Ақынова жібек мұхтарқызы



Pdf көрінісі
бет27/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
19042023 disser

бағытталған: 
- балалардың ертегі түрлері туралы білімдерін кеңейту
- мәтін мазмұнын қабылдау және түсіну, ертегілердің ерекшеліктерін 
анықтау, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау, сонымен 
қатар кейіпкерлердің ерекшеліктерін, шығарма тілін, оның композициясын 
(құрылысын) түсіну; 
- сөздік қорын және диалогтық сөйлеуді дамыту; 
- шығармашылық ойлауын дамыту, алгоритм бойынша үлгі негізінде өз 
бетінше ертегі құрастыру (кесте 5).
Кесте 5 – Дайындық кезеңіндегі ертегілерге негізделген ойындар 
Ойын түрінің атауы 
Ойындар тізімі 


Салыстыру ойындары 
«Не ортақ?» («Мақта қыз бен мысық» және «Қотыр торғай» 
ұқсас ертегілердің сюжетін салыстырады), «Әлемдегі ең 
сүйкімді кім» (Күлше қыз, Қар ертегілеріндегі сұлуларды 
анықтап, сипаттайды. Ұйқыдағы ханшайым және т.б.). 
Жалпылау ойындары 
«Жолға не қажет» (сиқырлы заттарды талдау кезінде балалар 
көмекші заттарды ойлап табады). 
Ертегі құрастыруға 
үйрету бағыттары
Дайындық 
жұмыстары
Балалардың өздігінен 
ертегі құрастыруы


72 
5 – кестенің жалғасы 


Модельдеу ойындар 
«Кімнің үйі қайда?» (жеке модель объектілерін схемалық 
бейнелеуге негізделген әртүрлі жағдайларды ойлап табу), 
«Кейіпкер қайда жасырылды?» (дерексіз фигуралардағы ертегі 
кейіпкерлерін тану. Мысалы, әртүрлі өлшемдегі үш шеңбер – 
үш аю, жеті бірдей үшбұрыш және бір үлкені – мысық пен 
күшік). 
Сөйлеуді 
дамытуға 
арналған ойындар 
«Кейіпкердің іс-әрекеті» (Ұсынылған ертегідегі кейіпкердің 
барлық іс-әрекетін (етістіктерін) тізіп айту. Мысалы, торғай, ол 
не істеді? «Қотыр торғай» ертегісінен) «Табу және сөзді 
түсіндір» (көнерген сөздердің мағынасын түсіндіру, ертегідегі 
эпитеттерді, метафораларды табу.
Ертегілердің 
жанрлық 
ерекшеліктерін анықтауға 
арналған ойындар 
«Ертегіні тап» (ертегі мен ертегі кейіпкерінің сәйкестігін, 
ертегіден үзіндіні және оның құрылымдық компонентінің 
атауын белгілейді). «Қандай ертегі екенін анықта» (ертегі 
мазмұны мен ертегілердің әртүрлі түрлерінің сәйкестігін 
анықтайды: күнделікті, сиқырлы, жануарлар туралы).
Жоғарыдағы кестеде дайындық кезеңінде балаларды ертегілер құрастыруға 
үйрету үшін таныс ертегілерге негізделген ойындар берілді. Ойын арқылы 
ертегіге ену балалардың бір-бірімен тез және дұрыс қарым-қатынас құруына 
көмектеседі. 
Екінші бағыт – ертегілерді өз бетінше құрастыру. Ертегілерді өз бетінше 
құрастырудың бірнеше технологиясы бар. Технологияларға жеке – жеке 
тоқталайық.
Дж.Родаридің қиял-ғажайып ертегілерін құрастыру технологиясы. Қиял-
ғажайып ертегілерді құрастырудың ерекше әдісін әйгілі жазушы Дж. Родари 
ұсынды. Ол үшін шығармашылық ертегіні құрастыру ұраны: «сөзді еркін 
меңгеру – бәріне!». «Қиял грамматикасы» атты кітабының негізгі идеясы 
Л.С.Выготскийдің [22,с. 480] ойы негізінде тұжырымдалған: «қиял – бұл 
бірнеше көрнекті тұлғалардың артықшылығы емес, ол әркімге берілген».
Жазушының пікірінше, ертегіні құрастырудың бастапқы бір сөз болуы мүмкін. 
Кез келген айтылған сөз адамда бірқатар ассоциацияларды тудырады. Ол 
ассоциациялық сөздерді таңдаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырды: 
- барлық сөздер бір әріптен басталады (балық-бақа, бала, балта); 
- бірінші сөзбен үндесетін сөздер (ешкі-кешкі, қайық-жайық); 
- бірінші буыннан басталатын сөздер (қасық-қатық, балық-бақа, қала) 
- қарама-қарсы сөздер (түйе-тышқан, қараңғы-жарық) 
Ассоциация арқылы кез-келген сөздер жиынтығы ертегі құрудың бастамасы 
немесе негізі бола алады. Автор сөзді тігінен жазып, әр әріпке сөздерді ойлап 
табуды ұсынады. Мысалы, «қалам» сөзіне «қайық», «асық», «лақ»,
«ай» 
«моншақ» сөздерін құрастыра алады.
Енді осы сөздерді қолдану арқылы, керемет 
оқиғаны, ертегіні құрастыруға болады. Белгілі бір әріптерден басталатын 
сөздерді таңдау бұл 4-5 жастағы балаларға жеңіл әрі қызықты тапсырма бола 
алады. 


73 
Фантастикалық гипотезалар техникасы екі сөз негізінде құрылады. Бірақ 
оны құрастыру үшін бастауыш және баяндауышты ойлап табу керек. Балаларға 
"Кім? Не? Не істейді? деген сұрақтар қою арқылы жауап алынады. Бұл сөздерді 
қиялға ерік беру арқылы байланыстырамыз. Мысалы: егер піл ұшып кетсе не 
болар еді? Егер балмұздақ ән айтса не болады? Мұндай тақырыптардағы 
балалардың құрастырған әңгімелері, ертегілері арқылы таныс заттар мен 
құбылыстардағы ерекше нәрселерді көруге мүмкіндік береді.
Осылайша, Джанни Родаридің әдістері дидактикалық ертегі құруда өте 
пайдалы деп айтуға болады. Ертегіні жеңіл әрі тез құруға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет