Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


-ті (тек бес сөзіне қосылады), -кіл



бет95/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

-ті (тек бес сөзіне қосылады), -кіл (тек үш, төрт сөздеріне косылады) қосымшалары арқылы есептік сан ?сімдерден сын есім сөздер жасалады: бесті (ат), ушкіл, төрткіл.

3 -ла (-ле) косымшасы тек жинақтық (жинақтау) сан есімдеріне жалғапады да, туынды етістік формала-рын жасайды: екеуле, ушеуле, төртеуле, бесеуле, алтау-ла, жетеуле, екеулеген, екеулеп, екеулейтін т. б.


Қазіргі тілімізде бесбармаң (ет), елу басы, алты ба-қан сияқты зат есім сөздер; екі уіиты, екі удай, екі жуз-ді сияқты сын есім сөздер; үшеу ара, екі талай сиякты үстеу сөздер бар. Бұл күрделі сездер де — әуелде есеп-тік сан есімдер мен езге сез таптарының үнемі тіркесіп колданылуы негізінде лексикаланып (семантикалық жолмен) қалыптаскан.





  1. ір сезінің ерекшеліктері жайында

Есептік can есімдердің ішінде бір сезінін алатын ор-ны ерекше.




Бір сезі есептік сан есімдерден жана сөздер жасай-тын амал-тәсілдердің бәріне түгелдей катысады. Осымен тынбай, бү^л сезден баска қосымшалар аркылы да әр түрлі жаңа формалар (сөздер) жасалады. Сонымен қа-

200 201


тар, бір сөзінен лексика-семантикалық тәсіл арқьілы басқа сөз табына ауысқан формалар да бар. Бір сөзінің осылайша әр тарапты больіп келуі оның лексика-семан-тикальіқ және грамматикальіқ ерзкшелігі мол екеніне, қолданьілу өрісінің орасан көп және жан-жакты екенді-гіне әрі көрнекті дәлел де, әрі соларға байланысты.



  1. ір сөзінен басқа сөз таптарьіна ауьісқан жаңа сөз-дер жасалуға лексика-семантикальіқ жол да, морфоло-гиялық жол да және синтаксистік жол да жетекші бол-ған. Мысалы: Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді (мақал); Әбіл түн жамылып ауылға атпен бір келіп, бір кетіп жүрді (С. Сейфуллин); Бірлік бар жерде тірлік бар (мақал);



Барлық адам теңеліп бірдей болмай, дүниені басца-мен теңеп болмас (С. Торайғыров); Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, біріңнің бірі сөйле сөзің тосып (Абай); Қой, ешкінің мінезі тез үркеді, үріксе, бірыңғай жапырыла қашады (С. Мұқанов); Кднаушының бір-жола көзін жайып, жалшы, кедей жайраңдар емін-ер-кін (С. Торайғыров); Домбыраға қол соқпа шымыр-латып бір-бірлеп (Абай) т. т. сондай-ақ, бір-бір, бірсін-бірсін, бір-ақ, бір бет; бірегей; біркелкі, бірдеңе; бірне-ше; бірсәрі; бір ауық; бірсыпыра; бір талай; әрбір; еш-

бір; қайбір; қайсыбір; кейбір; т. б. *


Реттік сан есімдер


Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) аффиксін қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолда-ныладьі. Мьісалы: Тамара атты жетінші класта оңып жүрген жалғыз қызым бар (С. Мұканов); Екінші, үшін-ші этаждарда тағы да сондай өзгеиіе эсем ойылған те-сіктер бар (М. Әуезов).


Реттік сан есімдер де морфологиялық құрамы жағы-нан дара және күрделі болып келеді_де, күрделі сан есім-дерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанадьі. Мьісальі: Солардың ішінде ең жақ-сылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (М. Әуе-зов).


Реттік сан есімдер де дәл өз мағынасында қолданыл-ғанда, ешқандай өзгеріске енбейді, субстантивтенген


жағдайда ғана оларға көптік, тәуелдік, септік жалғау-лары қосыладьі. Мысалы: Біреулері қара қоңыр беш-




пенттерін, екіниіілері жамаулы, сүр шекпендерін киген (С. Сейфуллин).
Жинақтық сан есімдер

Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік саи есімдерге -ау (-еу) аффиксінің қосылуы арқылы жа-салады. Бұндай сөздердің негізгі мағьінасы абстракт сан мөлшерін білдіретіндіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке колданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, ешкі біреу, қасқыр бесеу (I. Жан-сүгіров); Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздьщ кө-рер жерім жоң (Абай).


Жшіактык сан есімдср ешкашан да күрделі түрде қолданьілмайды.


Жинақтық сан есімдер субстантивтеніп қолданьіла-тындьіқтан, оларға сөз түрлендіретін грамматикалық формалардың бәрі де қосьіла береді. Бірақ, солай бола тұрса да, жинақтык сан есімдерге сол грамматикалық формалар бір ізбен жалғанбайдьі. Мысалы, көптік жал-ғау тек қана біреу сөзіне жалғанады да, өзге жинақтық сан есімдерге жалғанбайды. Онда да бүл қосымша ол сөз (біреу) белгісіз есімдік ретінде қолданылса ғана жалғанады (біреулер дегеніміз — кім екендері белгісіз, әлдебір адамдар).


Тәуелдік жалғауларьі жинактық сан есімдерге жапа-тармағай қосыла бермейді, тск семантикалық ерекше-ліктеріне қарай ғана жалғакадьі (біздердін біреуіміз; екеуіміз; сендердің үиіеуің, төртеуің, олардың бесеуі, алтауы т. б.).


Жинақтық сандарға, баяндауыш болса, жіктіктің I —



  1. жағынын. қосымшаларьі ғана жалғанады; үшінші жа-ғы грамматикальіқ көрсеткішсіз-ақ жүмсалады (біз екеуміз (үшеуміэ), сендер төртеусіңдер (бесеусіңдер), олар алтау (жетеу т. б.).

Септік жалғаулары жинақтьіқ сан есімдердің жай тү-ріне де, тәуелді түріне де жалғана береді. Ондайда бі-реу сөзі кейде белгісіз есімдік есебінде де колданыладьі. Мысалы: Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үше-уінің жөнін білмек (Абай).


Жинақтық сан есімдерден декснкалық (семантика-лық), морфологиялык және синтаксистік тәсілдер аркы-лы біраз жаңа сөздер жасалған. Ондай сөздер сан есім ғатегорнясыныц өз құрамында қальіп қоймай, көбінесе езге сөз таптарына ауьісып отырады.



202
203

Синтаксистік тәсіл бойынша жинақтық сан есімдер-ден тек қосарлау арқылы ғана жаңа сөздер жасауға бо-лады. Мысалы: Ақтылы-көктілі көбелектер екеу-екеу жарысып ойнайды (Ғ. Мүсірепов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет