Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет25/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

менің ата~м, қалам-ым

ата-лар-ым, қалам-дар-ым

сенің ата-ң, қааам-ың

ата-лар-ың, ңалам-дар-ыц




  1. ақ-ж аққа белініп, сараланып қолданылатын тәуел-( дік жалғау тек меншікті ^ана емес, бір заттың (я заттар-дың) басқа бір затқа қатынасы мен олардың арасындағы) табиғи байланысты да білдіретіндіктен. ол жалғау жал-f ғанған сөзбен байланысты ілік септіктегі жіктеу есімдік-г тері қабаттастырылып та, қабаттастырылмай да қолда< ныла береді. Сол себептен ілік септіктегі I, II, III жак. жіктеу есімдіктерінің міндетті түрде қолданылатын да, қолданылмайтын да жағдайлары болды. Ж іктеу есім-діктерінің я түсіріліп, я түсірілмей айтылуы стилистика-лық талап пен талғамға, айналасындағы (сейлемдегі) езге сездердің қолданылу ерекшеліктеріне және басқа да сол сияқты жағдайларға (мысалы, анықтық, бейтарап-тық т. б.) байланысты.

Мысалы: Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ (Абай); Ж ас болғанға төбеме секірдіЦ (С. Ерубаев) деген сейлемдердегі сөзімді, елім, төбеме де-* ген сөздердің бәрі де тәуелдіктің бірінші жағында жүм^ салған. Тәуелдеулі сөздің әрқашан жіктеу есімдігімев,і'


байланысты болатынын ескерсек, осылардың әрқайсысы-нан бүрын менің есімдігі қолданылуға тиісті еді. Бірақ бұл сөйлемдерге менің есімдігі қабаттастырылмаған (тү-сіріліп жүмсалған), ейткені, егерде менің есімдігі қабат-'тасса (түсірілмей жұмсалса), біріншіден, елеңнің стилі бүзылар еді, екіншіден, сөйлемдердің айтылуы- да ауыр болар еді; үшіншіден, бүл сейлемдердегі тәуелдеулі сөз-дер жіктеу есімдігінің кемегіне мүқтаж да емес.


. Мен бір сенің басыңа да арнап айтпаймын (М. Әуе-зов); Нұрыңмен сенің гүлденген, Ж айқалған жеміс ой мен қыр (Ж амбыл) деген сөйлемдердегі сенің басыңа, се-нің нүрыңмен деген тіркестерде жіктеу есімдіктері (II жақ) түсірілмей айтылған. Әрине, бүл да стильдік ерек-шелікпен байланысты болғандықтан, басқа ж аққа емес, екінші ж аққа арнай, керсете, сілтей айтылғ£ндықтан, жіктеу есімдіктері түсірілмеген.

Көркем әдебиетте де, ауыз екі тілде де тәуелдік жал-ғаулардың қолданылуларында басқа да ерекшеліктер жоқ емес. Мысалы: Өскемен жағыңыз, анау Көкпекті, Тарбағатайыцыз тағы да ңосылғанның бірі дейді (М. Әуезов); Сенгенің Абай шығар! Абайың түгіл, ңұда-йыңды пана тұтсаң да, жерге қағармын (бұ да). Осында-ғы тәуелденіп түрған жалқы есімдерді (Тарбағатайыңыз, Абайың) олардың мағыналық ерекшеліктерін сез етпеген-'нің өзінде, мынадай үш нәрсеге назар аударған мақұл; оның бірі анау Қөкпекті, Тарбағатайыңыз... дегендегі бірыңғай мүшенің алғашқысына (мысалы: Қөкпектіңіз болуы керек еді) тәуелдік жалғау жалғанбай айтылған; екіншісі бір күні, бұл жолы дегендердегі тәуелдік жалғау-ларының III ж ақ қосымшасы (і, ы) ездерінен я бүрынғы, я'соңғы сездердің бір де біреуіне байланысты емес (ол туралы теменде айтылады); үшіншісі — қасына дегеннен бүрын өз (өзінің) деген сөз айтылмаған да, өзінің... бәй-біиіесі дегенде ол сөз айтылып тұр. Міне, мүндай жағдай-лар, әрине, тәуелдік жалғаудың қолданылу ерекшелік-


терінің кейбір керіністері екені даусыз.
Тәуелдіктің бірінші, екінші жақтарынан гері үшінші Жақтың ерісі әлдеқайда кең. Олай болатын себебі — тә-Уелдіктің бірінші, екінші жактарының қосымшалары ез-Аері жалғанған сөзді тек я бірінші, я екінші ж ақка тәуел-Аі (меншікті) етсе, үшінші жақтың қосымшасы езі жал-ғаңған сезді (затты) тек үшінші ж аққа ғана емес, жалпы ^бөгде ж ақтарға тәуелді етеді. Демек, тәуелдіктің үшінші ^ағындағы сезден бұрын қолданылатын оның деген (III

