Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет54/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескерту. Ғой, шығар, болар сөздері арқылы жасалған сөйлемдер сұраулы да, хабарлы 
да болуы мүмкін. Сондықтан тыныс белгісі олардың қандай сөйлем екеніне қарай қойылады: 
– Қарағым Қамқа, бүгін күн жұма ғой? – Қарағым Қамқа, бүгін күн жұма ғой. Пойыз бүгін 
кешікпей келетін болар? – Пойыз бүгін кешікпей келетін болар. Мұндай сөйлемдердің 
сұраулы не хабарлы екендігі жалпы контекске қарай және интонацияға қарай ажыратылады. 
Кейде, көбінесе диалогтерде, сұраулы сөйлем контекске қарай таза интонациямен жасалады, 


56 
бірақ бұл өте сирек кездеседі: – Бер деймін саған! – деді урядник, оппа қарға сүріне-қабына 
Амантайға жақындап. – Себеп? – деді Амантай, урядникке тізгінді бермей (С.Мұқанов). Сіз, 
Пелагея Ниловна, саудагер Корсуновамен таныссыз ғой? – деді. – Таныспын. Я? 
(М.Горький).
Құрмаласқан жай сөйлемдердің соңғысы сұраулы болса, сөйлем соңына 
сұрау белгісі қойылды. Мысалы: (1) Мен қазір кітап оқимын, (2) сіз ше? (1) 
Біреу есік қаққандай болды, (2) естисіз бе?
 Құрмаласқан жай сөйлемдердің алғашқылары сұраулы сөйлем болса, 
олардан кейін де, сөйлемнің ең соңына да сұрау белгісі қойылмайды, тұтас 
сөйлемнің типіне қарай не нүкте, не леп белгісі қойылады. Мұндайда сөйлем 
көбінесе хабарлы болады да, нүкте қойылады: Бүгін қойды кеш сауып болған 
ба, немене, ымырт жабылып қалыпты (М.Әуезов). Қорыққаның көріп 
үрейлендіре түскісі келді ме, болмаса шын тістеуге ниет етті ме – қаз қанатын 
жазып жіберіп, жүгіре ұшып Ботагөзге жетуге айналды (С.Мұқанов). Тура 
келем бе, жоқ па – оны біліп боларлық емес (С.Мұқанов).
 Бірыңғай жеке сөздер не сөз тіркестері ерекше сұрау интонациясымен баса 
айтылса, олардың әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылады, сұрау белгісінен 
кейінгі сөз бас әріппен жазылады: Адам пішіні әрдайым бұған (Абайға) бір 
тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Ол кей адамнын айғыз-айғыз 
әжімінен, салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан, бояуы оңған 
көздерінен, алуан сақал-мұртынан өзінше неше түрлі жанды-жансыз дүние 
сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан сызаты көп тас па ? Я селдір тоғай 
ма? Не көде, көкпек пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кетіп 
отыратын адам мүсіндері болады (М.Әуезов). Жел ме? Аттың жал-құйрығы ма? 
Жылан ба? Әйтеуір бірдемелер айнала ысылдайды (С.Мұқанов). Сұраулық 
мағынасы бар бірыңғай сөз тіркестері ерекше интонациямен айтылмаса, 
араларына үтір ғана қойылады: Желдің суылы ма, оқтың зуылы ма – құлағымды 
жанай әлдене ысқырып өтіп жатады (С.Мұқанов).
 Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементгері (ма, ме, ба, бе, па, пе 
шылаулары) бар, сәлемдескенде айтылатын сөйлемдерден кейін сұрау белгісі 
қойылмай, леп белгісі қойылады. Олар тікелей жауап қайтаруды тілемейді, сол 
сияқты сөздермен қайыра сәлемдесуді ғана қажет етеді. Мысалы: Сау ма, князь! 
Жаным, неге Тұрсың ұқсап бұлтты күнге? (А.С.Пушкин). Армысыз, ардақты 
ата! (Ғ.Мүсірепов). Есенсіз бе! – деді Асқар Айбалаға кеп, кім екенін танымай. 
(С.Мұқанов) Ал жауап қайыруды тілейтін, таза сұраулық мәні бар, бірақ 
амандасқанда айтылатын толық сөйлемдерден кейін сұрау белгісі қойылады.
– Е, Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз түгел аман ба? 
– Шүкір Аллаға, аман. Өз үй ішіңіз де есен бе түгел? 
– Тегіс есен. 
– Өзіңіздің жүрген жерлеріңіз де, аманшылықта ма екен? 
– Шүкір, Жұмеке, шүкір. Көпей бәйбішенің дені-қарны сау ма? 
– Сау... (Ғ.Мүсірепов)
Бір нәрсені істеуді біреуден сұрауды, өтінуді білдіретін сөйлемдер сұраулы 
сөйлем болмайды. Олардан кейін көбінесе нүкте, кейде леп белгісі қойылады: 
Есікті жауып жіберші. (Есікті жауып жібердің бе? дегенмен салыстыр). 


57 
Кітабыңды маған бере тұршы (Кітабыңды маған бере тұрасың ба? дегенмен 
салыстыр).
– Асқар үйдемісің? – деді Кенжетай сырттан.
– Үйдемін.
– Шығып кетші.
– Қазір (С.Мұқанов).
«Шықшы іркілмей, бұқпашы баяу. Мені де еліктір, өзің де желпінші! 
Мынау нәзік назды қара көздің астына іркіліп, қорғалап тұрған көкшіл қоңыр 
сәулелі көлеңке сияқты қорғалақ асыл өнеріңді ашшы!»– дейді. (М.Әуезов).
Сөйлем ішінде ма (ме, ба, бе, па, пе) және соған жалғас деп (деген) 
сөздерімен келген сұрау мағыналы тіркестерден (күрделі пысықтауыштан) 
кейін сұрау белгісі қойылмайды, сөйлемнің соңына тұтас сол сөйлемге тиісті 
тыныс белгісі қойылады: Абай Оспанды мерт бола ма деп қорықты (М.Әуезов). 
Бүркітбаи екеуміздің оқамыз жок, сіз барған соң ұялып қала ма деп ойлап ем. 
(С.Мұқанов). 
Лепті сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады: Маңайда егіннен ине 
шаншар жер жоқ екен-ау! (С.Мұқанов). Арыстаным келеді – астында қалма! 
Жолбарысым келеді – жолында тұрма! Қыраным келеді – көзіне түспе! 
(Ғ.Мүсірепов). – Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен 
болсайшы, Абай! (М. Әуезов).
Бұйыру, өтіну мәнінде айтылып, баяндауышы II, III жақ бұйрық раймен 
жасалған сөйлемдердің соңынан автордың қолдануына қарай не леп белгісі, не 
нүкте қойылады. Ондай сөйлемдер ерекше бір көңіл күйіне байланысты 
көтеріңкі дауыспен айтылса, лепті болады: Құнанбай таң атар-атпастан бұйрық 
беріп:
– Малтықпай тез көшсін! Шұбалмасын! Қатар қозғалсын! Қауырт 
жөнелсін! – деп, қысқа-қысқа әмірді ауыл басы сайын кісі шаптырып айтқызып 
жатқан (М.Әуезов). Абай айыптап, кінәлағандай боп, ақырып жауап берді: 
– Ақырмаңыз! Тоқтатыңыз қазір мынау бассыздықты! (М.Әуезов). 
Бұйрық, тілек мәнді сөйлем екпінсіз айтылса, нүкте қойылады: – Сендер үйге 
бара беріңдер. Ол да үйге тез келсін. 
Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері бар, бірақ ерекше бір 
сезіммен (сүйсіну, таңдану, мақтан ету, тіксіну т.б.) айтылған сөйлемдерден соң 
леп белгісі қойылады: Жамбылдың аты ақын ба, Жылғадай жыры ақпаса! 
(Жамбыл)
Бірақ «жанды» аталатын Есілдің суында тек аяғың мен қолыңды 
қимылдата білсең болғаны. Көтеріп ала жөнеледі! Тәттілігі қандай сол судың! 
Салқындығы қандай! Мөлдірлігі қандай! (С.Мұқанов). Электрге, одан атомға 
жетсе қайтер еді! – деді Жомарт (Ғ.Мұстафин). 
Ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден кейін әрдайым леп белгісі қойылады: Біз 
қазақ ежелден еркіндік аңсаған! Қазақстан Республикасы ғылымын жетілдіре 
түсіңдер!
Айтып отырған ой желісі түрлі себептермен (қысылып сөйлей 
алмаушылық, логикалық ойдың бөлінуі, сөйлеушінің ойын аяқтатпай, бөліп 
жіберу т.б. сияқты) үзіліп қалған жағдайда, аяқталған не аяқталмаған 
сөйлемнен кейін көп нүкте (үш нүкте) қойылады: Жоқ, ешкім де ұрған жоқ, 


58 
кейін айтам... Апа, төсек салып берші, жатқызшы! (М.Әуезов). – Он жетіге 
шықты ғой, – деді шешем. – Петруша біздің Настасья Герасимовна бәйбішенің 
беті қисайып кеткен жылы туған, одан соң әлгі... – Жарайды, – деді әкей 
шешемнің сөзін түгел айтқызбай, – мұны әскер қызметіне жіберуіміз керек 
(А.С.Пушкин). Жиренше атты байлай сала топқа қарай жүгіргенде, Абай көзін 
басып отыра кетті... Бітті, өлді... (М.Әуезов).
Алынған цитаттың (дәйексөздің) ара-арасына сөйлем не сөздер қалдырған 
жағдайда, сол жерге көп нүкте қойылады: Ф.Энгельс тайпа мен оның диалектісі 
жайында: «...тайпаның өзіне ғана тән ерекше диалектісі болады. Шындығында, 
тайпа мен оның диалектісі бір жерден шығып отырады» десе, тайпаның бөліну 
процесін «бөліну арқылы жаңа тайпалар мен жаңа тілдердің жасалуы» деп 
сипаттайды (К.Аханов). Дәйексөзге алынған сөйлем не бірыңғай ой желісі 
аяқталмай қалса, дәйексөздің соңына көп нүкте қойылады. Өнер 
тудырушылардың ең негізгі қасиетін Л.Н.Толстой оның реализмінде деп білді. 
«Өзіңіз суреттеп отырған адамдардың өмірімен өмір сүріңіз, – деп жазды 
Толстой, – әр образда оның ішкі түйсінулерін суреттеңіз; сонда олардың өздері 
өз мінездеріне лайық қимыл-әрекеттерді өздері жасайды...» (З.Қабдолов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет