Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 54. СЫН ЕСІМДЕРДЩ ЖАСАЛУЫ



бет74/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

§ 54. СЫН ЕСІМДЕРДЩ ЖАСАЛУЫ

Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), син-таксистік (аналитикалық), морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсілдер аркылы жасалады.


Морфологиялык (синтетикалық) тәсіл бойынша туа-тын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.


Синтаксистік (аналитикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер. ж алаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі аркылы (ақ сары, қызыл сары; қара көк, ал щ р а көк; ақ қүба, ақ сүр, ақ іиабдар, ақ шубар, ақ көк т. б.), не-гізгі сындар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ көйлекті, цара пальтолы т. б.), зат есім мен туынды сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлануы арқы-лы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады.

Морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалык жағынан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі аркылы (мысалы: басқа, өзге, шала-жансар т. б.) жасалады.


Бұл тәсілдің ең негізгісі, әрине, синтетикалық және аналптикалық тәсілдер, ал семантикалық тәсіл тіпті өнімсіз.



    1. 55. ЕСШ ДЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМДІ ЖҮРНАҚТАР




  1. -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнағы аркылы кейбір зат есім-дерден, есімдіктерден, үстеулерден, сондай-ақ, жатыс септік формасындағы сөздер мен әредік шығыс септІкте-гі сөздерден туынды сын есімдер жасалады. Ондай туын-ды сын есімдер және олардың мағыналары мынадай:




  1. Мекендік ұғым білдіретін кейбір зат есімдерге, үстеулерге, сондай-ақ, жатыс және"шығыс (сирек) сеп-

гік формаларындағы есімдерге қосылып, мағыналары солардың лексикалық мазмұидарьша катысты туынды катыстык сын есім жасайды. Мысалы: ауызғы, төргі, түпкі, ішкі, төменгі, жоғарғы, соңғы, артқы, баладағы, кітаптағы, сөйлегендегі, ортальщтағы, заводтағы, цехта-ғы, үюлі, түрулі, санаулы, бүктеулі т. б.



  1. Мезгілдік ұғым білдіретін кейбір зат есімдер мен есімдіктерге, мезгілдік үстеулерге жалғанып, мазмұнда-ры солардың нақтылы лексикалык. мағыналарына қа-тысты туынды сын есімдер жасалады. Мысалы: кешкі, түскі, күзгі, жазғы, көктемгі, түнгі, күндізгі.

2. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті косымшасы арқылы мы-надай туынды сөздер жасалады:





  1. Негізгі және туынды зат есімдерден, олардың нак-тылы лексикалық мағынасына қарай (соған байланыс-ты), белгілі бір заттыц я басқа бір құбылыстың бар еке-ніи (барлығын) я мол екенін (молдығын) білдіретін туынды сын есімдер жасалды. Мысалы: арлы, атақты, әдепті, әсерлі, байыпты, икемді, инабатты, пайдалы, шөпті, ағашты, сулы гүлді, сиырлы, балалы т. б.




    1. Қосарланған зат есімнен де, сын есімнен де, сан есімнен де, үстеуден де мағына жағынан әрі қосарлан-ған сол екі сөздің де мазмұндарымен тікелей байланыс-ты. әрі екеуінің де мазмұндарын қоса қамтитын күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: ағалы-інілі, ойлы-қырлы, таулы-тастьі, өзенді-сулы, үлкенді-кішілі, бүрын-



ды-соңды, жоғарылы-төменді т. б.



    1. Екі-үш сөзден қүралып, суреттеме атаулар есебін-де кызмет ететін әр алуан тіркестерден де күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: ак, басты, қаз мойынды, ай қабақтьі, теке сақалды т. б.

3. -сыз (-сіз)— есім сөздерден болымсыздық мағына білдіретін туынды сын есім жасайтын өте өнімді жұр-нақтын бірі. Осы қосымша арқылы туатын сын есімнің мағынасы жоғарыдағы (-лы, -ты, -ті, -ды, -ді) формасы тіркесіп жасалатын сын есімнін мазмұнына карама-қар-сы, демек, заттың жоқтығын білдіретін сын есім (таусыз, сусыз, баласыз, ақылсыз, білімсіз т. б.) жасайды. Соны-мен қатар бұл қосымша конкретті, абстракт зат есімдерге, есімдіктерге, жалпы атау сөздерге жалғана бе-реді. Мысалы: баласыз, кітапсыз, көліксіз, білімсіз, мүң-сыз, түйсіксіз, ашусыз, ақылсыз, даусыз, сенсіз бізсіз



  1. б.

4. -шыл, -шіл қосымшасы зат есім, есімдік, әр тарап-

172 173



ты сөздерге жалғанып, олардыц лексикалық мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті, икемді-лікті, құмарлықты білдіретін катыстык сын есім жасай-ды. Мысалы: ұйқышыл, сауықшыл, күлкішіл, шайшыл, зорлықшыл, ұйымшыл, өзімшіл, турашыл, ойшыл т. б.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет