67
аңғарын күңірентіп жіберді. Ух құлыным жал-ғы-зым, м...м... шырағым м...м...
Керемет-ай ажалың құстан болды-ау. Құдай-ау одан да мені неге алмадың...
(Д.Қ). 2. А-а-а-а-ау
Термемен сөзді бастайын, Жас жігіттер алдында...
(Жамбыл). 3. Ассаламағалейкум, Абай аға! Уағалейкумүссәлем! Е жігіт, неғып
суыт келесің? (М.Ә). 4. Пай пай шіркін шіркін Алатау, Шандоз едің неткен
сен! (Ә.С). 5. Қап екі жеп кеттіңіз-ау, ақсақал. –
Епе-пе Шалды оп-оңай ұта
қоймақ екенсің ғой (М.И.) 6. Иә Не иесі бар? (С.К). 7. Апырай – Түк
опырайы жоқ... (С.М.) 8. Уай қайдасыңда түге бар болғырлар! (А.Ш.) 9 Ой ұл
өзіңдей болып өссін! Ой, мың жаса! Ой ұл өзіңдей болып тусын! (Ғ.Мүс) 10.
Әп-бәрекелде Кегенің жақсы болды ғой (С.О.).
8-тақырып. Айқындауыш және бірыңғай мүшелердің, жалпылауыш
сөздердің тыныс белгілері
Жоспары:
1 Айқындауыш мүшелердің тыныс белгілері.
2
Бірыңғай мүшелердің, жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері
Айқындауыш мүшелердің тыныс белгілері. Оңашаланған айқындауыш
мүшелер сөйлемнің басқа мүшелерінен көбінесе үтірмен бөлінеді. Мысалы:
Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде,
қалаға оқуға кеткенде, дәл осы
қоныстан, Есенбайдан, кеткен болатын. Ұлжан енесіне бағана,
Абай ұйықтап
жатқанда, бар жайды айтқан (М.Әуезов). Өз ішінде үтірлері бар жайылма
оңашаланған айқындауыш мүшелер екі жағынан сызықша алынып жазылады.
Оңашаланған мүше үтірмен бөлінгенде, бірыңғай мүшеге ұқсап кететін жерде
де сызықша қоюға болады: Біз – Мұстафаның екі кіші баласы Ғаббас пен
Шәкен, мен үшеуміз – үйден шықтық (С.Мұқанов). Біраз жүрген соң Асан –
күндіз көп жүріп, шаршаған бала – ұйықтап қалды (Ы.Алтынсарин). Ұлы орыс
халқының бай мәдени мұрасының бір саласы – оның тамаша мақалдары,
мәтелдері – қазақ халқына
аудармалар арқылы таныс болып, халық игілігіне
айналып келеді (“Қазақ әдебиеті”).
Оңашаланған айқындауыш мүше болатындар: а) Өзінен бұрынғы сөздің
мәнін айқындап, дәлдеп беретін және сонымен
септік жалғаулары жағынан
тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі: Осы үйдің ер жетіп қалған екі баласын,
Нұржан мен Нұрланды, жұрт көп мақтайды. Тобықты ішіне ең алғаш келген
арба осы Зеренің,
Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады
(М.Әуезов). ә) Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда,
“әсіресе” деген мағынадағы көбінесе, оның ішінде,
тіпті деген сөздермен
басталатын тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлдеп тұрса
оңашаланған мүше болады. Жоғарыдағы сөздердің өздері жеке үтірмен
бөлінбейді. Үтір тұтас тіркестің екі жағынан қойылады: Ылғалды жерлерде,
көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі. Реакцияға түскен
заттардың
салмағы реакция нәтижесінде шығатын заттардың салмағына әрдайым тең
68
болады; бұл заңды заттар сақталу заңы, немесе Ломоносов заңы, деп атайды.
Әңгімемізді шығармашылықтың бір түрі, мысалы музыка, туралы бастайық.
Достарыңызбен бөлісу: