Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет49/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

6-жаттығу. Тексті оқып, мазмұнын айтыңыз да, қалауыңызша 
жалғастырыңыз. Бас әріптің қолданылу себебін түсіндіріңіз. 
БҰЛБҰЛ 
Халқы мәңгі сағынып өтетін бір өзі дәуір, заман құбылысына айналған 
тұлғалар болады. Соның бірі – көмейіне мың сан бұлбұл ұя салған әйгілі 
әншіміз Күләш (Гүлбахрам) Байсейіткеліні. Қазақ ән, опера, драма өнерінің 
тарихына көз салсаңыз, оның аса бір жарқын, ғажайып белесін Күләштің сан 
қырлы таланты, терең шығармашылығы құрайды.
Қазақ өнерін кеше де, бүгін де, ертең де осы бір тұлғасыз көзге елемтету 
мүмкін емес. 1926 жылы қазақтың тұңғыш ұлттықдрама театры құрылғанда 
оның беташары М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» - Еңлік, одан кейін алғаш 
музыкалық театр студиясы болып, кейіннен опера театрына айналған қара 
шаңырақта М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Айманды ойнады. Ол алғаш 
«Қыз Жібекпен» кездескенде 21 жаста еді. Алғаш Шығыс халықтары ішінен 24 
жасында КСРО халық артисті атағын алған да осы Күләш. Күләш дегенде 
алғашқы деген сөздің ауызға жиі алынуы да заңды. Өйткені ол ұлттық 
профессионалдық өнер көгінде туған дара жұлдыз, алғашқы тұңғыштардың бірі 
болып, кейінгі дарынды сіңлілеріне жарқын жол ашты. Айман, Қыз Жібек, 
Қадиша, Шұға, Ақжүніс, Баттерфляй, Маро, Ажар, Сара... 
Күләш марқұмның қазақ операсының сахнасына алтын шегелермен 
шегеленіп кеткен бейнелер осылар (Ғ.Мүсірепов). 
7-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. Бас әріппен жазылған 
сөздерді тауып, жазылу себебін түсіндіріңіз.
Құлан Алдыңғы және Орталық Азияның, Батыс Сібірдің, Орта Азия мен 
Қазақстанның шөл, шөлейтті далаларын мекендеген. Айға, Шолпанға, Марсқа 
автоматты космос аппараттары жөнелтілді. Ұлы Отан соғысының тарихында 
Москва, Ленинград, Волгоград, Киев, Минск, Одесса, Севастополь, 
Новороссийск, Керчь, Тула, Мурманск, Смоленск қалалары мен Брест 
қамалының аты алтынмен жазылған («Ол кім? Бұл не?» кітабынан). 
 
8-жаттығу
Төмендегі сөз тіркестерінің қайсысы бас әріппен 
жазылатынын анықтап, емлеге сай етіп жазыңыз. 


52 
Краснодар өлкесі, үлкен қарғалы, батыр, қобыланды, әз тәуке, сал біржан, 
сегіз сері, баян сұлу, ер тарғын, қарқаралы тауы, өркен газеті, ұлттық академия, 
тарихи музей, абай спектаклі, жоғарғы кеңес төрағасы, кіші саян таулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет