Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет67/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескерту. Құрмаласқа енген жай сөйлемдерді байланыстырып тұрған да шылауынан 
кейін де үтір қойылады. Мысалы: Бұл жерлерге келгенде, Биденко мен Горбунов ескі тамның 
түбіне бой тасалап отыра қалады да, Ваня ілгері барып жер шолып келеді (В.Катаев). 
Бір мағынаны беретін, бірақ екеуі де ашық райда айтылатын күрделі 
етістіктің арасында келген да шылауынан кейін үтір қойылмайды. Ол етістіктер 
бірыңғай мүшелер болып табылмайды: олардың соңғысы өз алдына лексикалық 
мағынасы жоқ көмекші етістік болады да, алғашқысын көсемше тұлғасына 
салып айтуға келеді. Мысалы: Сол кезде сен егеуді ал да жөнел. – Сен сол кезде 
егеуді ала жөнел. Жат та қой, бар болғаны сол. – Жатып ал, бар болғаны сол. 
Шал шанасынан секіріп түсіп, жүгіре басып, жаяу жүрді де отырды. – Шал 
шанасынан секіріп түсіп, жүгіре басып жаяу жүріп отырды. Мың жылқым қатар 
тұрып су ішетін суат ойылды да қалды. – Мың жылқым қатар тұрып су ішетін 
суат ойыла қалды (барлық сөйлемдер «Ертегіден». Дауыл көтерілді де, төңірек 
ұйытқыған қалың қар болды да кетті (С.Мұқанов). – Дауыл көтерілді де, 
төңірек ұйытқыған қалың қар болып кетті.
Да жалғаулығы әр бірыңғай мүшеден кейін қайталап келсе, үтір қойылады: 
Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да (Абай). Жер де, көк те тұптұнық, қап-
қара (С.Мұқанов). Бала қыран алғыр да келеді, албырт та келеді (Ғ.Мүсірепов). 
Не, немесе, я, яки, әрі, әлде жалғаулықтары әр бірыңғай мүшенің алдынан 
қайталап келгенде, бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады. Мысалы: 
Теріскейден соққан желдің екпіні әрі күшті, әрі суық (С.Мұқанов). Я 
алшымнан, я тәйкемнен түсетін күннің есігі бүгін ашылғандай (Ғ.Мүсірепов). 
Айтып тұрғаның әлде шын, әлде өтірік. Ендеше әрі сұлу, әрі ірі, әрі жорға 
бурыл атты мініп жүру қандай тамаша! (С. Мұқанов). § 87. Не, немесе, я, яки, 
әрі, әлде жалғаулықтары қайталанбай, екі бірыңғай мүшенің арасында тұрса
үтір қойылмайды. Мысалы: Есін жиғанын не оянғанын Асқардың өзі де 
білмейді (С.Мұқанов). Бұл жердің топырағы – құнарлы әрі қара топырақ. Бүгін 
біз киноға немесе театрға барамыз. Ол жолдасының сөзін қорқынышпен әрі 
құмарланып тыңдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет