Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет55/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескерту. Сөйлем ішіне оның бір мүшесі ретіңде кіргізілген дәйексөзге (олар толық 
алынбаса да) көп нүкте қойылмайды: Қазірде де кейбір талантты жазушылар қаламынан 
шыққан “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерліктей” сөз түйдектерін кездестіруге болады 
(К.Аханов).
Көп нүкте қойылуға тиісті сөйлем лепті не сұраулы болып келсе, әуелі леп 
белгісі (сондай-ақ сұрау белгісі), одан кейін қатарынан екі нүкте қойылады: Ой, 
тәйір алғыр!.. Бұл кім өзі? – деп ашумен сырт айнала беріп Абайды көрді де: – 
Ой, Абай, сенбісің?.. Ай, шырағым-ай, бір тыныш жерде отырсаң етті!.. – деді 
(М.Әуезов). Кейде көп нүкте қойылуға тиісті сөйлем әрі лепті, әрі сұраулы 
болып келсе, әуелі мағынасына қарай не леп, не сұрау белгілері, олардан соң 
бір нүкте қойылады: Ән салған жылқышының дауыстары да кейде шырқала
кейде баяулай естіліп жатады... Ол да маған таныс түндер... Көл ше?!. Алуа 
ше?! (С.Мұқанов).
 Лептік те, сұраулық та мәні бар сөйлемдерден кейін екі белгі қабат 
қойылады. Сұраулық мәні басым болса, әуелі сұрау белгісі және керісінше 
қойылады: Кешіре көр, тақсыр балық, Не кылмақсың бұл ессізге?! 
(А.С.Пушкин). Отаным, еркелегем өзге кімге? Өзіңмен нені болсын көргем 
бірге! Қалайша қабырғама батпас менің Басыңа қатер бұлты төнген күнде!? 
(Ғ.Орманов). 
Бақылау сұрақтары: 
1 Пунктуация ғылымы дегеніміз не? 
2 Пунктуация қандай салалармен байланысты? 
3 Нүкте қандай сөйлемдерден кейін қойылады? 
4 Нүкте қоюда сөйлем түрінің қатысы бар ма? 
5 Сұрау белгісі қандай жағдайда қойылады? 
6 Леп белгісі қандай жағдайда қойылады? 
 


59 
1-жаттығу. Мәтіндегі әр сөйлемнің соңынан қойылған тыныс белгілердің 
қойылу жолдарын түсіндіріңіз. 
1. Жұрт дабырлап әңгіме қыза берген кезде, ауылдың сырт жағындағы 
белестің басына біреу шоқытып шыға келді, жұрт тіксіне қарады..
- Бұл кім... 
- Базарбай ғой... 
- Бұл қайдан келеді... 
- Хабар білемін деп Тәкең аулына кеткен, содан келе жатқан шығар... 
- Шақыр, мұнда келсін... 
- Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның 
атын атап айқайлады... Базарбай атының басын бұрғанша, жас балалар анталап 
қарсы барып та жетті... 
- Уа, не хабар... 
- Тінекең аулына бардым, тыныштық... Шалдары болыстың аулына 
кетіпті... Жастары жиын, бір-бір атын жаратып мініп алыпты... Бүгін 
ауылнайдікіне барып, жанын қысып отырып іспескені алған білем... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет