Ақынова жібек мұхтарқызы



Pdf көрінісі
бет24/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
19042023 disser

 
 


64 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІН ЕРТЕГІ 
ТЕРАПИЯСЫ 
АРҚЫЛЫ 
БАЛАЛАРДЫҢ 
КОММУНИКАТИВТІК 
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ МОДЕЛІ 
 
2.1 Болашақ педагогтерді балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыруда ертегі терапиясының технологияларын қолдануға 
даярлау 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлауда оқыту мен даму тікелей 
сәйкес келмейтін, өте күрделі қарым-қатынаста болатын екі процесс екені 
белгілі. Бұл жағдай, әсіресе, балалар білім алудың әртүрлі «бастапқы 
жағдайларында» ерекшеленетін мектепке дейінгі ұйымда байқалады. Сондықтан 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің негізгі міндеттерінің бірі – 
балалардың коммуникативті дағдыларды қалыптастыру.
Мектепке дейінгі ұйым 
педагогтері бұл мәселені шешуге барынша дайын, өйткені ол тек мектепке 
дейінгі ұйымда педагогикалық оқу іс-әрекеті бойынша кәсіби теориялық және 
практикалық дайындықтан өтіп қана қоймай, сонымен қатар психологиялық-
педагогикалық оқу іс-әрекеті бойынша білімін едәуір кеңейтеді және оқытудың 
теориялық және практикалық бағытын тереңдетеді. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогін дайындау барысында алынатын 
маңызды қасиеттердің бірі оның айқын адамгершілік ұстанымы болып 
табылатын толеранттық, төзімділік, баланы түсінуге эмпатиялық қабілеттілігі, әр 
түрлі жағдайды баланың көзімен көре және қарай білу, ата-аналардың және 
баланың өзін-өзі дамытуын ынталандыру мүмкіндігі.
Шын мәнінде, қазіргі 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі педагогикалық іс-әрекеттің 
әмбебаптығы: әлеуметтік білім беру ортасын ұйымдастырушы, реттеуші және 
оның әр баламен өзара әрекеттесуін бақылаушы болып табылады.
Сондықтан 
мектепке дейінгі ұйым педагогі ең жақын нақты формаларды, әдістер мен 
құралдарды қолдану негізінде балалармен ертегі терапиясы арқылы 
коммуникативтік дағдыларын қалыптастырады.
Мектеп жасына дейінгі 
балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты баланың коммуникативтік 
дағдыларын қалыптастыруда тәрбиешінің ең тиімді педагогикалық құрал – 
ертегі терапиясы болып саналады. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезінде осы тармақтың 
мазмұнын аша отырып, шетелдік және отандық мектепке дейінгі ұйым 
жұмысының теориясы мен тәжірибесінде ертегі терапиясын пайдалана отырып, 
оқу үдерісінің көптеген нұсқалары бар екенін атап өткен жөн.
Әр автор бұл 
процеске өзіндік, жеке көзқараспен келеді, осыған байланысты формалар мен 
әдістерді жіктеуде және балалармен жұмыс жасауда олардың ерекшеліктерін 
анықтауда объективті қиындықтар туындайды. Осылайша өз қызметінде 
ертегілерді қолдану бойынша тәрбиешілердің шығармашылық қызметінің 
барлық заманауи алуан түрлілігін қамту және оларды жіктеу мүмкін емес.
Дегенмен, зерттеу жұмысының проблемалық саласына енгізілген тәжірибелер 
мен мәселелерді зерттей келе, ертегі терапиясын әртүрлі мақсатта 
пайдаланудағы мектепке дейінгі ұйым педагогінің шығармашылық іс-


65 
әрекеттерінің жан-жақтылығын жүйелеудің жолын табуға тырыстық.
Бұл ретте 
біз ертегілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту, түзету, терапия, ойын, іс-әрекет т.б. 
ұйымдастыру мақсатында пайдалануды бөліп көрсетілді.
«
Балаларда идеяларды 
нақты білдіру, сыни және шығармашылық ойлау, танымдық дағдыларды шебер 
пайдалану қабілеттерін дамыту қажет» [171]. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезінде ертегі терапиясы тек 
тұлғалық дамуда ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі баланың 
үйлесімді сөйлеуін, коммуникативтік дағдыларының дұрыс қалыптасуына 
жағымды әсер етуіне көмектеседі, сондықтан көптеген мамандар тәжірибеде 
ертегі терапиясының элементтерін пайдаланады. Сөйлеуді, коммуникативтік 
дағдыларын дұрыс қалыптастыруға арналған ертегі терапиясы сабағының 
құрылымдық кезеңдерден төмендегідей ұсынады: 
- Ұйымдастыру кезеңі. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін
қалыптастыру сабағына дайындау. Баланың эмоциялық жағдайы (қаталдық пен 
тәрбиешіден қорқу болмау керек). 
- Мектеп жасына дейінгі баланың артикуляциясын дайындау.
Логопедиялық ертегі түрінде өтетін артикуляциялық гимнастика. 
- Оқшауланған дыбыспен жұмыс. Дыбысты қайталап айту, дыбысты
белгілер бойынша сипаттау: артикуляциялық және акустикалық. Интегралды 
сөйлеу компоненттерін қалыптастыру. Мұнда мектеп жасына дейінгі баламен 
маман өзіне қиын дыбысты айту кезінде артикуляциялық аппараттың 
құрылымын көрсетеді. 
- «Негізгі ертегіге ену» кезеңі. Ертегінің фантастикалық әлеміне ену кезеңі 
өтеді. Баланың тілегіне тәрбиешінің әдепті және сезімтал мінез-құлқы. Мектеп 
жасына дейінгі баланың қызығушылығын ескере отырып диалог жүргізу. 
- Бекіту. Бұл кезеңде тәрбиеші мен бала өткен сабақта не өткенін, нені
зерттегенін, бала қандай қорытындыға келгенін, қандай тәжірибе жинақтағанын, 
не үйренгенін еске түсіреді. Балаға өткен сабақта не болғаны туралы сұрақтар 
қойылады. Мектеп жасына дейінгі баламен, алған тәжірибесінің оған қалай 
көмектескені, өз бетінше сөйлеу кезінде құрбылары, туыстары, тәрбиешілері оны 
жақсы түсінетіні туралы диалог жүргізіледі.
- Кеңейту. Оқытудың берілген кезеңінде тәрбиеші мектеп жасына дейінгі 
балаға меңгерілген дыбысты зерттеу және ассимиляциялау үшін логопедиялық 
ертегіні түсіндіреді. Сахнаға ертегінің сюжетіне сәйкес сызбалар, ойыншықтар 
ұсынылып, ертегі айтумен сүйемелденеді
[171,б. 106]. 
Сонымен бірге тәрбиеші бейнелі түрде фантастикалық баяндаушы 
кейіпкерге айналып, айналасында ертегі елінің аурасын қалыптастырады. 
Сондай-ақ сенімді болу үшін тәрбиешіге кем дегенде бір сиқырлы атрибуты 
пайдалану қажет мәселен қалпақ, мантия, ою-өрнек және т.б Мектепке дейінгі 
ұйым педагогінің ертегі терапиясының формалары мен әдістерінің ерекшелігін 
балалардың коммуникативтік дағдыны қалыптастыруында қолдану, демек біз 
педагогикалық процестің жоғарыда аталған компоненттерін қарастыру негізінде 
көрсете аламыз. Бұл процесс белгілі бір мақсатпен анықталған тәрбиеші мен 
балалардың жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формалары мен тәсілдері 


66 
арқылы жүзеге асырылады. Ертегі терапия әдісін көптеген психотерапевтикалық 
әдістер секілді жекелей де, топпен де жүргізуге болады. Ең алдымен, ертегі 
мәліметтерімен жұмыстың жалпы заңдылықтарын белгілеу керек (кесте 3). 
Кесте 3 – Ертегілермен жұмыс ұстанымдары 
Ұстанымдары 
Негізгі екпін 
Ертегі терапиясының міндеті 
Саналылық
Сюжет дамуындағы себеп-салдар 
байланысын
ұғыну, дамытушы 
жағдайларда әрбір кейіпкердің 
рөлін түсіну. 
Жалпы сұрақтар: не болып жатыр? 
Кім олай болғанын қалайды? Оған 
не үшін ол керке?
Бір оқиға екіншісін алып шығатын, 
бір 
қарағанда 
оның 
байқалмайтынын 
тәрбиешісінің 
көрсетуі.
Әрбір кейіпкердің тағайындалу 
және пайда болу заңдылықтарын, 
орнын түсініу маңызды.
Көптік
Бір оқиғаның бір емес бірнеше 
мағынаға ие екендігін түсіну.
Бір ертегілік жағдайды бірнеше 
жағын көрсету. 
Шынайылық пен 
байланыс 
Әрбір ертегі жағдаят бізге әлдебір 
өмірлік сабақ беретіндігін түсіну. 
Ертегілік сабақты, шынайы өмірде, 
қандай 
нақты 
жағдаяттардың 
қолдануға болатындығын анықтау. 
 
Аталған ұстанымдар негізінде ертегі терапиясы бойынша әрбір 
ұйымдастыру іс-әрекеті үдерісінде біз тапсырмалардың кең ауқымын шеше 
аламыз. Мысалы: ерікті деңгейді қайталау немесе топты біріктіру, өзара көмек 
және қолдау көрсету сезімін дамыту және тұлғаны түзету, эмоционалды мінез-
құлықтық әсерлесуді кеңейту және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет