54
мақалалар мен тыныс белгілерінің мектеп оқушыларына,
жоғары оқу орны
студенттеріне арналған оқулықтарда баяндалады.
Ш.Сарыбаев 1938 жылы
«Ауыл мұғалімі» газетінде жарық көрген «Қазақ сөйлемінде үтірдің
жазылатын орындары» мақаласында оқушылар тыныс белгілерін дұрыс қоя
білмейді, оның себебі, қазақ тіліндегі интонациялық
қалыптың бір ізбен өріс
алып кете алмағандығынан деп көрсетеді. Автордың «Тыныс таңбалары» деген
мақаласында қаратпа сөздердің сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір арқылы
ажыратылатыны жөнінде дұрыс ереже беріледі. Тыныс белгілері жөнінде
С.Жиенбаетың шағын көлемді екі мақаласы бар. Оның екеуі де «Тыныс
белгілері» деп аталады. Х.Басымов «Сөйлемнің тыныс белгілерін
дұрыс жаза
білейік» деген мақаласында көп нүкте, нүкте, сұрау, леп белгілерінің
қойылатын орындарына түсінік беріледі. М.Балақаевтың 1941 жылы «Екпінді»
газетінде жарық көрген «Сауатты жазудың негізгі шарты – тыныс белгілерін
дұрыс қоя білу» деген мақаласында тыныс
белгілерін дұрыс қою дауыс
ырғағына байланысты делінеді.
1940 жылы жарық көрген С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтың «Қазақ тілі
грамматикасы (синтаксис)» оқулығында әр тыныс белгісіне арнаулы ережелер
берілмеді. 1951 ж. С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаевтың «Қазақ тілі
грамматикасы ІІ бөлім, синтаксис» оқулығында тыныс белгілеріне қатысты
біраз жаңа ережелер қосылған. Мысалы, кейбір
басқы әріптен қысқарған
сөздердің әрбірінен соң нүкте қойылады; пьесаларда әрбір кейіпкердің сөзінің
алдынан оның аты-жөні жазылады да, соңынан нүкте қойылады.
С.Жиенбаевтың «Сөйлемнің тыныс белгілері», А.Ысқақов пен Ә.Хасеновтың
«Тыныс белгілері», Р.Сыздықова мен Қ.Неталиеваның «Тыныс белгілері.»,
Ф.Мұсабекованың «Жай сөйлемнің пунктуациясының негіздері», «Қазіргі
қазақ тілінің пунктуациясы» еңбектерінде қазақ тілінің пунктуациясы
мәселелері жан-жақты талданды.
Достарыңызбен бөлісу: