71
болашақтағы шаруасын білетін адам боп көрінеді (С.Мұқанов). Ырғақ – ой мен
сезімнің, жан мен тәннің қосылып салар әні (Ғ. Мүсірепов).
Да шылауы қайталамай,
екі бірыңғай сын есім, үстеулерден болған
мүшенің арасында келсе, үтір қойылмайды. Мысалы: Тәжік – қатал да тағы
табиғаттың бермесін еңбегімен еріксіз алып өскен ел. Дененің бар қозғалысы
белгілі
бір еңбек ырғағын тауып, тез де өнімді қимылдайды (Ғ.Мүсірепов).
Қызғанышқа жеңгізген жас жүрек кінәшыл да әділетсіз (М.Әуезов). Даусы ащы
да қатал, зілді де кекті шығады (Ғ.Мүсірепов). § 83. Да шылауы етістіктен
болған екі бірыңғай баяндауыштың арасында қайталамай келсе, да-дан кейін
үтір қойылады. Мысалы: Таныды да, таң болды. Жабыларсың, таларсың да,
жерсің! Бұның балдызына үйленген жандарал төрені сүйетін де, сүйейтін
(М.Әуезов). Сайра да, зарла, қызыл тіл (Абай).
Достарыңызбен бөлісу: