50. ЗАТ ЕСІМНІҢ РЕҢК МӘНІН ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Лексикалық мазмұны жағынан жаңа сөз тудырмай, сездерге әр қилы эмоциялық әсер, экспрессивтік рең үс-тейтіндей қосымша семантикалық мағыналар ғана жа-ыайтын жұрнактар бар. Олар зат есімнің ішкі катего-риялык формалары, демек, зат есімнің реңк мән туды-ратын жұрнақтары делініп танылуға тиіс.
Зат есімнің реңк мән тудыратын жүрнақтары жалпы есімдерді де, жалқы есімдерді де қамтиды. Мысалы: Жөкей көлінің солтүстік қабағында Аюлы дейтін бір кііикене таусымақ бар (С. М ұқанов); Бір көлшікте жа-саған балықтар өсіп-еніп көбейген кезде суы тартылып, көліиік қурай бастапты (Ертегіден). Ж олда бір көлсы-мақ бар, соған соға журеміз. (Ғ. Мүстафин) деген мы-салдардағы таусымақ, көлшік, көлсімақ сөздері — жал-пы есімдер. Ал, Еркін, Нурлан, Сәуле, Сәлима деген кісі аттары Еркііи, Нурлаиі, Сәулеіи, Сәлимаіи немесе Ер-кетай, Нурматай, Сәулетай, Сәлиматай делініп айтыла беріледі.
Әдебнетте де, ауызекі тілде де еркін қолданыла бе-ретін ағажан, қурбыжан, әкетай, сәулетай сиякты сөз-дердің лексикалық мағыналарында аға, қурбы, әке, сәУ'
ле сөздерікен алшақтарлықтай айырмашылық болмаға-ңымен, сөйлеуші мен тыңдаушыға (я жазушы мен оку-ідыға) айту мәнері райы жағынан да, алынатын әсері мен бағдарланатын реңкі жағынан да, оларды бірдей деуге болмайды. Өйткені аға, әке дегендерден тек жай атау, хабарлау ғана ацғарылса, ағажан, әкетай деген-дерден белгілі бір эмоциялық реңк пен экспрессивтік әсер жарыса байқалады.
Сөйтіп, реңк жүрнақтары еркелету я кішірейту, сый-лау я құрметтеу, ұлғайту я үлкейту, келемеждеу я мыс-кылдау тәрізді мәндерді білдіреді. Олардыц кейбіреуле-рі бірінен соң бірі кабаттасып та қолданылады (ағеке-тай, әжекетай, інішекжан, Сәулеіижан т. б.), кейбіреу-лері өздерінің бастапқы мәндерінен я жартылай (бө-лімиіе, қудаша, кііикентай, туйіршік), я бүтіндей айырылып (жеткікшек, ірімшік, талшық, буркеніиек), сол жалғанған сөздерден бөлінбейтіндей де болып кет-кен.
Бүл жүрнақтардың өнімділері және олардың сипат-тары төімендегідей.
-еке, -қа, -ке жүрнақтары жалпы және жалқы (кісі аттарына) есімдерге жалғанып, сыйлау, қүрметтеу, үл-кен түту сиякты мағыналык реңктер үстейді. Өзі жалға-натын кейбір сөздердің толық түрлеріие тікелей тіркес-пей, соңғы дыбысы я соңғы бір немесе бірнеше буыны түсіріліп барып жалғанады. Мысалы. ағеке, іиешеке, апеке, эпке, жездеке, атеке, бастықеке, хатіиыеке, Омеке (Омар, Омарбай), Ж әке (Ж амбыл, Ж анақ), Мырзеке, Журеке, М уқа, Сәке т. б. Мүндай -еке (-қа, -ке) жал-ғанған сөздерге тәуелдіктің II, III жақтарының косым-шалары қосылатыны және олардың беретін реңктері ту-ралы «Тәуелдік жалғау» деген тақырыпты жараңыздар.
-й жүрнағы негізінде туыс атауларына жалғанып, оларға сыйлау, құрметтеу және үлкен түту мағынасын Косады. Мысалы: апай, ағай, әкей, шешей, атай, жездей, әпкей т. б. Бүл қосымша қазіргі әдебн тілімізде тек жа-Қын туыс атаулының аясында ғана қалмай, алыс-жақын-Дығына қарамастан, қүрмет түтатын жасы үлкендердің бәріне де қолданыла беретін болды. Мысалы: Ж амбыл чтай, Ш олпан апай, Мәдина тәтей, Үлболсын шешей т. б.
-тай қосымшасы туыс атауларына жалғанып, °*іарға кішірейту, еркелету, ізет көрсету сиякты қосым-мағына үстейді. Мысалы: ағатай, апатай, әкетай,
158 159
шеіиетай, бөпетай, сэулетай, қалқатай, тәтетай, көке-тай т. б. Кішкентай, азғантай дегендердің түбірі кіші, аз екені, оларға әуелі -кене (-ғана), одан кейін -тай формасы қосылып көнеленген. Ал, Жамантай, Орман-тай сияқты кісі аттарының құрамындағы -тай қосымша-сы да — осы формамен төркіні бір бөлшек.
-жан жұрнағы көбіне адамзатқа қатысты бір алуан сөздерге және кісі аттарына жалғанады да, оларға әрі еркелету, әрі кішірейту реңкін жамайды. Мысалы: Абай-жан, Ардақжан, Ермекжан, ағажан, көкежан.
Бүл форма жан ата, жан көке сияқты тіркестерде де қолданылады; мысалы, Ризалық берсең, жан ата. Еш-кімге көзім сүзбейін! Тірі, өлісін білгенше, Кудерімді узбейін («Қыз Жібек») деген мен Алпыста анаң аналық!
ан көке, кімге тапсырдың («Қобыланды» жыры) де-генді салыстырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |