Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



бет8/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

7. ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Грамматикалық категория ретінде қаралатын я та-«ылатын грамматикалық құбылыстың өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасы және ол мағынаны білдіре-тін дербес грамматикалық формасы болуҒа тиіс. Мыса-лы, тәуелдеу категориясының қазақ тілінде және басқа түрік тілдерінде өзіне тән жалпы граі^матикалық ма-ғынасы және сол мағынаны білдіретін өзіне лайық грам-матикалық формасы бар.


Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөз-дерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамкатикалык мағынамен байланысты болады.1Ж алпы грамматика-лы қ категориялар ішінара морфологиялык. категориялар және сиңтаксистік категориялар болып екі салаға бөлі-неді. Осыған орай, грамматиканың морфология атты тарауы морфологиялық категорияларды тексереді де,


синтаксис атты тарауы синтаксистік категорияларды тексереді.

Морфологиялық категориялар деп жеке сөздердің езгерілуі (түрленуі) арқылы туатын жалпы граммати-калық мағыналарды айтамыз. Мысалы, Құлпыртып ән салайық түрден түрге: Бастайьщ ілгері адым өрден-өрге (И. Байзақов) деген сөйлемдердегі әр сөз белгілі-бел-гілі морфологиялық формалар арқылы бір-бірімен қа-рым-қатынасқа түсіп, тиісті грамматикалық мағыналар-ды білдіріп түр. Олар мыналар: бірінші сөйлемдегі қүлпыртып сөзі әуелі — т (қүлпырт), одан кейін -ып (қүлпыртып) формалары арқылы екі түрлі морфоло-гиялық өзгеріске үшырап барып, салайық сөзімен тір-кесіп, екі түрлі грамматикалық мағына білдіріп түр. Ол әуелі өзгелік етіс мағынасын, одан дейін — көсем-шенің негізгі істі айкындап түратын түрінің беретін мағынасын білдіреді; екінші сөйлемдегі ілгері сөзі бас-тайьщ сөзімен тіркесіп, негізгі істі айқындайтын мағы-наны аңғартады, бірінші және екінші сөйлемдердегі ән-ді, адамды сөздері табыс септіктің -ді (-ды) формасы арқылы, салайық, бастайык, сөздерімен қатынасқа тү-сіп (тіркесіп), оларды іспен тікелей байланыстыратын мағына береді; түрге, өрге сөздері барыс септіктің -ге формасы арқылы қулпыртып салайық, ілгері бастайық 'сөздерімен қатынасып (тіркесіп), бет алыс — бағытқа меңзейтін мағынаны көрсетеді, түрден, өрден сөздері -ден формасы арқылы өздерінен кейінгі түрге, өрге сөздерімен қарым-қатынасқа түсіп (тіркесіп), істің я амалдың бір орыннан (я дәрежеден) екінші орынға (дә-режеге) кешетінін білдіріп түр.





  1. ар қабащ а иін тіресе салынған сарайлар, мастер-скойлар, складтар, көмір атжалдары, барактар, үзын-ұзын мойындар үлкен қаланың бір шетіне •уқсайды (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдегі сарайлар, мастерской-лар, складтар, атжалдар, барактар, мойындар деген сөздерді сарай, мастерской, склад, атжал, барак, мойын сөздерімен салыстырсақ, әрине, олардың сыртқы мор-фологиялық формаларынан көптік мағына және жеке я даралық мағына аңғарылады.

СөйтіпД^сөйлемдегі сөздер өзара бір-бірімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде, әр түрлі морфология-лық өзгерістерге үшырап та, оған үшырамай-ақ әр түрлі синтаксистік тәсілдер арқылы да өзара байланы-сады; осындай грамматикалық қүбылыстардың арқасын-



18 19


да сөз тұлғаларынын түрленулеріне, тіркесу тәсілдері-ніц құбылуларына қарай, ол сөздерге әр түрлі грам-матикалық мағыналар үстеліп, әр қилы грамматикалық қызмет атқару қабілеті пайда боладьі. Ол грамматика-лық мағыналар мен грамматикалық формалар сөйлем-дерде қолданылатын сөздердің бойындағы жалпы қа-снеттері ретінде көрініп отырады. Осы себептен де грам-матикалық мағыналар мен грамматикалык формалар әрқашан жалпы гр^амматикалық қүбылыс делініп есеп-теледуМ үндай жалпы грамматикалық мағына мен жал-пы грамматйкалық форма тұтас бір грамматикалық құ-былыстың әрі өзара бірі мен бірі тығыз байланысты екі жағы ретінде, әрі сол екеуінің бірлігі ретінде қара-лады. Міне, осындай бір тұтас грамматикалық құбы-лыс әдетте грамматикалық категория деп есептеледі. Дсмек, тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсі-лі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет