51. СЫН ЕСІМНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы — сын есім.
Семантикалык жағынан зат есім әр алуан заттық үғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр-сипатпен байла-нысты үғымдарды білдіретін сездердін, лексика-грамма-тикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипатта-рын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айта-мыү,
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфоло-гиялық ерекшеліктерінен де, синтаксистік қызметтері-нен де сараланып айқын керініп отьтрады.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, езге есімдерден баскаша ерекшеліктері бар. Мысалы, сын есімнін табиғи қызметі зат есімге аныктауыш мүше болса, зат есімге тіркесіп негізгі қыз-метін атқарғанда сын есім ешкандай өзгеріске үшыра-майды: анықталатын зат есім көптік, септік, тбуелдік формаларыньщ қайсысында қолданылса да, оны анык-тантын сын есім зат есімнің формасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем
б. ) жағынан аныктайды, бірак ол (сын есім) анык-тауыш қызметін атқарып түрғанда. еш уақытта да тә-уелденбейді, көптелмейді және сегітелмейді.
Зат есімге тән көптік, тәуелдік, сегітік жалғауларн зат есімнің де, сын есімніи де қызметтерін бірдей атка-
ратын синкретикальтқ омоним сөздерге (мысалы: сал-қын, көк, суьщ, жарық, жүйрік, терең т. б.) қажетінше жалғана берулерімен қатар, белгілі бір контексте қол-данылу ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдер-ге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі — өлиіеуіш т. б.) жалғана бе-реді. Сын есімде көптік, тәуелдік, септік категорнялары болмағынымен, оньтң езіне тән ерекше шырай катего-риясы бар. Бүл ерекшелік те — сын есімнің зат есі.мнен бөлінерлік, өз алдына дербес категория екеніне дәлел.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен катар, етістікті де анықтап, үстеу сөз-цердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Хатыңнан жақсы уғындым сөздің бәрін (Абай); Өлке бойындағы қалың тал мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды (С. Сей-фуллин). Семіз сөйлеп, арық шыққаниіа, арық сөйлеп, семіз іиық (мақал). Сөйтіп, кейбір зат есімдердін әрі субстантивтік (ауылдың сыртында қалың қамыс бар), әрі адъективтік (қамыс қора) қызметі болатыны сияқ-ты, кейбір сын есімдер де әрі адъективтік, әрі адвер-бналдық кызмет атқарады. Бүдан сын есімде шьтрай категориясымен қатар, адьективтік және адвербиалдық
қызмет барлығы да көрінеді.
Сын есімде өзге сез таптарымен (мысалы, зат есім-мен, үстеумен т. б.) әрі ортак, әрі формалас сөз тудыра-тын жүрнақтармен қатар, тек туынды сын есім ғана жа-сайтын арнаулы жүрнақтар бар; сын есімнен сын есім тудыратын шырай жүрнақтары бар. Бүлар да сын есім-нің морфологиялық формалары болып есептеледі.
Синтаксистік жағынан қарағанда, сын есім, өзінің табиғи жаратылысьтна сәйкес, үнемі зат есімге аныкта-уыш ретінде жүмсалуға лайық. Өйткені қандай белгі болса да, заттың қасьқнда болады да, дәйім затқа иек сүйейді. Мысалы: Үиі-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыс-тық қайрат, нүрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баянда-уыштың қүрамына да ене береді. Мьтсалы: Төрт бөлме-лі тас үй салқын да жайлы (Ғ. Мүсірепов). Ол тапал, тертпақ екенде, мен ұзын, жіңішке екенмін (Ә. Әбішев).
Зат есім мен сын есімнін тіркесу қабілеттерінде де елеулі айырмашылык бар. Мысалы, зат есімге септеулік Шылаулар тіркесе береді. Ал сол септеулік шылаулар-Дың ішінен тек сияқты, секілді, тәрізді, сықылды деген-Дерден басқа бірде-біреуі тікелей өз мағынасында, ез
қызметінде жұмсалғанда, сын есімге тіркеспейді. Кері-сінше, күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т. б.) сын есімге еркін тіркесе бергенімен, олар зат есімдерге тіркеспейді. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалңау, керемет жүйрік, орасан зор деп айту қалыпты норма бола тұрса да, өте адам, тіпті жылқы, тым іиөп деп айтуға болмайды. Сөйтіп, септеулік шылаудың сын есімге тіркеспей, зат есімге еркін тіркесуі, сондай-ақ, сапалык, үстеулердің сын есім-ге тіркесіп, зат есімдерге тіркеспеуі бұл екі сөз табы-ныц— зат есім мен сын есімнік синтаксистік жағынан бір-бірінен ажырайтын ерекшеліктері болып саналады.
Егерде екі я онан да көп жалан сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анық-тамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы ез тұс-тарынан тікелей зат есімге қатысты боладьт, демек, өзде-рінің қатыстары бар зат есімді анықтайды. Мысалы: Ыз-ғырық суық сүр бұлт, Аспанды тегіс қаптаған (Б. Май-лин); Ермек оқтай түзу, үзын, биік, кең жолмен ке-леді (F. Мұстафин). Алғашқы сөйлемде суық және сур деген сапалық сын есімдер біріне-бірі бағынбай, әрқай-сысы тікелей бұлт деген зат есімді әр түрғыдан аныктап түрғаны сияқты, екінші сейлемдегі түзу, узын, биік, кең деген сын есімдер де бір біріне бағынбай, жарыса жол деген зат есімнің әр түрлі сипатын білдіріп түр.
Достарыңызбен бөлісу: |