50 51


жақтағы) есімдіктің орнына тиісті заттың (я кісіиіц) аты (я аттары) қойылып айтыла береді. Мысалы: оның кіта. бы деудің орнына анықтаңқырап кітаптыц иесінің атын; дәл атап, Бердібектің (Бейсенбайдың, Ғалияның) кіта~\ бы; кітапхананың (мектептіц, институттың) кітабы дец* айта береміз. Осы себептен тәуелдіктің үшінші жағын-f дағы сөз көбінесе оның деген есімдікпен ғана байланыс-і пай, ілік септіктегі басқа кісінің (кісілердің), заттыц (заттардың) аттарымен матасып келеді. Мысалы: иң. ституттың кітапханасы, мектептің кітапханасы, кеңсенщ кітапханасы, колхоздың кітапханасы, совхоздың кітапха-насы, заводтың кітапханасы т. б. Осы ерекшелікпен бай-- ланысты столдың үсті, ауылдың жаны, жүмьістың басы, өзеннің ағысы деген сияқты матасқан тізбектер күнделід ті өмірде керегінше қолданыла береді.

Сөйтіп, тәуелдеулі сез, бір жағынан, өзінен бұрынғн сезді ілік септікте қолдануды керек етсе, екінші жағы-нан, керісінше, кез келген ілік септіктегі сөз езінен кейін-гі сөзді әрқашан тәуелдеулі формада қолдануды керек етеді. Мысалы, Совхоздың директоры деген тірдестегі екі сез жай ғана тіркесе салмаған, екеуі бір-біріне ілгешекте-не байланысқан. Осы себептен байланыстын бұл түрі матасу деп аталады.


Тәуелдеулі сөзбен байланысқан (матасқан) ілік сеп-1 тіктегі сөздің қосымшасы кейде ашық айтылады да, кей* де түсіріліп айтылады. Мысалы: «•Байлыщтың атасыең-J бек, анасы жер (м ақал); Еңбектің наны тәтті, жалцау, дың жаны тзтті (мақал); Күлімдеп көктің жүзі, көңілі шат (С. Торайғыров); Жазғытуры қалмайды қыстың сы-\ зы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі; Жан-жануарі адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі| (А бай); Ер қанатыат (м ақал); Ер азығыбілім (ма-қал); Ағаш көркіжапырақ, адам көркішүберек (6J да) т. б.


Матасудың тәуелденіп те, тәуелсізденіп те келетін түр-түрінің тілімізде алатын орны да, атқаратын қызмеіі де аса зор. М атасқан тіркестердің кейбіреулерінде компо-ненттерінің араларына басқа сөздер кыстырылмай (тіке-лей) тіркесе, кейбіреулерінде олардың араларына баскЯ сездер қыстырылып (олардың орнына көп нүкте қойыла-ды) қолданылады. Ж алпы алғанда, ілік жалғаудың я түсіріліп, я түсірілмей қолданылуы тіліміздің грамматй-і калық құрылысындағы бейтараптық, анықтық (белгіліу лік) және танықтық (белгісіздік) категориясымен баіН


ланысты. Мысалы; оны аңғару үшін, Қазақтың баласы, эюасьі үлкен ағасы, Бар демес сендей бір адамзат баласы /дбай) және Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы (бу да) дегендердегі Қазақтың баласы мен ңазақ баласы


дегеи eRi тіркесті салыстырып қараңыз.
Тәуелдеулі сөзден бүрын айтылатын ілік септік фор-масындағы I, II ж ак жіктеу есімдіктері түсіріліп те, тү-сірілмей де айтылатыны сияқты, III ж ақ жіктеу есімдігі де бірде түсіріліп, бірде түсірілмей айтыла береді. Мы-салы: Ж алынғаны күші болды, Баққаны адал ісі болды, Барлық үйымғ.а мүше болып, Шоқпыт қатарлы кісі болды (С. Мүқанов) дегендегі жалынғаны, күші, бащаны, ісі сөздерінен бүрын оның деген есімдік қолда-нылмаған. Оған, біріншіден, өлеңнің стилі себеп болса, екіншіден, Шоқпыт деген сездің қолданылуы демеу бола-ды, ейткені тәуелдеулі терт сөзден бүрын оның деген есімдік я Шоқпыттың деген жалқы есім түсірілмей, төрт рет қайталанса, стильге де тіпті ауыр жүк болар еді. Сон-дай-ақ, Заманына қарай заңы ,тоғайына қарай аңы деген макалдағы тәуелдіктің үшінші жағындағы заманьіна жә-не заңы, тоғайына және аңы деген сөздерден бүрын оның деген есімдікті қолдану да артық болар еді. Солай бол-са, «тәуелдік жалғау меншік білдіреді» деген ұғым — гаса кең грамматикалық ұғым, ақиқат меншіктілік жа-йындағы ұғым сол кең грамматикалық ұғымның тек әре-дікте ғана кездесетін бір көрінісі ғана. Сол себептен шын-дыңтың белгісі, тарихтың айғағы, үй іші, тіл білімі деген тәрізді тіркестерден тіпті белгілі бір ж аққа (я адамға) тән нақтылы меншік те, ешқандай тәуелділік те сезілмей-ді, тек жалпы грамматикалық мағына ғана, грамматика-лық қатынас қана аңғарылады. Ондай грамматикалық мағына мен грамматикалық қатынас үш я төрт компо-ненттен матасып қүралған тіркестерден өте айқын кері-неді. Мысалы, тіл білімі институты, алтын кен ңоры, мал




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет