызбен бөлісу: |