-қы, -кі, -ғы, -гі. Омонимдес бұл форма арқылы етістіктен зат есімдер (мысалы: бұрғы, сүзгі, шапқы, шалғы т. б.), етістіктен етістіктер (мысалы: жұлқы, ат~ қы, сырғы т. б.), етістіктен сын есімдер (мысалы: жина-қы, буралқы ), есімдерден туынды сын есімдер (мысалы: күзгі, қайдағы, қаіианғы т. б.) жасалады. Бұл жұрнақ арқылы етістіктен туатын зат есімдер мағына жағынан аса бай, солардың ішінде әсіресе,^туынды зат есімдер, құрал, ас жабдықтары атаулары (бұрғы, шалғы, сыпыр-ғы, шаныіиқы, сүзгі, ңырғьі, тепкі, қондырғы, сішытқы, уйтқы, тамызғы, жамылғы (жамылтқы), іиапқы т. б.), түрлі абстракты заттық ұғымдардын. немесе қимыл нәтижесінің атаулары (іріткі, уйтқы, түрткі, күлкі, соқ-
қы т. б.) көп ұшырайды.
-ыс, іс, -с жұрнақтары етістіктен әрі зат есім, әрі сынесім тудырумен қатар, етістіктің ортақетіс формасы ретінде де қызмет етеді. Б ірақбұл жұрнақ арқылы туа-тын сөздің не зат есімге, не етістікке, не сын есімге ка-тысты екенін сейлемдегі өзге сөзбен тіркесу ерекшелігі-не қарай контексте анықтауға болады. Мысалы: Үрыс тұрған жерде ырыс турмайіды. (С. М ұқанов); олар ай-тыс пен таласты сүйеді (М. Әуезов) дегендердегі ұрыс, айтыс, талас сөздері — әрине, есімдер. Ал, уранқайда екеуі екі бөлініп, өзді-өздері айтысты (И. Байзаков) де-гендегі «айтысты»— етістік.
-ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы етістіктерден туатын есім көбінесе заттық ұғымның атауы (қимыл атауы) (айтыс, желіс, айқас, шайқас, талас, журіс, жугініс, той-тарыс, қарғыс, көзқарас, қалтарыс, бултарыс, туыс, ты-ныс, дағдарыс т. б.) және мекен-орын атаулары мен қимыл-іс атаулары (epic, егіс, жайылыс, қоныс, бекініс, батыс, шығыс, бурылыс, айналыс, қурылыс т. б.) есебін-де жұмсалады.
-у қосымшасының да қызмет өрісі аса кең. Мыса-лы, бұл форма арқылы зат есімдер де (асу, ауру, қаиіау
б.), сын есімдер де (жүдеу, қату, бітеу т. б.), сондай-ақ қимыл-әрекет атауы формалары да (оқу, байқау, жы-л у т. б.) туады.
Достарыңызбен бөлісу: |