Алаш қозғалысы


Қазақстанның мәдени мұра бағдарламасы



бет21/26
Дата27.09.2022
өлшемі153.2 Kb.
#461493
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
қазақ тілі реферат

Қазақстанның мәдени мұра бағдарламасы — Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді.Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін «Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді:

  1. ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;

  2. археологиялық зерттеулер;

  3. қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;

Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
2.1. Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман – Ата Шопан – Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М.Мендіқұлов Қараман – Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман – Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді.
Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар - шель-ашель құралдары мен оларды дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.
Кейінгі палеолит кезеңінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағының табиғат жағдайы құбылмалы болды. Мұз қабатының еруі мен Кавказ жотасының солтүстік сілемдерінің жаңадан тектоникалық түзілуі Каспий маңы деңгейін жоғарылатты, сөйтіп бүкіл бүкіл Каспий маңы ойпатын тегіс су басты (“Қазақ ССР тарихы”, 1 –том, Алматы, 1980,81 – бет). Осындай елеулі жергілікті өзгерістер климаттың құрғап, шөлейттеуіне әкелді. Ірі – ірі шөп қоректі жануарлар қырылды. Ең соңғы мамонттардың бірі Жайық өзенінің сол жағында бұдан шамамен 8000 жыл бұрын жойылған
Қазақтың ертедегі қару-жарақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет